"Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 475 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 188-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесінде:
      13-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «нысаналы технологиялық бағдарламалар (болған кезде) арқылы іске асырылатын дағдарысты технологиялардың тізбесін қоса алғанда, саланы (секторды) инновациялық-технологиялық дамытуды талдау. Сондай-ақ басқарушылық технологияларды жақсартуға және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге бағытталған қызметтің инновациялық құрауышы талданады;»;
      14-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «бағдарламаның міндеттері «Ағымдағы жағдайды талдау» бөлімінде
көрсетілген проблемаларды шешу және тиісті саланы (секторды)
инновациялық-технологиялық дамыту, сондай-ақ басқарушылық технологияларды жақсартуға және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге бағытталған қызметтің инновациялық құрауышының қажеттілігі ескеріле отырып айқындалатын мақсаттарға қол жеткізу жолдарын білдіреді;»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Салалық бағдарламаны оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және саланы инновациялық-технологиялық дамыту бөлігінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов