Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында:
«1. Облыстық әкімдік» деген бөлімде:
23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Туризм басқармасы (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары)
24. Дене шынықтыру және спорт басқармасы (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары)»;
«2. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі» деген бөлімде:
24-тармақ алынып тасталсын;
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Туризм басқармасы
26. Дене шынықтыру және спорт басқармасы».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов