Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 450 қаулысы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 450 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      8-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сақтау мерзімі 10 жылға дейінгі құжаттар (сақтау мерзімі 75 жыл, тұрақты, ЭПҚ белгісі бар құжаттардан басқа) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттардың электрондық нысанында ғана қабылданады және жолданады.»;
      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Кеңсеге сенбі күндері келіп түсетін құжаттарды қабылдауды сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін іс жүргізу және мұрағат секторының кезекші қызметкерлері жүзеге асырады, сондай-ақ оларды кейіннен іс жүргізу және мұрағат секторына тіркеуге міндетті түрде беру арқылы Премьер-Министрдің қабылдау бөлмесінің жауапты кезекшісі де жүзеге асыра алады.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделуге тиіс, бірінші басшы (ол болмағанда бұйрық болған жағдайда оның міндеттерін атқаратын адам, өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшы, министрліктердің немесе агенттіктердің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам) қол қойған немесе толтырылған деректемелері бар (ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесінің белгіленген тәртіппен анықталғаны туралы растамасы бар, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) электрондық құжаттың оған сәйкес келетін шаблонын пайдалана отырып жасалған құжаттардың бірінші даналары Кеңседе қабылдануға жатады. Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындауға жауапты мемлекеттік органдардың хаттарына міндетті түрде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының расталған көшірмелері қоса беріледі. Құжатқа күні, шығыс нөмірі, құжаттың қысқаша тақырыбы, тапсырмалардың орындалуы туралы сауалға жауап қайтару немесе есеп (ақпарат) беру кезінде Кеңсенің тіркеу нөміріне сілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Бұл ретте Кеңсе күні оларды Кеңсеге өткізген күнге сәйкес келетін құжаттарды (басқа жерден поштамен келіп түскен хат-хабардан басқа) ғана қабылдайды. Орындаушының тегі, аты-жөні, оның телефонының нөмірі, сондай-ақ құжат данасының саны міндетті түрде қолдан кейін төменгі сол жақ бұрышында немесе құжаттың бірінші парағының артқы жағына қойылады (мысалы: С.А. Асанов, тел. 742469). Құжат қосымшасының әр бетіне құжатқа қол қойған немесе дайындаған адам қол қоюы тиіс.
      Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жіберілген мемлекеттік органдардың хат-хабарлары (оның ішінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделуі тиіс (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі бланкісіз қол қойылған нұсқасы қоса беріледі).
      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды қабылдау кезінде даналарының саны ескерілмейді.
      ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында келіп түсетін құжаттарды (тек электрондық нысанда) кеңсе сағат 9.00-ден 15.30-ға дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін қабылдайды және белгіленген тәртіппен өңдейді.»;
      19-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заң бөліміне бағытталатын барлық хат-хабар (құжаттар) алдын ала қарауға;»;
      25-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заң бөлімінің құзыретіне жататын мәселелері бойынша құжаттар тиісті тапсырмалардың жобаларымен бірге Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне алдын ала беріледі.»;
      29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Парламент депутаттарының сауалдары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері бойынша Кеңсе Басшысы қарарларының жобаларын Заң бөлімінің қызметкерлері Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісім бойынша дайындайды.»;
      31-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Үкімет пен Кеңсе басшылығының Заң бөлімі дайындаған қарарларының жобалары алдын ала Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) келісіледі.»;
      32-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер тапсырма Заң бөліміне жолданса немесе көшірмелерде Заң бөліміне жіберілсе, қарарда міндетті түрде Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) көрсетіледі.»;
      35-тармақтың екінші және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) құжатты алдын ала қарағаннан кейін оны орындау жөнінде Заң бөлімінің меңгерушісіне және (немесе) құқықтық сипаттағы мәселелерді қарауға жауапты орындаушысына жазбаша тапсырма береді және егер құжатты орындау туралы тапсырма Заң бөлімінің құқықтық сипаттағы мәселелерді қарауға жауапты орындаушысына ғана берілсе, құжатты Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесінің қызметкеріне қайтарады, ол орындаушы туралы есептік деректерді Кеңсенің электрондық құжат айналымы жүйесі тіркеу-бақылау карточкаларының дерекқорына және карточканың бірінші данасына дереу енгізеді.
      Заң бөлімі дайындаған Премьер-Министрдің, Үкімет және Кеңсе басшылығы қарарларының жобаларына (қызметтік жазбаның немесе жауап жобасына) Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) да бұрыштама соғады.»;
      38-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеңсеге мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келіп түскен және орындалуын бақылау Заң бөліміне бекітіліп берілген бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер алдын ала Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне жіберіледі.»;
      44-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Құжатқа күн сәулесіне төзімді сиямен қол қойылады. Құжаттың түпнұсқасына факсимиле қою арқылы қол қоюға тыйым салынады.»;
      51-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «51. Шығыс құжатының күнін араб сандарымен: айдың күні, айы, жылы кезектілігімен рәсімдейді. Айдың күнін және айды нүктемен бөлінген екі жұп араб санымен, жылды төрт араб санымен ресімдейді. Күнді сөздік-сандық тәсілмен жазу нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасағанда азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін айқындайтын қаржылық сипаттағы мәліметтерді қамтитын құжаттарда пайдаланылады және былайша ресімделеді: мысалы, 2009 жылғы 4 маусым және тіркеу нөмірі. 04.06.2009 күннің қысқартылған жазуы ереже бойынша анықтамаларға, баяндамалық жазбаларға және т.с.с. қойылған қолдан кейін қойылады.»;
      77-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «77. Кеңсе бөлімшелерінде таратылуы шектелген мәліметі бар құжаттарды дайындау және ресімдеу кезінде оларға «ҚПҮ» деген белгісі мен дананың нөмірі қойылады. Құжаттың және ілеспе хаттың әрбір данасының соңғы парағының сырт жағында жөнелтілген құжаттың даналары қайда жолданғаны және оның жібергендігі, құжатты орындаушының тегі және файлды жою туралы белгі көрсетіледі.»;
      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «78. Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, егер алған құжаттағы мәліметтер таратылуы шектеулі мәліметтердің тізбесіне кірмейтін болса, одан «ҚПҮ» деген белгіні алып тастауға құқығы бар. Олар сондай-ақ осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен, құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторымен келісім бойынша құжаттардың көшірмелерін жасауға рұқсат бере алады. «ҚПҮ» деген белгісі бар ксерокөшірме құжаттар есебін жүргізу әр данасы бойынша жүзеге асырылады. «ҚПҮ» деген белгісі бар құжаттар басқа құпия емес құжаттардан бөлек, металл сейфтер мен шкафтарда сақталуы тиіс.»;
      83-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, күн тәртібін Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне сәйкес Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы мобильдік құрылғыларға қорғалмаған байланыс арналары бойынша кіруге тыйым салынбаған тиісті материалдармен бірге жібереді.»;
      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «86. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдарды, Үкімет мәжілісіне шақырылғандардың тізімін анықтау немесе нақтылау жөніндегі ұсыныстарды мәселені дайындауға жауапты мемлекеттік орган мәжіліске дейінгі 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей, ал таныстырулардың электрондық нұсқаларын мәжіліс болатын күннің алдындағы екі күннен кешіктірмей енгізеді.»;
      91-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заң бөлімі көрсетілген материалдар Кеңсе Басшысының қарауына шығарылғанға дейін оларды Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) алдын ала келіседі.»;
      93-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетілген материалдарға Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) қосымша бұрыштама қоюы Заң бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде талап етіледі.»;
      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «106. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі тиісті материалдармен бірге күн тәртібін «Қазақстан Республикасының мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қойған тізімге сәйкес және осы Нұсқаулықтың 83-тармағының талаптарын орындай отырып, Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға мобильдік құрылғыларына жіберді.»;
      107-тармақтың бірінші, үшінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «107. Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына арналған материалдар арнайы тыстарда реттік нөмірін көрсете отырып, атаулы папкаларға жинақталады және мәжіліске дейін 1 күн бұрын Хатшылыққа, тиісті қабылдау бөлмелеріне беріледі.»;
      «Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Премьер-Министрге, оның орынбасарларына, Кеңсе Басшысына арналған материалдарды жинақтауға жауапты болып табылады. Үкімет мәжілісінде қаралатын мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімше (Кеңсе Басшысының орынбасарымен (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) алдын ала келісім бойынша Заң бөлімі):»;
      «Премьер-Министр Кеңесшісіне – Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы белгілеген тәртіппен ресімделген және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тиісті орынбасарымен келісілген қаралатын мәселе бойынша Үкімет мәжілісін жүргізу тәртібінің жобасы, сондай-ақ Үкімет мәжілісінің қарауына енгізілген құжаттар бойынша анықтама дайындайды және мәжіліске дейін күнтізбелік 3 күн бұрын ұсынады. Хатшылық мәжіліске арналған материалдар салынған папкаларды Премьер-Министр үшін жинақтауды жүзеге асырады, ал жүргізу тәртібінің түпкілікті көшірмесін Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесіне береді.»;
      121-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заң бөлімі Кеңсе Басшысының орынбасары (құқық мәселелеріне жетекшілік ететін) да бұрыштама қойған хаттамалық шешімнің жобасын ұсынады.»;
      123135136-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «123. Елтаңбалық бланкіге ауыстырғаннан кейін хаттамаға орындаушы және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері (өздерінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша), Кеңсе Басшысының орынбасарлары (міндеттерді бөлуге байланысты), Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы бұрыштама қояды және мәжілістен кейін төрт күн мерзімде Премьер-Министрге қол қоюға беріледі.»;
      «135. Жобаны енгізген мемлекеттік органның өкілі жобаның төлнұсқасын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің үкіметтік шешімдерді шығару бойынша жауапты қызметкеріне тапсырады, ол жобаның Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексереді.
      136. Премьер-Министрдің Кеңсесінде Заң бөлімі жобаны заңдық техника қағидаларының сақталуына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне тексеруді, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік және орыс тілдері ережелерінің сақталуына, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігіне әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы дербес жауап береді) және Үкімет Регламентінің және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігіне алдын ала тексеруді ұйымдастырады. Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім жоба түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.»;
      137-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараса) кейіннен Заң бөліміне жіберу үшін Кеңсе басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне беріледі.»;
      139-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әзірлеуші мемлекеттік органның жобаны жұмыс тәртібімен пысықтау мерзімі 20 жұмыс күнінен аспауы тиіс.»;
      140-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алдын ала тексеруден кейін Кеңседе жобалардың өту мерзімі (жоба құрылымдық бөлімшелерге түскен күнінен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейін): Үкімет қаулыларының жобалары үшін 20 жұмыс күнінен (басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, өту мерзімі 5 күнтізбелік күннен аспауы тиіс заң жобаларын қоспағанда); Премьер-Министр өкімдерінің жобалары үшін 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Жобалар мәтінінің көлемі үлкен және күрделі болуына байланысты өту мерзімін (басымдықты заң жобаларының және шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған заң жобаларының өту мерзімінен басқа) Кеңсе Басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға ұзартуы мүмкін.»;
      144-тармақтың бірінші бөлігінде:
      екінші абзацы алынып тасталсын;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «әр парағына қол қойылғаннан кейін жобаларға (қағаз тасығыштарда және электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар форматында) мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Кеңсе Басшысының орынбасарлары (олардың міндеттерінің бөлінуіне сәйкес) бұрыштама соғады, ал заң жобаларын Парламентке жолдауды немесе Парламенттен қайтарып алуды көздейтін қаулы жобаларына Үкіметтің Парламент Мәжілісіндегі Өкілдігінің басшысы қол қояды;»;
      146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «146. Үкімет қаулыларының жобаларына және Үкімет бастамашылық еткен заң жобалары бойынша, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша депутаттардың түзетулеріне Үкiмет қорытындыларының жобаларына сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.»;
      173-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әр іс көп дегенде 180 парақты қамтуы тиіс. Егер істе құжаттар көп болса, онда олар томдарға (бөліктерге) бөлінеді.»;
      183185186-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «183. Өткен жыл ішінде іс жүргізілуі аяқталған істер Кеңсе Басшысы бекіткен кесте бойынша келесі жылдың сәуірінен қарашасына дейін мұрағатқа қабылданады. Істерді тапсыруды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің осы бөлімшелердің ағымдағы мұрағаттарын жүргізу үшін жауапты қызметкерлері жүзеге асырады.
      Құжаттың түпнұсқаларын анықталмаған жағдайда Кеңсе Басшысына баяндау үшін орындаушымен құрылым бөлімшенің басшысымен және орындаушымен қол қойылған анықтама құрастырылады.»;
      «185. Құжаттарға тіркеу-қабылдау карточкаларының даналары Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің және тиісті орындаушы (бірлесіп орындаушы) құрылымдық бөлімшелердің жедел сақтауында болады. Сақтау мерзімі өткеннен кейін карточкалар белгіленген тәртіппен жойылады.
      186. Мұрағаттық сақтауда жатқан құжаттар қажет болған жағдайда мұрағаттан құрылымдық бөлімшелерге Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің немесе оның міндетін атқарушы адамның рұқсатымен уақытша пайдалануға беріледі.»;
      193-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұрақты сақтау мерзімі бар құжаттарды мұрағаттық істен алуға және оларға өзгерістер енгізуге тыйым салынады. Іс жүргізудегі немесе ағымдағы мұрағаттағы құжаттар зерттеушілерге берілмейді. 1990 жылға дейін Орталық мемлекеттік мұрағатта және 1994 жылдан бастап Ұлттық мұрағатта сақталатын Кеңсе құжаттары зерттеушілерге Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының Орталық мемлекеттік мұрағаты басшылығының жазбаша қолдаухатының негізінде және Кеңсе Басшысының рұқсатымен беріледі. Қажет болған кезде құжаттар Кеңсенің ағымдағы мұрағатынан құжаттар өтінім негізінде (13-қосымша) тиісті журналға белгі қойыла отырып, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің рұқсатымен ғана 10 күннен аспайтын мерзімге берілуі мүмкін.»;
      Нұсқаулыққа 3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      Нұсқаулыққа 7-қосымшаның 5-тармағының реттік нөмірі 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      «

1. Заң бөлімі



                                                                   »;

      Нұсқаулыққа 12-қосымшада 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кіріс хат-хабарларын, хаттамаларын, шығыс құжаттардың, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын, оның ішінде «ҚПҮ» деген белгісі бар ксерокөшіруге арналған (№ 2 нысан) өтінімдерге Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің, оның орынбасарларының, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің үкіметтік шешімдерді шығару секторының бас инспекторының, бақылау секторының меңгерушісінің, іс жүргізу және мұрағат секторының меңгерушісінің, құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының меңгерушісінің қол қоюға құқығы бар.»;
      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Нұсқаулыққа 13-қосымшамен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде, орталық және жергілiкті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөнiндегі нұсқаулықта:
      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бақылау құжаттарының тізбесі мемлекеттік органдарға «Мемлекеттік органдардың интранет-порталы» ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.»;
      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келіп түсетін бақылаудағы құжаттар мен олардың жекелеген тармақтарын орындау туралы есептер Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі. Бұл ретте есептердің төлнұсқалары - құжаттың тұтастай орындалуын бақылау бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне, ал олардың көшірмелері Премьер-Министр, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Кеңсе Басшысы (оның міндетін атқарушы тұлға) бекіткен немесе оның тапсырмасымен бекітілген бекітіп беруге сәйкес бақылаудағы құжаттардың жекелеген тармақтарының орындалуына жауапты құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.»;
      12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нақты орындау мерзімін көрсете отырып бақылаудан алу, мерзімін ұзарту тапсырманы берушінің қарарымен, ал Премьер-Министрдің тапсырмалары бойынша Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарарымен бөлімнің жазбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте орындаушы мемлекеттік органдарды үкіметтік шешімдер мен басшылық тапсырмаларының нақты орындалу мерзімін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту немесе орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы дереу хабардар етеді.»;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «ҚПҮ» деген белгісі бар хаттамалар Бақылау секторына қағаз және электрондық нысанда (электрондық жеткізгіштерде) ұсынылады.»;
      14-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкімет бағдарламасын, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Үкімет қаулыларының орындалуын бақылауды тұтастай алғанда Әлеуметтік-экономикалық бөлім жүзеге асырады.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта:
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштер Кеңсеге келіп түскен күні белгіленген нысандағы есеп карточкалары бойынша (1-қосымша) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу және мұрағат секторында (бұдан әрі - іс жүргізу және мұрағат секторы) тіркеледі. Өтініштің бірінші бетіне мөртабан қойылады, онда жеке өтініштер үшін автордың тегінің бастапқы әрпінен және өтініштің реттік нөмірінен (мысалы, А-1780), ұжымдық өтініштер үшін ҰЖЫМ индексінен, нөмірі мен күнінен тұратын тіркеу индексі көрсетіледі. Күнді белгілеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі: күні, айы, жылы (мысалы, 01.01.2008). Тіркеу индексі бір мезгілде кіріс және шығыс болып табылады және өтініштер бойынша барлық жауаптар осы нөмірмен тіркеледі. Бұдан кейін өтініш сипаттамасының коды қойылады. Бұдан кейін хатқа аннотация жасалады, ол жүйелі, қысқа, өтініштің (ұсыныстың, арыздың не шағымның) мазмұнын көрсетуге тиіс. Бұл ретте есеп карточкасындағы жазба өтінішті қарауға жіберудің адрестілігін негіздеуі қажет.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Премьер-Министрдің Кеңсесіне тікелей жазбаша өтініш берген өтініш берушіге күні мен уақытын, іс жүргізу және мұрағат секторының өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетіліп, тиісті мөртабанмен куәландырылған талон (1а-қосымша) беріледі.»;
      14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бүркеншік өтініштер іс жүргізу және мұрағат секторында зерттеледі және бір жыл сақталады, одан кейін актімен жойылады.»;
      16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Кеңсе Басшысы бекіткен кестеге сәйкес бөлімдердің басшылары және Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторлары Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінде жүргізеді. Жеке қабылдау кестесі Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесінің кіреберісінде ақпараттық тақтаға ілінеді.»;
      осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген Нұсқаулыққа 1а-қосымшамен толықтырылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:
      мынадай мазмұндағы 8-13, 8-14, 8-15-тармақтармен толықтырылсын:
      «8-13. Актілер мен тапсырмалардың орындалу сапасын бағалау қорытындысы бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Үкімет Басшылығының барлық тапсырмаларына қойылатын талаптарға сәйкестігіне түгендеу (аудит) жүргізеді.
      8-14. Жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі осы Регламенттің 8-тармағының екінші бөлігінің талаптарын сақтамағаны үшін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ актілерді немесе тапсырмаларды дайындауға және келісуге жауапты мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстар енгізеді.
      8-15. Мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын орындаушылар дербес құрылымдық бөлімшелердің бірінші басшылары болып табылады.»;
      1415-125-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Кеңсе Үкімет басшылығының және Кеңсе Басшысының атына жазылған мемлекеттік органның (ұйымның) бірінші басшысы немесе бұйрық бар болса, бірінші басшының міндеттерін атқару ресми түрде жүктелген адам қол қойған құжаттарды қабылдайды.
      Сақтау мерзімі 10 жылға дейінгі құжаттар (сақтау мерзімі 75 жыл, тұрақты, ЭПҚ белгісі барша құжаттардан басқа) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттардың электрондық нысанында қабылданады және жолданады.»;
      «15-1. Заң бөлімінің атына жазылатын хат-хабардың барлығы Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) алдын ала қарауына жіберіледі.»;
      «25. Үкімет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде мәжіліске дейінгі күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей, ал электрондық нысандағы таныстырулар нұсқалары – мәжіліс болатын күннің алдындағы 2 күннен кешіктірмей Премьер-Министр Кеңсесіне енгізіледі. Премьер-Министр Кеңсесі Премьер-Министрмен не Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлғамен келісім бойынша Кеңсе Басшысы бекітетін мәжілістің күн тәртібінің жобасын жасайды және мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, күн тәртібін Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы қол қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне сәйкес Үкімет мүшелеріне және басқа да лауазымды адамдарға «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы мобильдік құрылғыларға қорғалмаған байланыс арналары бойынша кіруге тыйым салынбаған тиісті материалдармен бірге жібереді.»;
      3334-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Қаулылар мен өкімдердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен олардың заңнамада белгіленген құзыретіне орай мемлекеттік органдардың интранет-порталында (бұдан әрі – МО ИП) электрондық құжаттар нысанында міндетті түрде келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік жобада қаралатын мәселелердің мәні негізге алына отырып, сондай-ақ жобада мемлекеттік органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді.
      34. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган МО ИП-да заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқарушы тұлғаның) және мемлекеттік орган басшысының мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдана отырып куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы қаулы (өкім) жобасын, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды орналастырады және МО ИП арқылы тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді, ал ұйымдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесiнде белгіленген тәртіппен расталған электрондық құжаттың қағаз көшірмесі келісуге жіберіледі.
      Қаулының (өкімнің) жобасын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар олардың басқа мемлекеттік органдардың оған алдын ала бұрыштама соғуын талап етуге және үстірт және өзге де негізсіз себептермен жобаны келісуден бас тартуға тиісті емес.»;
      34-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-1. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасын, түсіндірме жазбаны және оған басқа қажетті құжаттарды осы Регламенттің 50-тармағының талаптарын ескере отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.»;
      39-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобалары мүдделі мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша МО ИП арқылы олармен келісілгеннен кейін Әділет министрлігінде заңдық сараптауға жатады.»;
      үшінші бөліктің бірінші және екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы жобаларға электрондық құжат нысанында:
      1) Әділет министрлігі мен Сыртқы істер министрлігін қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдармен (мүдделі мемлекеттік органдардың халықаралық шарт жобасының мәтінін түпкілікті келіскені туралы жазбаша қорытындыларын қоса бере отырып), сондай-ақ тиісті шет мемлекетпен (мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен келісілген әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған оны жасасу тілдеріндегі, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі халықаралық шарт жобасы;»;
      43-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «43-1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде қарау процесінде Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламентінің қарауына тиісінше қаулылар (өкімдер), Президент актілерінің жобаларын және заң жобаларын енгізу туралы қаулы жобалары тұжырымдамалық өзгерген жағдайда, олар міндетті түрде мүдделі мемлекеттік органдармен қайта келісуге жатады.»;
      45-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Кодекс жобалары бастапқы енгізген жағдайда – 20 жұмыс күні ішінде, қайталама түскенде – 10 жұмыс күні ішінде қаралады.»;
      474849-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Қаулының (өкімнің) жобасын қарау қорытындылары бойынша келісуші мемлекеттік орган әзірлеушіге жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынуға тиіс:
      1) жоба ескертулерсіз келісілуі мүмкін. Келісуші орган басшысы ЭЦҚ қолданумен МО ИП-та электрондық құжат нысанындағы жобаны келіседі. Бұл жағдайда әзірлеуші МО ИП-тан басып шығарылған келісуші органның МО ИП-тағы жобаның нөмірі, келісуші органның оның мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен ішкі келісу нәтижелері көрсетілген келісу парағының негізінде және келісуші органның басшысы оған бұрыштама қоюы үшін электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде жобаның түпнұсқасын ұсынады;
      2) жоба бар ескертулер жойылған кезде келісілуі мүмкін. Бұл ретте МО ИП-та келісуші орган ескертулерді орналастырады, мұнда оларды жою жөніндегі ұсыныстар міндетті түрде қамтылуы тиіс және ЭЦҚ-ны пайдалана отырып келісуші мемлекеттік орган басшысының қолы қойылады. Бұл жағдайда әзірлеуші ескертулермен келіскен жағдайда жобаларды пысықтау жұмыс тәртібімен жүзеге асырылады, бұдан кейін әзірлеуші МО ИП-та мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-сын куәландырумен қол қойылған жобаның пысықталған нұсқасын орналастырады және мемлекеттік органдарға келісуге қайта жолдайды;
      3) жобаны келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші мемлекеттік орган МО ИП-та келісуден бас тартуға уәждемесі бар келісуден бас тарту белгісін қояды және келісуші мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырады.
      Келісуші мемлекеттік органдарға қаулылардың (өкімдердің) жобаларын «ескертулермен» келісуге (бұрыштама соғуға) тыйым салынады.
      48. Келіспеушіліктер болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган өзара тиімді шешім іздеу мақсатында оны келісуші органдармен талқылауды қамтамасыз етуге тиіс. Өзара тиімді шешімге қол жетпеген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші органдармен бірлесіп, келіспеушіліктер хаттамасын жасайды, оны жобаға МО ИП-та орналастырады. МО ИП-тағы келіспеушіліктер хаттамасы мемлекеттік органдар басшыларының ЭЦҚ-мен куәландырылады. Электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі келіспеушіліктер хаттамасының түпнұсқасы келісуші органның басшысына қол қоюға ұсынылады.
      49. Келісу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші мемлекеттік орган қаулының жобасын Кеңсеге келісуші мемлекеттік органдардың қорытындыларымен (келіспеушіліктер хаттамаларымен) және тиісті қосымшалармен бірге электрондық құжаттың қағаз көшірмелері түрінде және мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) электрондық құжат нысанында енгізеді.»;
      50-тармақта:
      2) тармақшада:
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сараптамалық қорытындыларда көрсетілген ескертулерді жойған жағдайда жобаны әзірлеуші жобаға түсіндірме жазбада аталған ескертулер жойылғаны туралы көрсетуі тиіс.»;
      3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Үкіметтің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулының жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тиісінше негіздей отырып, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының әр парағына алдын ала қолы қойылған және қолы қойылған қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакциясындағы салыстырма кестесі қоса беріледі;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) қаулы жобасымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Президентінің қарауына заң жобалары мен Жарлықтардың жобалары енгізілетін жағдайларды қоспағанда, келісу парағы (PDF форматында қосымшаға сәйкес нысан бойынша).»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуға немесе мемлекеттік кірістерді азайтуға алып келетін қаулылар (өкімдер) жобалары Республикалық бюджет комиссиясының қорытындылары не шығындық нормалар бойынша қаржыландыру көзі көрсетілген (бюджеттік бағдарламаның нөмірі мен атауы, бюджет қаражатын уақтылы игерудің ағымдағы жай-күйі) егжей-тегжейлі анықтама қоса тіркеледі.»;
      5153-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «51. Мемлекеттік құпияларды және (немесе) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес ақпараттық жүйесінде жобаларды және оларға материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігін көрсете отырып, әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы жобаға ілеспе хатқа қағаз жеткізгіште және ЭҚАБЖ арқылы электрондық құжат нысанында қол қояды.»;
      «53-1. Белгіленген тәртіппен тіркелген қаулы жобасы (Премьер-Министрдің өкімдерін, заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын және Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау үшін әзірленген, оларды Үкіметке жедел енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда) заңдық техника ережелерінің сақталуына және жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру үшін кейіннен Премьер-Министр Кеңсесінің Заң бөліміне жіберу үшін Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдері ережелерінің сақталуын, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігін алдын ала тексеруге (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің дәлме-дәлдігі үшін әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы жеке жауаптылықта болады) Кеңсенің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне жіберіледі. Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім жоба тіркелген сәттен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;
      53-2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алдын ала тексерудің нәтижелері бойынша Кеңсе Басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам мүдделі орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының (Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адамдардың), Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін), Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің қатысуымен кеңес өткізеді, онда қаулының жобасын одан әрі қарау мен дайындау тәртібі белгіленеді:»;
      53-3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараса) кейіннен Заң бөліміне жіберу үшін Кеңсе Басшысы орынбасарының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) қабылдау бөлмесіне беріледі.»;
      54-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Кеңсе Басшысының қарарымен жұмыс тәртібімен;»;
      70-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Үкімет қаулыларының жобалары оларды Үкімет мәжілісінде қарағаннан кейін үш күннің ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына ұсынылуы тиіс. Үкімет қаулылары жобаларының Кеңседе өтуінің жалпы мерзімі алдын ала тексеруді қоспағанда 20 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Үкімет Басшылығының тапсырмасы бойынша әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге қысқартылған мерзімі белгіленеді.»;
      79-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Премьер-Министрдің Кеңсесінде пысықталған Президент актісінің жобасына Премьер-Министр, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы, әзірлеуші органның, Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің бірінші басшылары тиісті бланкіге бұрыштама қояды.»;
      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «81. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалы жоспарларын қалыптастыру Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдаулары, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдаулары, Үкімет бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, Үкіметтің шешімдері, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелері, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдары, сондай-ақ Премьер-Министрдің шешімдері ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
      82-тармақтың бірінші, екінші, үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «82. Алдағы жылға арналған Жоспардың жобасын Әділет министрлігі, Әділет министрлігіне жыл сайын 1 шілдеге дейін мемлекеттік органдар ұсынатын заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) оң қорытындысы негізінде қалыптастырады.
      Қалыптастырылған Жоспардың жобасы жыл сайын 1 қазанға дейін Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіппен Үкіметке ұсынылады. Бұл ретте Әділет министрлігі Жоспардың жобасына енгізілген әрбір заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесін қамтитын анықтаманы Жоспардың жобасына қоса береді.
      Жоспар жобасы Мемлекет басшысына жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін ұсынылады және 31 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.»;
      84-тармақта:
      екінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмалары.»;
      үшінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмалары;»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кейіннен заңнамалық қамтамасыз етуді көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын, тұжырымдамаларды, Үкіметтің іс-шараларын әзірлеу кезінде әзірлеуші осындай құжаттардың жобаларымен қатар Ведомствоаралық комиссияның қарауына тиісті заң жобаларының тұжырымдамаларын ұсынады.»;
      төртінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, ол кейіннен заңнамалық қамтамасыз етуді көздейтін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын, тұжырымдамаларды, Үкіметтің іс-шараларын әзірлеуші мемлекеттік органның сұрау салуы бойынша заң жобасының тиісті тұжырымдамасын ұсынады.»;
      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудің жаңа тетіктерін енгізу Жоспарға өзгерістер және толықтырулар енгізумен бірге жүргізілуге тиіс.»;
      88-1-тармақ мынадай редакциядағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте Экономика және бюджеттік жоспарлау және Әділет министрліктері заң жобасы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін келіседі.»;
      95-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) заң жобасын (оның ішінде электрондық жеткізгіштерде) және әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына алдын ала қол қойған, Үкімет қаулылары үшін осы Регламенттің 4.2-бөлімінде белгіленген тәртіппен келісілген (бұрыштама соғылған) осы заң жобасын (заң жобаларын) Парламент Мәжілісіне енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) заң жобасы реттейтін құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экологиялық және басқалар) сараптаманың нәтижелері бойынша қорытындыларды, ал халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заң жобалары бойынша осы шарттармен реттелетін құқықтық қатынастарға байланысты ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқалар) сараптаманың нәтижелері бойынша қорытындыларды.
      Ғылыми сараптаманың қорытындысымен (қорытындыларымен) келіспеген жағдайда заң жобасының әзірлеушісі тиісті қорытындымен келіспеу себептерінің жазбаша дәлелденген негіздемелерін келтіруі тиіс.»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасына заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы әр парағына алдын ала қол қойған және қол қойған салыстырмалы кесте қоса тіркеледі. Бұл ретте енгізілетін түзетулердің негіздемелері оларды енгізудің қажеттілігін және орындылығын нақты көрсетуі қажет (қажет болған жағдайда практикадан мысалдар келтірілуі мүмкін);»;
      мынадай мазмұндағы 95-1-тармақпен толықтырылсын:
      «95-1. Осы Регламенттің 95-тармағында санамаланған құжаттардан басқа республикалық бюджет туралы заң жобасын Парламентке енгізу туралы заң жобасына мынадай құжаттар мен материалдар ұсынылады:
      республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;
      стратегиялық жоспарлар жобалары немесе орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобалары;
      стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобалары;
      соңғы есеп беру күніне мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыздың жай-күйі туралы деректер;
      бюджеттік бағдарламалардың кіші бюджеттік бағдарламаларының бөлінісінде бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпарат және республикалық бюджет жобасында қарастырылған шешімдерді ашатын түсіндірме жазба.»;
      101-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «101-1. Заң жобаларымен бірге Парламент Мәжілісіне осы Регламенттің 95-тармағының 3)-5)7)-9)12)14) тармақшаларында көрсетілген материалдар енгізіледі.»;
      104-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «104. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламентке енгізілген заң жобасы Парламент Мәжілісі Аппаратының тіркеуінсіз Кеңсеге қайтарылған жағдайда, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, жоба Кеңсеге келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган оларды ресімдеуде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.»;
      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Сенат Үкімет енгізген заң жобасын ресімдеуде кемшіліктерді анықтаған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган оларды аталған Парламент палатасының конституциялық тұрғыдан айқындалған заң жобаларын қарау мерзімдерін ескере отырып жою жөніндегі жұмыс жүргізеді.
      Заң жобасын ресімдеуде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыс аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган оларды кейіннен бір мезгілде Мәжіліс және Сенат аппараттарына жолдау үшін аталған заң жобасы бойынша Кеңсе Басшысының қолы қойылған тиісінше ресімделген материалдарды Кеңсеге енгізеді.»;
      105-тармақ мынадай редакциядағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Қорытынды жобасы мемлекеттік бюджеттің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтерді, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын, заң жобасында ұсынылған нормалардың Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы мәліметтерді, оларды қабылдаудың орындылығы бойынша мәліметтерді қамтуы қажет.»;
      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «107. Мемлекеттік орган ұсынған Үкімет қорытындысының жобасы кейіннен дауыс беру үшін Үкіметтің отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.
      Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
      Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін қорытынды жобасы бойынша құжаттарды жолдағаннан кейін 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр немесе Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімін қысқартуы мүмкін.
      Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министр Кеңсесіне өзінің пікірін білдіре отырып жазбаша жауаптарын жолдайды. Егер көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда Үкімет мүшесі қорытынды жобасына оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Үкімет мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүргізеді.
      Егер қорытындының жобасы бойынша оның қабылдануына Үкімет мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс берсе, сырттай дауыс беру жүргізілді деп есептеледі.
      Қорытынды жобасы бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелері осы Регламентке 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.
      Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасары алдын ала бұрыштама қойған Үкімет қорытындысының жобасы қаралғаннан кейін қорытындының жобасын Кеңсе Премьер-Министрдің (оның міндетін атқарушы тұлғаның) қолын қоюы үшін Үкімет бланкісіне ресімдейді.»;
      109-1-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «109-1. Үкімет бастамашылық еткен заң жобаларына Парламент депутаттары түзетулер енгізген жағдайда (оның ішінде мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді азайтуды көздейтін оның тұжырымдамаларының өзгеруіне байланысты) Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қорытындысының жобасын заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган әзірлейді.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қорытынды жобасы мемлекеттік бюджеттің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтерді, осындай нормалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын, заң жобасында ұсынылған нормалардың Конституцияға, қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы мәліметтерді, оларды қабылдаудың орындылығы бойынша мәліметтерді қамтуы қажет.»;
      мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Үкімет қорытындысының жобасы кейіннен дауыс беру үшін Үкімет отырысына не Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беруіне шығарылады.
      Сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
      Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі дауыс беру үшін қорытынды жобасы бойынша құжаттарды жолдағаннан кейін 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр немесе Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы сырттай дауыс беру мерзімін қысқартуы мүмкін.
      Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Үкімет мүшелері Премьер-Министр Кеңсесіне өзінің пікірін білдіре отырып жазбаша жауаптарын жолдайды. Егер көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда Үкімет мүшесі қорытынды жобасына оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Үкімет мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүргізеді.
      Егер қорытындының жобасы бойынша оның қабылдануына Үкімет мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс берсе, сырттай дауыс беру жүргізілді деп есептеледі.
      Қорытынды жобасы бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелері осы Регламентке 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.»;
      109-2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «109-2. Әзірлеушісі өздері болып табылатын заң жобаларын қарау бойынша Парламент палаталарындағы отырыстарға орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:»;
      110-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Үкімет енгізген заң жобасын Парламентте ұсынушы уәкілетті тұлғаны (заң жобасы бойынша баяндамашыны) өзге мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы болып табылатын болатын басқа уәкілетті тұлғаға ауыстырған кезде Премьер-Министрдің қолы қойылған баяндамашыны ауыстыру туралы хатты Кеңсе бір мезгілде Мәжіліске және Сенатқа жібереді.»;
      113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «113. Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып бекітуге жіберілетін барлық заңдар бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келісім бойынша заң қабылданған күннен бастап бес күн мерзімде қорытындыны осы Регламенттің 5-2-қосымшасының нысанына сәйкес дайындайды және Кеңсеге жібереді.
      Қорытындыдан басқа Кеңсеге міндетті түрде Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері, сондай-ақ Парламент қабылдаған заңда мәселелері қозғалатын өзге де мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет Парламент Мәжілісіне енгізген заң жобасының нұсқасы мен депутаттардың әр түзетуі бойынша негіздемемен Парламент қабылдаған заңның салыстырма кестесі, депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындылары енгізіледі. Мұндай салыстырма кестені әзірлеуді заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.
      Парламент қабылдаған заң бойынша ұсынылған қорытындының негізінде Заң бөлімі Премьер-Министрдің атына Кеңсе Басшысы (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасарымен алдын ала келісуге жататын Кеңсе Басшысының анықтамасын дайындайды.
      Үкіметке енгізілген қорытындының мазмұны және оны енгізу мерзімі үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жауапты болады.
      Осы тармақта көзделген рәсімдердің орындалуын бақылауды Кеңсе жүзеге асырады.»;
      117-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жауап жобасы прокурорлық қадағалау актісінде белгіленген әрбір мәселеге Үкімет ұстанымын қисынды және толық көлемде білдіруге тиіс.»;
      128-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Үкіметке, оның басшылығына немесе Премьер-Министрдің Кеңсесіне тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілері не актілердің тармақтары;»;
      мынадай мазмұндағы 128-1-тармақпен толықтырылсын:
      «128-1. Бақылауда тұрған тапсырмалар күрделілік дәрежесіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) жүйелі тапсырмалар – қандай да бір саладағы/аядағы/өңірдегі қалыптасқан тәсілдерді, нормалар мен қағидаларды қалыптастыруға және жаңаларын іске асыруға не өзгертуге бағытталған ұзақ мерзімді, кешенді және ведомствоаралық сипатта болатын тапсырмалар;
      2) жедел тапсырмалар – орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасауды талап етпейтін және мәселелерді, сондай-ақ Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің сұрау салуларын, есептерді қалыптастырумен, ақпаратты дайындаумен, сондай-ақ ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелермен (кеңестер өткізу, іс-шараларды ұйымдастыру және т.б.) байланысты мәселелерді шұғыл шешуге бағытталған қысқа мерзімді тапсырмалар болады;
      3) жылдамдату тапсырмалары – тапсырманың орындалуын жеделдетуге, күшейтуге, жандандыруға бағытталған іс-қимылдар не бастапқы бекітілген орындалу мерзімінің өзгеруіне әсер етпейтін бұрын берілген тапсырмаларды ескерту. Жылдамдату тапсырмаларын орындау туралы есептер ұсынылмайды және бағалауға жатпайды.»;
      137-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының қатарында «(жинақтау)» белгісі қойылған орган жауапты болып табылады. Ол бірлесіп орындаушылармен келісілгеннен кейін орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсынысты енгізуге құқылы. Егер орындаушы мемлекеттік орган өзінің хатында орындау мерзімін ұзарту қажеттігін көрсетпей, орындау мерзімінің бұзылу себептері туралы ақпаратты ұсынса, мұндай жағдайларда бұл тапсырма орындалмаған болып саналады.»;
      142-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекеттік органдардың ақпарат (есептер), ұсыныстар енгізуі негіз болады. Бұл ретте Премьер-Министр Кеңсесінің тұтастай құжатты немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелері есептің орындалу толықтығы мен сапасы мәніне талдау жүргізеді және Үкіметтің немесе Кеңсе басшылығының тиісті анықтамасын және (немесе) қарарын дайындайды. Есептерге талдау жүргізу мерзімі олар Кеңседе тіркелген күнінен бастап жеті жұмыс күнінен аспауы тиіс.»;
      Регламентке 1-қосымшада:
      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы).


                                                                   »;

      1-1-қосымшаның жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Премьер-Министр Кеңсесінің жобаға ескертулері жоқ (мынадай ескертулері бар). Заң бөлімінің қорытындысы қоса беріліп отыр.»;
      осы қаулыға 45-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Регламентке 5-1, 5-2-қосымшалармен толықтырылсын;
      осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілген Регламент 7-қосымшамен толықтырылсын.
      3. «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 454-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ережесінде:
      10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-1. Әділет министрлігіне заңдық сараптама жүргізу үшін келісуге жіберген кезде заң жобалары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобалары әзірлеуші мемлекеттік органның заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқарушы тұлғаның) мемлекетті органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдана отырып келісіледі.».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 629 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 16, 152-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органының үлгі регламентінде:
      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Елтаңбалық бланкіде ресімдеу талап етілмейтін Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын, заң жобаларын қоспағанда, мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).»;
      212223-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. ОМО-ға келісуге келіп түскен жобаларды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі міндеттердің бөлінуіне сәйкес ОМО басшылығына жібереді, ол жобаның өтуіне жауапты бөлімшені және олардың құзыретіне қарай ОМО-ның мүдделі бөлімшелерін айқындайды және оларға оның ішінде барлық жобалар міндетті түрде келісілетін ОМО-ның заң қызметіне жобаларды жібереді. Жобалар жіберілетін ОМО бөлімшелерінің арасында Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын, заң жобаларын келісу мемлекетті органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың интранет-порталы (бұдан әрі - МО ИП) арқылы электрондық құжаттар нысанында жүргізіледі.
      ОМО бөлімшелері, егер ОМО-ның басшылығы неғұрлым қысқа мерзімді белгілемесе, жоба келісуге түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жобаны қарайды және жобаның өтуіне жауапты бөлімшеге өз қорытындыларын ұсынады, оның басшысы жобаның тікелей орындаушысын айқындайды.
      Жобаларды қараудың жалпы мерзімі Үкімет Регламентімен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тапсырмаларымен белгіленеді.
      Жауапты құрылымдық бөлімшенің орындаушысы мүдделі бөлімшелердің пікірін қорытады және әзірлеуші органға заңнамаға сәйкес жауаптың жобасын дайындайды, оған жобаның өтуіне жауапты бөлімшенің және заң қызметінің басшылары, мүдделі бөлімшелердің басшылары міндеттердің бөлінуіне сәйкес ОМО басшылығы бұрыштама қояды, бұдан кейін ОМО-ның бірінші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
      22. Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын, заң жобаларын қоспағанда, жобаны ескертулерсіз келісу (бұрыштама қою) мүмкіндігі туралы қорытынды дайындалған жағдайда әзірлеуші орган жұмыс тәртібімен келісуші ОМО-ның бөлімшенің басшысының шешімі бойынша жобаның төлнұсқасын қол қоюға ұсынады, бұл туралы бұрын ұсынылған ілеспе хатта белгі (алушының Т.А.Ә., күні, қолы) қойылады.
      Жобаны келісу (бұрыштама қою) мүмкіндігі туралы қорытындыға келісуші ОМО-да жобаның өтуіне жауапты бөлімшенің басшысы қол қояды және 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мүдделі бөлімшелердің басшылары, міндеттерді бөлуге сәйкес ОМО басшылығы бұрыштама қояды.
      Келісуші ОМО Үкіметі қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын, заң жобаларын МО ИП-та ескертулерсіз келіскен жағдайда әзірлеуші орган жобаның телнұсқасын электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде ОМО басшысына бұрыштама қоюға ұсынады.
      МО ИП-та келісу нәтижесі келісуші ОМО-ның жобаның өтуіне жауапты бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады және 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мүдделі бөлімшелер басшыларының, міндеттерді бөлуге сәйкес ОМО басшылығының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
      23. Келісуші ОМО-да әзірлеуші толығымен келісетін ескертулері болған кезде Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын, заң жобаларын қоспағанда, жоба жұмыс тәртібімен пысықтауға қайтарылады, бұл туралы әзірлеуші мемлекеттік органның бұрын ұсынылған ілеспе хатында белгі (алушының Т.А.Ә., күні, қолы) қояды. Жобаны пысықтау мерзімі 10 жұмыс күнінен аспайды. Пысықталуына қарай келісуші ОМО бір мезгілде орын алған ескертулерді жойған жағдайда жобаны келісу (бұрыштама қою) мүмкіндігі туралы қорытынды дайындайды.
      МО ИП-та келісуші ОМО-да МО ИП-та әзірлеуші толығымен келісетін ескертулер болған кезде Үкімет қаулысы, Премьер-Министр өкімінің жобасы, заң жобасы әзірлеуші мемлекеттік органға пысықтау үшін қайтарылады. Бұл ретте әзірлеуші МО ИП-та Үкімет қаулысы, Премьер-Министр өкімі жобасының, заң жобасының пысықталған нұсқасын орналастырады және мемлекеттік органдарға келісуге қайта жолдайды. Бар ескертулерді жойған жағдайда келісуші мемлекеттік орган МО ИП-та мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған ескертулерсіз келісу туралы белгі қояды.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім ішінде жоба бойынша бұрын орын алған ескертулер ескеріліп пысықталған жоба ұсынылмаған, сондай-ақ келісуші ОМО ішінара пысықталған жобаны ұсынған жағдайларда екі жұмыс күні ішінде әзірлеуші органға ескертулер жіберіледі.
      «Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 413 Жарлығына сәйкес әзірленген жобаны ОМО келіскен және пысықтаған жағдайда, осы Жарлықта көрсетілген мерзімдер қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
      «35-1. Мемлекеттік органдардың атына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылаудағы тапсырмалары туралы ескерту МО ИП-та электрондық құжаттар нысанда ескертпелерді қалыптастыру және орналастыру көмегімен орындалады.».

