Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1617 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға қосымшада:
Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Әбдірұлы Министрінің бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасының Өңірлік
даму министрі, төраға
Өскенбаев - Қазақстан Республикасының Өңірлік
Қайырбек Айтбайұлы даму бірінші вице-министрі, төрағаның
орынбасары
Жұманғарин - Қазақстан Республикасының Өңірлік
Серік Мақашұлы даму вице-министрі, хатшы
Аймұхаметов - Ақмола облысының әкімі
Қосман Қайыртайұлы
Шәйжүнісов - Қазақстан Республикасы Спорт және
Аллен Сержанұлы дене шынықтыру істері агенттігі
төрағасының орынбасары
Тұрғымбаев - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Ерлан Заманбекұлы министрінің орынбасары;
мына:
«Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Марат Әпсеметұлы даму және сауда вице-министрі, хатшы»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрі»;
көрсетілген құрамнан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Ерболат Асқарбекұлы Досаев, Серік Кеңесұлы Нокин, Қадырхан Махмұтұлы Отаров, Қайрат Пернешұлы Қожамжаров, Мұрат Ескелдіұлы Омаров, Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков, Елжан Амантайұлы Біртанов шығарылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі комиссияның жұмыс органы болып табылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов