Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 436 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 436 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясынзаңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері, функциялары және құқықтары

      3. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу мен орындаудың мемлекетішілік тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      2) халықаралық шарттарды жасасу бойынша жоспарлауды қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын бақылау және мониторингілеу жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      4. Комиссияның негізгі функциялары:
      1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген міндеттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындыларын ескере отырып қалыптастырылатын оларды жасасу бойынша жыл сайынғы және перспективалық (үш жылдық кезеңге арналған) жоспарлар жасауға қатысу;
      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түгендеу мәселелерін қарау және олар бойынша ұсынымдар әзірлеу;
      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға және/немесе орындауға, сондай-ақ жариялауға қатысты проблемалық мәселелерді қарау;
      4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мониторингілеумен байланысты мәселелерді қарау;
      5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу болып табылады.
      5. Өзінің міндеттері мен функцияларына сәйкес Комиссияның:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық шарттар мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
      2) мемлекеттік органдардың өкілдерін Комиссия отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
      3) Қазақстан Республикасының Парламентімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға;
      4) Комиссияның міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті материалдарды мемлекеттік органдардан заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
      5) Комиссияға жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарға құқығы бар.

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссияның қызметіне төраға басшылық етеді.
      Төраға Комиссияның отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төрағаны қоса алғанда, Комиссияның әрбір мүшесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Комиссияның қызметі үшін дербес жауапты болады.
      Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
      7. Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылады.
      8. Комиссияның жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жұмыс органы жүзеге асырады.
      9. Комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастыруды, Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауды, сондай-ақ Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді жұмыс органы жүзеге асырады.
      10. Комиссияның отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ оның өткізілу күнін, уақыты мен орнын Комиссияның төрағасы айқындайды.
      11. Комиссия отырысының күн тәртібі қажетті материалдармен бірге электрондық түрде Комиссия мүшелеріне, сондай-ақ Комиссияның отырыстарына шақырылған және оларда тыңдалатын мемлекеттік органдарға және қажеттілігіне қарай басқа да мүдделі адамдарға оның өткізілуінен кемінде 10 жұмыс күні бұрын жолданады.
      12. Комиссияның отырысы Комиссияның барлық мүшелері оған қатысқан кезде заңды болып саналады. Комиссияның мүшесін осы мемлекеттік органда тең дәрежелі лауазымды иеленетін адамға ауыстыруға жол беріледі.
      13. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
      14. Комиссияның шешімдері оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.

4. Комиссия қызметін тоқтату

      15. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 436 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы

Ыдырысов
Ерлан Әбілфайызұлы

Қазақстан Республикасының Сыртқы
істер министрі, төраға

Сарыбай
Қайрат Шораұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрінің орынбасары, төрағаның
орынбасары

Ахметжанов
Тимур Болатұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігі Халықаралық құқық
департаментінің бірінші хатшысы,
хатшы

Ақышев
Данияр Талғатұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)

Меркель
Иоган Давидович

Қазақстан Республикасы Бас
прокурорының бірінші орынбасары
(келісім бойынша)

Жұмақанов
Владимир Зейноллаұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті төрағасының
бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Ахметжанов
Саян Қылышұлы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері агенттігі төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)

Лукин
Андрей Иванович

Қазақстан Республикасы Экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігі төрағасының
бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Құрманғалиева
Аида Дәденқызы

Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің жауапты хатшысы

Сафинов
Қанатбек Бейсенбекұлы

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
министрлігінің жауапты хатшысы

Майкеев
Бағдат Әбдықадырұлы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрінің орынбасары

Демеуов
Марат Ғанұлы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің орынбасары

Рау
Альберт Павлович

Қазақстан Республикасының Индустрия
және жаңа технологиялар бірінші
вице-министрі

Баймолдина
Зәуреш Хамитқызы

Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің орынбасары

Бектұров
Азат Ғаббасұлы

Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникация вице-министрі

Бөрібаев
Асқар Исмайылұлы

Қазақстан Республикасының Мәдениет
және ақпарат вице-министрі

Дәленов
Руслан Ерболатұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрі

Жақсылықов
Тимур Мекешұлы

Қазақстан Республикасының Экономика
және бюджеттік жоспарлау
вице-министрі

Мұхамеджанов
Бектас Ғафурұлы

Қазақстан Республикасының Қоршаған
ортаны қорғау вице-министрі

Смайылов
Жанболат Амангелдіұлы

Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар вице-министрі

Толыбаев
Марат Еркінұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы вице-министрі

Төкежанов
Болат Тұрғанұлы

Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау вице-министрі

Шаяхметов
Саят Болатұлы

Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым вице-министрі

Дүйсебаев
Асылбек Жексенбайұлы

Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының орынбасары

Жарқынбаев
Жасер Әзімханұлы

Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі төрағасының орынбасары

Мәтішев
Әлиакпар Болатұлы

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
қорғау агенттігі төрағасының
орынбасары

Шаймағамбетов
Еркін Мұстафаұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
агенттігі төрағасының орынбасары

Шәйжүнісов
Аллен Сержанұлы

Қазақстан Республикасы Спорт және
дене шынықтыру істері агенттігі
төрағасының орынбасары

Шойкин
Ғалым Нұрмағамбетұлы

Қазақстан Республикасы Дін істері
агенттігі төрағасының орынбасары

Исетов
Арман Асқарұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігі Халықаралық құқық
департаментінің директоры

Сүлейменов
Олжас Мұхамедғалымұлы

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы
байланыстар және протокол бөлімі
меңгерушісінің орынбасары

Қонақбаева
Айгүл Болатқызы

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы
байланыстар және протокол бөлімінің
бас сарапшысы