Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 508 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 21 мамырдағы
№ 508 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Бөлiнбейтiн iрi көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 3, 24-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесiнде:
      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсат алу үшін отандық тасымалдаушы:
      1) Халыққа қызмет көрсету орталығына;
      2) www.elicense.kz «Е-Лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді.
      Шетелдік тасымалдаушы уәкілетті органға осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді.»;
      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралын өткізудің теріс көрсеткіштері болмаса, онда келісуші ұйым отандық тасымалдаушының өтiнiшінде портал арқылы, ал шетелдік тасымалдаушының өтiнiшінде мөрмен куәландыра отырып, жазбаша түрде өз шешiмiн растайды.
      15. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша ipi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуі мүмкін болмаса немесе егер оны жүзеге асыру үшін жол жамылғысын немесе жол құрылыстарын нығайту бойынша қосымша шаралар жүргізу талап етілетін болса, келiсушi ұйым бұл туралы уәкілетті органды:
      1) отандық тасымалдаушы үшін – жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында;
      2) шетелдік тасымалдаушы үшін – ол туралы уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етедi және жүрудiң басқа бағытын ұсынады немесе тасымалдау жүзеге асырылғанға дейiн күшейту жұмыстарының қажеттi кешенiн орындайды.»;
      17-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Ереженің 13-тармағында көрcетілген мерзімде келісуші ұйым уәкілетті орган жолдаған тасымалдаушының өтінішін келіседі немесе дәлелді бас тартуды:
      1) отандық тасымалдаушы үшін – жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында;
      2) шетелдік тасымалдаушы үшін – жазбаша түрде береді.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Егер өтініште ақпарат толық болмаса және (немесе) жүктің бөлінбейтіндігі құжаттамалық тұрғыдан жеткіліксіз негізделсе, уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
      1) отандық тасымалдаушыны – жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында;
      2) шетелдік тасымалдаушыны – жазбаша түрде өтінішті қабылдамау туралы хабардар етеді.»;
      21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «21. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiне Арнайы рұқсатты алуға өтiнiш:
      1) автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн жұмысқа тартылған;
      2) бұрын алынған Арнайы рұқсатта көрсетілген автокөлік құралының техникалық сипаттамалары және салмақтық-көлемдік параметрлері сәйкес болған кезде, көлік құралын ауыстырған (сынған жағдайларда) және жаңа Арнайы рұқсатты ресімдеу қажет болған;
      3) Арнайы рұқсатты алғаннан кейін жүк жөнелтуші не жүк алушы тасымалдау бағытын өзгерткен және жаңа Арнайы рұқсатты осы Ережеде белгiленген тәртiппен ресiмдеу қажет болған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде қаралады.»;
      24-тармақ алынып тасталсын;
      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Арнайы рұқсатты уәкілетті орган толтырады және мөрмен куәландырады және барлығы келісілгеннен және ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін тасымалдаушы алым сомасын төлегеннен кейін бір жұмыс күні ішінде беріледі.
      29. Ілесіп жүру автомобилінің болуы қажет болған кезде oсы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті орган жол полициясына Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыт бойынша iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына ілесіп жүру қажеттілігі туралы тиісті хабарламаны жолдайды.
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті халықаралық және өңіраралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
      Облыстың, қаланың немесе ауданның жол полициясы жергілікті тасымалдауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы уәкілетті органды хабардар етеді.»;
      50-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «50. Егер тасымалдау процесiнде қозғалыс бағытын өзгертудi талап ететiн мән-жайлар туындаса, тасымалдаушы қозғалысын тоқтатуы және осы Ережеде белгiленген тәртiппен жаңа бағыт бойынша жүруге рұқсат алу үшін:
      1) отандық тасымалдаушы – Халыққа қызмет көрсету орталығына не портал арқылы;
      2) шетелдік тасымалдаушы – аумағында тасымалдау тоқтатылған уәкiлетті органға жүгiнуі тиіс.»;
      65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «65. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруiн бақылауды уәкiлетті орган өзiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзыретi шегiнде автокөлiк құралдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктік бақылау бекеттерінде, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы жүзеге асырады.
      66. Автокөлiк құралының көлемдiк өлшемдерiнің нақты мәндерiн айқындау өлшеу сызғыштарының немесе арнайы сызықтық өлшеу аспабының көмегiмен, ал толық салмақ пен біліктік жүктемелер – стационарлық немесе жылжымалы үлгiдегi автомобиль таразыларының, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының көмегiмен жүргiзiледi.»;
      көрсетілген Ережеге 3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. «Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 708-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасында:
      3-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағида меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мынадай автокөлік құралдарына иелік ететін жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – отандық тасымалдаушылар) қолданылады:»;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жылдық өтінімдерді отандық тасымалдаушылар халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе www.elicense.kz «Е-Лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы береді.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Жыл сайын 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан жылдық өтінімдерді қабылдайды.
      Жылдық өтінімде:
      1) отандық тасымалдаушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі және атауы;
      2) тасымалдың түрі;
      3) елдер және тоқсан бойынша, болжамды жол жүру уақыты мен жылжымалы құрам бойынша бөле отырып, тасымалдардың түрлері бөлінісінде шетелдік рұқсаттарды ықтимал пайдаланудың саны қамтылады.
      Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жылдық өтінім себептерін көрсете отырып, өтінім берілген күнінен бастап екі күн ішінде қайтарылуға жатады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Отандық тасымалдаушы қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарға жылдық өтінімдерді берген кезде маршрутта пайдалануға жататын жылжымалы құрамның түрі (класы) және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері туралы мәліметтерді жібереді, сондай-ақ электрондық түрде мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі;
      2) көрсетілген көлік құралдары жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында іске тартылмауы туралы мәлімделген автобустар мен шағын автобустардың тіркелген облыстың жергілікті атқарушы органдарының жазбаша растауы;
      3) маршрут бойынша автобустардың, шағын автобустардың жөнелту, келу және тұру орындары мен уақыттарын, сондай-ақ уәкілетті органмен келісілген барлық аялдама пункттері мен мемлекеттердің шекаралары арқылы өткізу пункттері бойынша арақашықтықтар көрсетілген қозғалыс кестелері;
      4) уәкілетті органмен келісілген автовокзалдарды, автостанцияларды мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерін, автобустар және шағын автобустар қозғалысының қауіпті учаскелері мен жылдамдық режимі көрсетілген маршрут сызбалары;
      5) автобустар және шағын автобустар жүргізушілерінің ауысым уақыты мен орнын көрсете отырып, бүкіл тұрақты маршрут ұзақтығындағы жүргізушілердің еңбек және тынығу режимінің кестесі.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Отандық тасымалдаушылардың қажеттілігін қанағаттандырмаған шетелдік рұқсаттар, алмасу квотасы отандық тасымалдаушылардың арасында, шетелдік рұқсаттың бланкілерін алуға өтініштер түсуіне орай олардың қолданысындағы жылжымалы құрамын ескере отырып автоматтандырылған тәртіпте бөлуге жатады.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар және қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар бланкілерін алуға қосымша өтінімдерді берген отандық тасымалдаушыларды Көліктік бақылау комитеті резерв және бір тоқсан аралығында талап етілмеген бланкілер есебінен қамтамасыз етеді.»;
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды және қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды алуға арналған өтініштерді аумақтық органдар немесе Көліктік бақылау комитеті өтініштерді алған күннен бастап өтініш берушіге хабарлай отырып, екі жұмыс күні ішінде қарайды.»;
      293031-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, шетелдік рұқсаттарды алуға өтініш жеке тұлғаның не дара кәсіпкердің тұрғылықты орны немесе заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша аумақтық органда қаралады.
      30. Отандық тасымалдаушылар шетелдік рұқсаттарды алу үшін өтінішті және қосымша өтінімдерді портал арқылы беруі мүмкін.
      Өтініштер мен қосымша өтінімдерді қарау, сондай-ақ берілетін шетелдік рұқсаттардың санын есептеу көліктік деректер қорының ақпараттық талдау жүйесін (бұдан әрі – КДҚ АТЖ) және тасымалдау қауіпсіздігі серпінінің мониторингін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
      31. Отандық тасымалдаушыларға жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды және қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды беру аумақтық органға немесе уәкілетті органға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасын төлегені туралы төлем құжаты түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
      33-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Елдер және түрлер бөлінісінде отандық тасымалдаушыдан шетелдік рұқсаттарды алуға өтінімдерді қарау кезінде, мәлімделген шетелдік рұқсаттар саны осы Қағидада белгіленген мерзімде қайтарылмаған шетелдік рұқсаттарының санына мөлшерлес азайтылады.»;
      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Көліктік бақылау комитеті және аумақтық органдар қайтарылған шетелдік рұқсаттардың есебін елдер бөлінісінде жүргізеді.
      Жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттардың және қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған берілген және қайтарылған шетелдік рұқсаттардың есебі КДҚ АТЖ-да жүзеге асырылады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі;
      2) отандық тасымалдаушының атауы;
      3) рұқсат түрі;
      4) рұқсаттың қолданылу мерзімі;
      5) рұқсаттың берілген күні және нөмірі (сериясы);
      6) рұқсатты алу күні (рұқсат берілген кезде);
      7) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымды төлегенін растайтын құжаттың нөмірі (бар болса) және күні, алым сомасы (рұқсат берілген кезде).
      37. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан өтініштер мен қосымша өтінімдердің түсуіне қарай КДБ АТЖ пайдалана отырып, белгіленген мерзімде қызмет көрсетуді, сондай-ақ қайтарылған шетелдік рұқсаттар туралы мәліметтерді уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді.»;
      40-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың болмауы;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды немесе қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды отандық тасымалдаушыға беру туралы хабарламаны жіберген күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төлемінің болмауы;»;
      мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:
      «46-1. Автокөлік құралы тіркелген елдегі жүктерді қайта тиеу (тиеу/түсіру) арқылы Қазақстан Республикасының аумағына үшiншi елдерден жүктерді тасымалдауды басқа көлік түрімен жүзеге асыру кезінде көрсетілген тасымалдар ілеспе құжаттармен (халықаралық көліктік жүкқұжат (CMR), инвойс, коносамент немесе тасымалданатын жүкке басқа да коммерциялық құжат) расталған жағдайда, үшінші елдерге/елдерден отандық рұқсат қағазы талап етілмейді.»;
      47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүгі бар немесе жүгі жоқ (жолаушылары бар немесе жолаушылары жоқ) автокөлік құралдарының, оның ішінде тіркеуден шығарылған және басқа мемлекет аумағында есепке қоюға және пайдалануға арналған транзиттік жүріп өтуі рұқсат беру құжаттарының (отандық рұқсат, арнайы рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы аумағынан/аумағына жүкті немесе жолаушыларды үшінші елдерге/елдерден көрсетілген автокөлік құралдарымен тасымалдауды жүзеге асыруға жол берілмейді.
      Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға арналған, оның ішінде жүгі бар автокөлік құралдарын айдап өту кезінде ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру құжаттары талап етілмейді.
      48. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк тасымалдарды жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыда отандық рұқсат болмаған жағдайда, сондай-ақ егер келісімдермен Қазақстан Республикасының аумағына шетел автокөлік құралдарының кіруі (шығуы) үшін рұқсат бланкілерін іске асыру көзделетін болса, шетелдік тасымалдаушылар көлiктiк бақылау функцияларын жүзеге асыратын құзыреттi органдардан тиiстi рұқсатқа сұрау салады. Көрсетілген рұқсат оған Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде, теңіздегі өткiзу пункттерiнде немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген мөлшерлемелер бойынша автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуi үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн берiледi.»;
      54-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) жүру жолындағы бақылаушы органдардың бланкінің жыртпа бөлігінде орналасқан белгілері мен мөріне арналған орындар;»;
      мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:
      «54-1. Автокөлік құралдарының жүріп өтуі кезінде бақылаушы органның белгісі бар отандық рұқсат бланкісінің жыртпа бөлігі бақылаушы органда қалады және аумақтық органдарға жіберіледі.».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 N 265 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылғы 21 мамырдағы
№ 508 қаулысына    
1-қосымша       

Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр
салмақты жүктердi Қазақстан  
Республикасының аумағында    
тасымалдауды ұйымдастыру және  
жүзеге асыру ережесіне     
3-қосымша             

___________ облысы (қаласы)
бойынша аумақтық көліктік 
бақылау органының басшысына

Iрі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының
жүріп өтуіне арнайы рұқсатты алу үшін
ӨТІНІШ

Тасымалдаушының атауы _______________________________________________
ЖСН/БСН _____________________________________________________________
Мекенжайы, телефоны _________________________________________________
Автомобильдің маркасы ________ мем. нөмірi __________________________
Тіркеменің (жартылай тіркеменің) маркасы _______ мем. нөмірi ________
Көлік құралының түрі ________________________________________________
Изотермиялық шанақтың болуы _________________________________________
Әуе немесе оған балама аспаның болуы ________________________________
Жүру бағыты _________________________________________________________
Бағыттың жалпы ұзақтығы, км _________________________________________
оның ішінде қалалардың аумағы бойынша, км ___________________________
Жүргізушінің Т.А.Ә. _________________________________________________
Ілесуші адамның Т.А.Ә. ______________________________________________
Ілесіп жүру түрi ____________________________________________________
Жүктің атауы мен салмағы, т. ________________________________________
АКҚ жүк көтергіштігі ________________________________________________
Жүру күні мен уақыты ________________________________________________

Автокөлік құралының жүгін қоса есептегендегі нақты салмақтық
және көлемдік өлшемдері

Өлшемдерi

Нақты

Рұқсат етілген

Асқаны

Жол бетінен биіктігі, м




Ені, м




Автокөлік құралының ұзындығы, м




Толық салмағы, т




Тіркеменің толық салмағы, т




АКҚ-ның дөңгелектік өрнегi

1-білік

2-білік

3-білік

4-білік

5-білік

6-білік

7-білік

8-білік

9-білік










Еңістігі










Біліктердің ара қашықтығы, м










Білікке нақты жүктеме, т.с.










Білікке рұқсат етілген жүктеме, т.с.










Асқаны, %










Автокөлік құралының ең кіші бұрылу радиусы __________________________
_____________________________________________________________________
Қосымша деректер ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (тасымалдаушының лауазымы, Т.А.Ә.)           (М.О. қолы)

Өтініштің берілген күнi _____________________________________________
Келісуші ұйымның шешімi _____________________________________________

_____________________________________              __________________
          (лауазымы, Т.А.Ә.)                          (М.О. қолы)

Келісуші ұйымның шешімi _____________________________________________

_____________________________________              __________________
          (лауазымы, Т.А.Ә.)                           (М.О. қолы)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылғы 21 мамырдағы
№ 508 қаулысына   
2-қосымша      

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 N 265 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылғы 21 мамырдағы
№ 508 қаулысына   
3-қосымша      

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 N 265 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылғы 21 мамырдағы
№ 508 қаулысына   
4-қосымша       

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 N 265 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылғы 21 мамырдағы
№ 508 қаулысына   
5-қосымша       

      Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 N 265 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылғы 21 мамырдағы
№ 508 қаулысына   
6-қосымша      

      Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 N 265 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2013 жылғы 21 мамырдағы
№ 508 қаулысына   
7-қосымша      

      Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 N 265 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылғы 21 мамырдағы
№ 508 қаулысына   
8-қосымша      

      Ескерту. 8-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 N 265 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).