Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 10 маусымдағы
№ 591 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібінде:
23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Жол органдарынан инженерлік коммуникацияларды төсеуге рұқсат алу үшін осы жұмыстарды жүргізетін ұйым:
1) осы Тәртіпке 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтінішті;
2) белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау құжаттамасын;
3) жол белгілері мен қоршауларды және жұмыс жүргізілетін орындардың схемасын;
4) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесін;
5) инженерлік коммуникацияларды төсеу жұмыстарын жүргізетін ұйымның өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжатты ұсынады.»;
23-1 және 23-2-тармақтар алынып тасталсын;
23-3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Тәртіпке 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтінішті;»;
2) тармақша алынып тасталсын;
5) тармақшадағы «схемасын ұсынады.» деген сөздер «схемасын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) автомобиль жолдарын пайдаланушылардың өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжатты ұсынады.»;
23-4-тармақ алынып тасталсын;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Тәртіпке 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібінде:
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат алу үшін объектілердің иелері жол органдарына немесе жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары иелігіне қарайтын жергілікті атқарушы органдарға осы Тәртіпке қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке түстік шешімі мен мөлшері бар объектінің эскизі, сондай-ақ объектілер иелерінің өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі.»;
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген Тәртіпке қосымшамен толықтырылсын.
2. «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 69-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесінде:
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
9. Елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға ниеті бар тұлға жергілікті атқарушы органға осы Ережеге 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш жібереді.»;
10-тармақтың 2) тармақшасындағы «шешім қоса беріледі.» деген сөздер «шешім;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға ниеті бар тұлғаның өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі.»;
қосымшада:
оң жақ жоғары бұрышындағы «Қосымша» деген сөз «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ережесіне 1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілген Ережеге 2-қосымшамен толықтырылсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2013 № 991 қаулысымен.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.02.2014 N 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 10 маусымдағы
№ 591 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағында автомобиль жолдарын
пайдаланудың тәртібіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі
Автомобиль жолдары комитетінің
_____________ облыстық департаменті
_____________________________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
_____________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не
_____________________________________________________
заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
_____________________________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері
_____________________________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
ӨТІНІШ
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының
арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай
құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және темір жолдармен
және басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен
қиылысуына техникалық шартты беруіңізді сұраймын.
Мен жолдар мен жол құрылыстарын қалпына келтіру бойынша
жұмыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге міндеттенемін.
Егер жұмыстар елді мекендердің шегінде көзделетін болса:
Құжат – _______________________________________________________
(күні) (рұқсатты берген органның атауы)
берілген жергілікті атқарушы органдардың № _______ рұқсаты.
Күні _______ Алушы _____________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
_____________________________________________
заңды тұлғаның не
_____________________________________________
уәкілетті тұлғаның атауы, қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 10 маусымдағы
№ 591 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағында автомобиль жолдарын
пайдаланудың тәртібіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі
Автомобиль жолдары комитетінің
_____________ облыстық департаменті
_____________________________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
_____________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не
_____________________________________________________
заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
_____________________________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері
_____________________________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
ӨТІНІШ
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан
шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар
орнатуға техникалық шартты беруді сұраймын.
Автомобиль жолының титулы (атауы) ____________________________,
Жүргізілетін жұмыс түрі ______________________________________,
Мекенжайы ____________________________________________________.
Күні _______ Алушы _____________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
_____________________________________________
заңды тұлғаның не
_____________________________________________
уәкілетті тұлғаның атауы, қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 10 маусымдағы
№ 591 қаулысына
3-қосымша
Жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының жолақ
бөлігінде сыртқы (көрнекі)
жарнаманы орналастыру тәртібіне
қосымша
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі
Автомобиль жолдары комитетінің
_____________ облыстық департаменті
_____________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі)
_____________________________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
_____________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., байланыс телефоны, мекенжайы
_____________________________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
_____________________________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері,
_____________________________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
ӨТІНІШ
Халықаралық және республикалық/облыстық және аудандық маңызы
бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде
сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға паспорт беруіңізді сұраймын.
Күні _______ Алушы _____________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
_____________________________________________
заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның
_____________________________________________
атауы, қолы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 10 маусымдағы
№ 591 қаулысына
4-қосымша
Елді мекендерде сыртқы
(көрнекі) жарнама объектілерін
орналастыру ережесіне
2-қосымша
_____________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі)
_____________________________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
_____________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., байланыс телефоны, мекенжайы
_____________________________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
_____________________________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері,
_____________________________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
ӨТІНІШ
Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін
орналастыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің түрі ___________________;
Жарнама объектісінің ұзындығы ________________________________;
Жарнама объектісінің ені _____________________________________;
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру көзделген
мекенжайы __________________________________________________________;
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі орналастырылатын жерді
таңдаудың негіздемесі _______________________________________________
_____________________________________________________________________
Меншік құқығындағы немесе бір жылдан астам жалдаудағы жер
учаскелері немесе объектілері үшін:
Кадастрлық нөмірі _____________________________________________
Бір жылдан кем жалдаудағы жер учаскелері немесе объектілері
үшін:
Жалға алу шартының нөмірі _____________________________________
Күні _______ Алушы _____________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
_____________________________________________
заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның
_____________________________________________
атауы, қолы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 10 маусымдағы
№ 591 қаулысына
5-қосымша
Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.02.2014 N 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 10 маусымдағы
№ 591 қаулысына
6-қосымша
Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.02.2014 N 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 10 маусымдағы
№ 591 қаулысына
7-қосымша
Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.02.2014 N 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 10 маусымдағы
№ 591 қаулысына
8-қосымша
Ескерту. 8-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.02.2014 N 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).