Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 434 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 434 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
      16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне қарай облыстардың уәкілетті органдарына мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті ұсынады және аталған есепте:»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 4-күніне қарай орталық атқарушы органға өңір бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тиісті жиынтық есепті ұсынады.»;
      көрсетілген Қағидаға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген Қағидаға 2-қосымшадағы «Тараптардың заңды мекенжайлары» деген 7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      «

      7. Тараптардың заңды мекенжайлары:
      Тапсырыс беруші                          Жұмыс беруші
      ______________________ ауданының         ______________________
      (қаласының) уәкілетті органы             ______________________
      (халықты жұмыспен қамту орталығы)        ______________________
      ________________________________         ______________________
      мекенжайы: _____________________         ______________________
      ________________________________         ______________________

      ЖСК                                      ЖСК
      БСК                                      БСК
      БСН (ЖСН)                                БСН (ЖСН)
      Коды                                     коды
      ________________________________         ______________________
               (Т.А.Ә., қолы)                      (Т.А.Ә., қолы)
      М.О.                                     М.О.

                                                                   »;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
      16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне қарай облыстардың уәкілетті органдарына мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті ұсынады және аталған есепте:»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 4-күніне қарай орталық атқарушы органға өңір бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тиісті жиынтық есепті ұсынады.»;
      көрсетілген Қағидаға 1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген Қағидаға 2-қосымшадағы «Тараптардың заңды мекенжайлары» деген 7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      «

      7. Тараптардың заңды мекенжайлары:
      Тапсырыс беруші                          Жұмыс беруші
      ______________________ ауданының         ______________________
      (қаласының) уәкілетті органы             ______________________
      (халықты жұмыспен қамту орталығы)        ______________________
      ________________________________         ______________________
      мекенжайы: _____________________         ______________________
      ________________________________         ______________________

      ЖСК                                      ЖСК
      БСК                                      БСК
      БСН (ЖСН)                                БСН (ЖСН)
      Коды                                     коды
      ________________________________         ______________________
               (Т.А.Ә., қолы)                      (Т.А.Ә., қолы)
      М.О.                                     М.О.

                                                                   »;

      көрсетілген Қағидаға 3-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 355-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiнде:
      62-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке куәлігінің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтамасы (заңды тұлғалар үшін) немесе жерлеуді жүзеге асырған дара кәсіпкер патентінің (жеке тұлғалар үшін) көшірмесі;»;
      көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада:
      мына:
      «Менің (СТН) _______________________ ӘЖК _____________________» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Менің (ЖСН) ________________________________________________»;
      көрсетілген Қағидаға 19-қосымшада:
      3-бағанның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЖСН».
      3. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
      реттік нөмірі 161-жол алынып тасталсын.
      4. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 31, 389-құжат):
      1) 1-тармақтың 10) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері не заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтамасы (заңды тұлғалар үшiн) немесе жерлеудi жүзеге асырған дара кәсiпкер патентiнiң (жеке тұлғалар үшiн) көшiрмесi және салыстыру үшін түпнұсқасы не нотариалды расталған көшірмелері;».
      5. «Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1167 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 805-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау қағидаларында:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Егер қызметкер жұмыс істеп жүрген кезде заңды тұлғаның атауы өзгерсе, 3-бағанда жеке жолға тиісті жазба жазылады, ал 4-бағанда атауды өзгерту негіздемесі (заңды тұлғаны тіркеу немесе (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың күні мен нөмірі) көрсетіледі.».

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 434 қаулысына   
1-қосымша      

Әлеуметтiк жұмыс    
орындарын ұйымдастыру  
және қаржыландыру қағидасына
1-қосымша        

_________________ ауданының,
қаласының уәкiлеттi органына
____________________________

Өтiнiм

_____________________________________________________________________
(жұмыс берушiнiң толық атауы, мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын
                      адамдары мен телефондары)
халықтың нысаналы топтары қатарындағы азаматтар үшiн әлеуметтiк жұмыс
орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.
      Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда азаматтарға тiзбеге сәйкес
мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:

Р/с

Қандай кәсiпке қабылдау жоспарланып отыр

Жұмыс орындарының жоспарланған
саны

Жұмыстардың
жоспарлы ұзақтығы (айлар)

Айлық жалақы мөлшерi, теңге

Өтемақының жоспарлы мөлшерi, теңге



















      Қосымша:
      1. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.
      2. Ұйым жарғысының немесе құрылтай шартының көшiрмесi.

      Басшы                                                      Күнi

      М.О.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 434 қаулысына   
2-қосымша      

Жастар практикасын ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасына
1-қосымша         

_________________ ауданының,
қаласының уәкiлеттi органына
____________________________

Өтiнiм

_____________________________________________________________________
(жұмыс берушiнiң толық атауы, мекенжайы, БСН (ЖСН), байланыс жасайтын
                      адамдары мен телефондары)
жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс
берушiлер тiзбесiне қосуды сұрайды.
      Мәселе оң шешiмiн тапқан жағдайда азаматтарға тiзбеге сәйкес
мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:

Р/с

Кәсібі (мамандығы)

Талап етілетін білім деңгейі

Жұмыс орындарының жоспарланған саны

Жастар практикасының жоспарлы ұзақтығы (айлар)
















      Қосымша:
      1. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.
      2. Ұйым жарғысының немесе құрылтай шартының көшiрмесi.

      Басшы                                                      Күнi

      М.О.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 434 қаулысына   
3-қосымша      

Жастар практикасын ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасына
3-қосымша          

_______________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
жастар практикасына қабылданған жұмыссыз азаматтар туралы
201__ жылғы ____________
МӘЛІМЕТТЕР

Р/с

Т.А.Ә.
(толық)

Жеке куәлігінің №, берілген күні

Туған күні

ЖСН

1

2

3

4

5

1





2






Жиыны:




      кестенің жалғасы

Айдағы жұмыс күндерінің саны

Нақты жұмыс істеген күндер

Есептелген жалақының жалпы мөлшері, теңге

Қызмет көрсетуші банк

20 мәнді карточкалық немесе ағымдағы шотының №

6

7

8

9

10
















Басшы ______________________

Бас бухгалтер ______________

      М.О.