Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Информатика және басқару проблемалары институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 465 қаулысы

Жаңартылған

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Информатика және басқару проблемалары институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге беруді;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 мамырдағы
№ 465 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 16-19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-19. Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты».
      3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 186-19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «186-19. «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
      4. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

18.

Ғылым комитетінің «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

                                                                   ».

      5. «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің құрамында:
      «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» деген бөлімде:
      мына:

«Арсланов
Марат Зуфарұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Информатика және басқару проблемалары институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Образдарды тану және шешім қабылдау» зертханасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Арсланов
Марат Зуфарұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Образдарды тану және шешім қабылдау» зертханасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор».