Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 630 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Комиссияның жұмыс органы болып табылады»;
2) көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 22 мамырдағы
№ 511 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 630 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын
әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы
Сағынтаев |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төраға |
Нокин |
- |
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Дембай |
- |
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің директоры, хатшы |
Ақпомбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
Егемберді |
- |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Нысанбаев |
- |
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Жақсалиев |
- |
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі |
Қасымбек |
- |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы |
Құсайынов |
- |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Қырықбаев |
- |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Смайылов |
- |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі |
Толыбаев |
- |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Толымбаев |
- |
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі |
Төкежанов |
- |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Тұрғымбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Ашуев |
- |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары |
Омаров |
- |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары |