"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын және орналасқан жері бойынша салық органында тіркелген ұйымдар үшін "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерiнен меншікті өндіріс тауарларының (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 404 қаулысы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 150-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын және орналасқан жері бойынша салық органында тіркелген ұйымдар үшін «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерiнен меншікті өндіріс тауарларының (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) тiзбесi бекiтiлсiн.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2014.12.09 № 1283 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 404 қаулысымен   
бекiтiлген      

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық
аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын және орналасқан
жері бойынша салық органында тіркелген ұйымдар үшін
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын
құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерiнен меншікті
өндіріс тауарларының (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)
тiзбесi

ЭҚЖЖ коды

ЭҚТӨЖ коды

Атауы

түрі

кіші түрі

КОМПЬЮТЕРЛЕР, ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖӘНЕ ОПТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕР

1

2

3

4

26.20



Компьютерлер мен перифериялық жабдықтар


26.20.1


Электрондық-есептеу техникасы, оның бөлшектерi мен керек-жарақтары



26.20.11

Салмағы 10 кг-нан аспайтын портативтi цифрлық есептеуіш машиналар (лэптоптар, ноутбуктер, органайзерлер және т.б.); цифрлық және оған ұқсас машиналар



26.20.12

Есептеуіш машиналарымен немесе желiмен байланысты сауда терминалдары, сауда автоматтары және оған ұқсас машиналар



26.20.13

Бiр корпуста, кемiнде, араласқан немесе жекелеген блоктарға орналастырылған орталық процессор және енгiзу мен шығару құрылғысы бар цифрлы есептеуіш машиналар



26.20.14

Жүйелер түрiнде берiлген деректердi автоматты өңдеуге арналған цифрлық машиналар



26.20.15

Бiр ғана корпуста мына типтердің бiр немесе екi құрылғысы: есте сақтау құрылғысы, енгiзу немесе шығару құрылғысы болатын немесе болмайтын деректердi автоматты өңдеуге арналған өзге де цифрлық машиналар



26.20.16

Басқа топтамаға енгiзiлмеген енгiзу-шығару құрылғылары



26.20.17

Басым түрде деректердi автоматты өңдеу жүйелерiнде пайдаланылатын мониторлар мен проекторлар



26.20.18

Екi немесе одан көп: басып шығару, қарап шығу, көшiру, факспен жолдау функцияларын орындайтын құрылғылар


26.20.2


Есте сақтау құрылғылары (жинақтағыштар) және сақтаушы/жазып алатын басқа құрылғылар



26.20.21

Есте сақтау құрылғылары (жинақтағыштар)



26.20.22

Сақтаушы/жазып алатын құрылғылар


26.20.3


Ақпаратты автоматты өңдеуге арналған машиналардың басқа құрылғылары; басқа топтамаларға енгiзiлмеген ақпаратты өңдеуге арналған машиналар

58.29



Өзге де бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару бойынша көрсетілетін қызметтер


58.29.1


Дайын жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуді жеке орамада шығару бойынша көрсетілетін қызметтер



58.29.11

Дайын операциялық жүйелерді жеке орамада шығару бойынша көрсетілетін қызметтер



58.29.12

Дайын желілік бағдарламалық қамтамасыз етуді жеке орамада шығару бойынша көрсетілетін қызметтер



58.29.13

Дерекқорларды басқару бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді жеке орамада шығару бойынша көрсетілетін қызметтер



58.29.14

Құрал-сайманды дайындау құралдары мен бағдарламалау тілдері арқылы дайын бағдарламалық қамтамасыз етуді жеке орамада шығару бойынша көрсетілетін қызметтер


58.29.2


Дайын қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жеке орамада шығару бойынша көрсетілетін қызметтер



58.29.21

Ішкі қолданыс үшін де жалпы мақсаттағы іскерлік қолданбалы дайын бағдарламаларды жеке орамада шығару бойынша көрсетілетін қызметтер



58.29.29

Өзге қолданбалы дайын бағдарламалық қамтамасыз етуді жеке орамада басып шығару бойынша көрсетілетін қызметтер


58.29.4


Желіде меншікті бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару (орналастыру) бойынша көрсетілетін қызметтер



58.29.40

Желіде меншікті бағдарламалық қамтамасыз етуді шығару (орналастыру) бойынша көрсетілетін қызметтер


58.29.5


Компьютерлік бағдарламалық камтамасыз етуді пайдалану құқығына беретін лицензияларды беру бойынша көрсетілетін қызметтер

62.01



Компьютерлiк бағдарламалау саласындағы қызмет


62.01.1


Жобалау және әзiрлеу бойынша көрсетілетін қызметтер



62.01.11

Қолданбалы бағдарламаларды жобалау және әзiрлеу бойынша көрсетілетін қызметтер



62.01.12

Желiлер мен жүйелердi жобалау және әзiрлеу бойынша көрсетілетін қызметтер

63.11



Деректердi орналастыру және қайта өңдеу бойынша көрсетілетін өзге де қызметтер


63.11.1


Деректердi өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер, деректердi және өзге ақпараттық технологияларды орналастыру үшiн инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер



63.11.11

Деректердi өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер*



63.11.13

Қолданбалы бағдарламалармен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер



63.11.19

Деректер мен өзге ақпараттық технологияларды орналастыру үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер



72.19.12

Информатика саласындағы зерттеулер мен эксперименталдық әзiрлемелер бойынша көрсетілетін қызметтер

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекiтiлген және қолданысқа енгiзiлген.
      ЭҚТӨЖ – экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмнiң жiктеуiшi, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 646-од бұйрығымен бекiтiлген және қолданысқа енгiзiлген.
      * Ақпараттық технологиялар саласында.