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 450 қаулысына   
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша           

Премьер-Министр Кеңсесінде тіркеуге жатпайтын құжаттардың
ТІЗБЕСІ

      Кеңсеге келіп түсетін, олар бойынша шешім қабылдауды талап етпейтін (қойылған мәселелері жоқ) мынадай құжаттар тіркелмейді:
      1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағы;
      2) Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы;
      3) облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы алқа отырыстарының хаттамалары, сондай-ақ олардың жекелеген шешімдері;
      4) Кеңсеге мәлімет үшін келіп түсетін хаттардың көшірмелері;
      5) тағайындалатын қызметкерлер жөніндегі есептік деректер;
      6) мемлекеттік органдар жұмысы, экономика саласы мен әлеуметтік-мәдени сала туралы статистикалық есептер, мәліметтер, анықтамалар және мәлімет үшін жіберілген басқа да ақпараттар;
      7) ІІМ, ТЖМ және басқа да жедел қызметтердің шұғыл ақпарлары;
      8) ауа-райы мәліметтері;
      9) Кеңсе сұрау салатын алқаның қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтары;
      10) әлеуметтанушылық зерттеулердің материалдары;
      11) баспа басылымдары (кітаптар, брошюралар, газеттер, журналдар және басқалары);
      12) құттықтау жеделхаттары мен ашықхаттары (мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының жолдауларынан басқа);
      13) шақырулар;
      14) жарнамалық ақпарат;
      15) телефон орнатуға өтінімдер;
      16) рұқсаттамалар беруге өтінімдер;
      17) бухгалтерлік құжаттар;
      18) кездесуді ұйымдастыру туралы өтініштері бар хаттар.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 450 қаулысына   
2-қосымша     

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрінің Кеңсесінде
іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа
13-қосымша         

Премьер-Министр Министрінің
ведомстволық мұрағатынан құжаттарды беруге
ӨТІНІМ

Бөлім _______________________________________________________________
Кімге (Т.А.Ә.) ______________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________

Құжаттың атауы

Құжаттың тіркеу-есептік деректері

Қолданыстағы редакция

Түпнұсқасы (құжат парақтарының саны

Алушының қолы

1

2

3

4

5









































Рұқсат етемін ____ Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
Күні _____________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 450 қаулысына   
3-қосымша      

Жеке және заңды тұлғалардың  
өтініштерін қарау және олардың 
орындалуын бақылау тәртібі туралы
нұсқаулыққа 1а-қосымша    

(талонның алдыңғы беті)

ТАЛОН*
(түбіртек)
ТАЛОН
(корешок)



















(талонның саны/номер талона)
Өтініш/обращение

____________________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні немесе атауы/фамилия, инициалы либо наименование заявителя)
____________________________________________
«___» _____________ 20__ ж./г. _____________

____________________________________________
Өтінішті қабылдаған қызметкердің лауазымы, аты-жөні, қолы/должность, Ф.И.О., подпись сотрудника, принявшего обращение
____________________________________________
____________________________________________
(қолы/подпись)

Талон қабылдаушының қолы/подпись получившего талон

___________________ «___» сағ/час «___» мин.
«___» ___________________________ 20__ ж./г.
 

ТАЛОН*
(жыртылмалы талон)
ТАЛОН
(отрывной талон)



















(талонның саны/номер талона)
Өтініш/обращение

________________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні немесе атауы/фамилия, инициалы либо наименование заявителя)
________________________________________
(қабылданды/принято. Қабылдаған/принял (лауазымы, аты-жөні/должность, фамилия и инициалы)
________________________________________
________________________________________
(субъект атауы, мекенжайы және қызметтік телефоны/наименование субъекта, адрес и служебный телефон)
________________________________________
Ескерту\примечание:
Өтініш бойынша шешім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген мерзімде қабылданатын болады.
Решение по обращению будет принято в сроки, установленные законодательными актами Республики Казахстан.

«___» ______________________ 20__ ж./г.
_________________________ (қолы/подпись)

(талонның артқы беті)

* Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2012 жылғы 14 маусымдағы
№ 66 бұйрығына қосымша

Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін есепке алу Ережесіне
3-қосымша

Интернет желісінің мекенжайы:
http:\\service.pravstat.kz
Адрес Интернет ресурса:
http:\\service.pravstat.kz

1012 нөміріне SMS хабарлама
SMS сообщение на номер 1012

Станционарлық телефон арқылы
8 800-080-7777 нөмірге
Со станционарного телефона на номер
8 800-080-7777

Ұялы телефон арқылы 1414 нөміріне
С мобильного телефона на номер 1414

Ескерту\примечание:
Көрсетілген қызметтер барлық байланыс операторлары бойынша құны 15 теңге тұратын SMS-хабарламалардан
басқаларында ақысыз жүзеге асырылады.
Указанные услуги, за исключением SMS-сообщения
стоимостью 15 тенге на все операторы связи, осуществляются бесплатно.


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 450 қаулысына   
4-қосымша     

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң Регламентiне
5-1-қосымша    

Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары
бойынша, сондай-ақ Үкімет бастамашы болған заң жобасына
Парламент депутаттары енгізген түзетулер бойынша Үкімет
қорытындысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру
нәтижелерін есептеу парағы

1. Заң жобасының атауы

Р/с

Үкімет мүшесі

Дауыс берді:*

Дауыс берген жоқ

Жақтағандар

Қарсы болғандар


































































Дауыс берген
Үкімет мүшелерінің
барлығы



      2. Дауыс беру нәтижелері: _____________________________________
      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім
меңгерушісі _________________.
                  (қолы)

      * Тиісті сандар қойылатын "Дауыс берген Үкімет мүшелерінің
барлығы" деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың "Дауыс берді" және
"Дауыс берген жоқ" деген бағандарында тиісінше "+" немесе "-" белгілері қойылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 450 қаулысына   
5-қосымша     

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң Регламентiне
5-2-қосымша    

Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып
бекітуге жіберілетін заңнамалық актілер бойынша қорытынды
нысаны

      1. Заңнамалық актіні қабылдау негіздемесі.
      2. Заңнамалық актіні қабылдау мақсаттары.
      3. Заңнамалық актіні іске асырудың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары.
      4. Депутаттардың түзетулері туралы мәліметтер.
      5. Депутаттардың түзетулері бойынша Үкіметтің қорытындылары туралы мәліметтер.
      6. Мемлекеттік бюджет кірістерінің қысқаруы және мемлекеттік бюджет шығыстарының ұлғаюы туралы мәліметтер.
      7. Қабылданған заңнамалық актінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық актілерге, сондай-ақ Парламент қабылдаған, бірақ Мемлекет басшысы қол қоймаған немесе қолданысқа енгізілмеген заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы ақпарат.
      8. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің қолын қойып бекіту мүмкіндігі туралы қорытынды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 450 қаулысына   
6-қосымша      

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
7-қосымша       

Нормативтік құқықтық (құқықтық) актілерінің жобасына
«Нормативтік құқықтық (құқықтық) актісінің атауы»
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

Р/с

Құрылымдық бөліктері

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме.
Тапсырмаларға сілтемелерден басқа:
1) түзетудің мәнін;
2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесі көрсету қажет.