Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 765 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссияның көрсетілген құрамына мыналар енгізілсін:
Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының
Өңірлік даму министрі, төраға
Жоламанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Нұрлан Айтманұлы комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Шекара қызметінің директоры (келісім бойынша);
мына:
«Досаев - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Ерболат Асқарбекұлы және сауда министрі»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Досаев - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы бюджеттік жоспарлау министрі»;
көрсетілген құрамнан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Абай Төреғұлұлы Брекешев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов