Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында 204 «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi» әкімшісі бойынша 009 «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және салу» бағдарламасында:
«2013 жыл» деген бағанда:
«ҚР РФ-дағы Елшілігінің ғимараттарын кеңейту және ҚР-ның мәдени орталығын салу» деген жолдағы «735 000» деген сандар «343 315» деген сандармен ауыстырылсын;
«ҚР Өзбекстандағы Елшілігінің ғимараттар кешенін салу» деген жолдағы «76 001» деген сандар «467 686» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов