"Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 275 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 сәуірдегі № 327 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 275 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес құрамына мыналар енгізілсін:
қазақстандық тараптан:
Сағынтаев             - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы       бірінші орынбасары - Қазақстан
                        Республикасының Өңірлік даму министрі

Ыдырысов              - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ерлан Әбілфайызұлы      министрі

Қуандықов             - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
Болатбек Баянұлы        агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік)
                        төрағасы

Хаиров                - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Ерлан Қартайұлы         технологиялар министрлігі Инвестиция
                        комитетінің төрағасы, хатшы

шетелдік тараптан:
Барцявичюс            - «Siemens» бас директоры (келісім бойынша)
Аудрис

Таисия                - «Қазақстан Қағазы» компаниясының бас
Когутюк                 директоры (келісім бойынша);

      мына:

«Орынбаев             - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы       орынбасары, төрағаның орынбасары

Исекешев              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы         орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия
                        және жаңа технологиялар министрі

Досаев                - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Ерболат Асқарбекұлы     және сауда министрі

Акдениз               - Қазақстанның Еуропалық сауда-өнеркәсіп
Алпер                   ұйымының (EUROBAK) төрағасы (келісім
                        бойынша)»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Орынбаев             - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы       орынбасары

Исекешев              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы         орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия
                        және жаңа технологиялар министрі, төрағаның
                        орынбасары

Досаев                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы     бюджеттік жоспарлау министрі

Акдениз               - Орталық Азия мен Кавказ бойынша
Алпер                   PricewaterhouseCoopers басқарушы әріптесі
                        (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Құсайынова Еңлік Құсайынқызы шығарылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ережеде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Кеңестің құрамы қазақстандық тараптан Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Әділет, Индустрия және жаңа технологиялар, Қоршаған ортаны қорғау, Сыртқы істер, Өңірлік даму министрліктерінің, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік), Бас прокуратураның және өзге де ұйымдардың басшылары, олардың орынбасарлары немесе жауапты хатшылары қатарынан қалыптастырылады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов