«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары;
2) жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiнiң аналықтарын отырғызуға берiлетiн бюджеттiк субсидиялардың нормативтерi;
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына берілетін бюджеттік субсидиялардың нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 304 қаулысымен
бекітілген
Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидияларды (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 866 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Бюджеттік субсидиялар:
1) элиталық тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі – элиттұқымшар) шет елдерден нақты сатып алған жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының бірегей тұқымдарының шығындарын ішінара өтеуге;
2) бірегей тұқым өндірушілердің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарын толық өтеуге;
3) тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі – тұқымшарлар) және тұқым тұтынушыларының жүгері, күнбағыс, күріш, қант қызылшасы, мақта тұқымынан және жеміс-жидек дақылдары мен жүзім екпелерінен басқа, нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымы (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) үшін шығындарын ішінара өтеуге арналған. Егер тұқымшар сонымен қатар элиттұқымшар болса және бірінші репродукциялы тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда, тұқымшардың шығындарын ішінара өтеу бірінші көбейтілген тұқымды өндірудің жоспардағы көлемін қамтамасыз ету үшін элиталық тұқымның ғылыми негізделген қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі;
4) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымының және жеміс дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің (бұдан әрі – элиталық көшеттер) құнын ішінара арзандатуға арналады. Мақтаның элиталық тұқымының құнын ішінара арзандату кезінде 1 тоннаға субсидиялар мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді.
3. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде облыстың және Астана мен Алматы қалаларының тиісті жылға арналған бюджеттерінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, облыстың және Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органы заңнамада белгіленген тәртіппен оларды бекітілген субсидиялау көлемі шегінде басқа аудандар арасында қайта бөлуі мүмкін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 866 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін тұқымның әрбір түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген шетелдік сорттардың бірегей тұқымдарының нақты сатып алынған көлемі үшін төленеді.
5. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған бірегей тұқым өндірушілерге жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету бойынша нақты орындалған іс-шаралар үшін төленеді.
6. Әрбір бірегей тұқым өндіруші үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету алқабын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – облыстың жергілікті атқарушы органы) өтінімдерін ескере отырып, Министрлік көп жылдық екпелер алқабына келетін телітушілерге қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес белгілейді.
7. Осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған тұқымшарларға және тұқым тұтынушыларына әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін тұқымның әрбір түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген сорттардың элиталық тұқымының нарықтық құны бойынша нақты сатып алынған көлемі үшін дақылдардың түріне байланысты төленеді.
8. Осы Қағидалардың 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін тұқымдар мен көшеттердің әрбір түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген жүгері, күнбағыс, күріш, қант қызылшасы элиталық тұқымдарының және көшеттер сорттарының арзандатылған құны бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге нақты сатылған көлемі үшін дақылдардың түріне байланысты төленеді.
9. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге мақтаның элиталық тұқымының арзандатылған құны бойынша нақты сатылған көлемi үшiн бюджеттiк субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарлар мен тұқым өткiзушiлерге төленедi.
10. Элиттұқымшарлар және тұқым өткізушілер жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымдарын және көшеттерін отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге облыстың жергілікті атқарушы органы белгілеген шекті бағалардан аспайтын бағалар бойынша өткізеді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 866 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
11. Әрбір элиталық тұқымның түрі бойынша әрбір тұқым шаруашылығына және тұқым тұтынушысына, жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның әрбір элиталық тұқымының және көшеттердің әрбір түрі бойынша әрбір элиттұқымшар үшін квоталарды белгіленген тәртіппен облыстардың жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
12. Облыстың жергілікті атқарушы органы Министрлікке бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 30 шілдеден кеш емес мерзімде, ал жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей бюджеттік субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат береді.
Квоталардың белгіленген көлемі орындалмаған жағдайда дақылдар бөлінісінде республиканың облыстары үшін квоталарды қайта бөлуді Министрлік белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Егер квоталардың белгіленген көлемінің орындалмауы бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлуге әкелген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 866 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
13. Элиттұқымшарлар элиталық тұқымдарды (жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның тұқымынан басқа) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге нарықтық бағамен сатады.
2. Ведомствоаралық комиссия құру тәртібі
14. Элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға арналған субсидиялар сомасын айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) шешімімен құрамына аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың өкілдігінің қызметкерлері кіретін ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
Бөлім осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде облыстың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурстарында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында бюджеттік субсидияларды алуға құжаттарды қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, субсидиялауға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны, ВАК-тың жұмыс тәртібі туралы хабарландырудың жариялануын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 866 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Шет елдерден нақты сатып алынған жүгері, қант қызылшасы,
рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының бірегей
тұқымдары үшін аттестатталған элиттұқымшарлар шығындарын
ішінара және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық
екпелері аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек
дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының
аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды
толық өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
15. Шет елдерден нақты сатып алынған жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының бірегей тұқымдары үшін элиттұқымшарлар шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар алу үшін:
1) элиттұқымшарлар есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне дейін, бірақ тиісті жылдың 10 қарашасынан кешіктірмей облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:
элиттұқымшардың ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын нақты сатып алу көлемі жөніндегі тізілімді;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актілерін;
бірегей тұқымдардың сорттық және егістік сапасын растайтын ілеспе құжаттар;
тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы зертхананың (бұдан әрі – тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана) тексерілген тұқымның саны және сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын ұсынады;
2) облыстың жергілікті атқарушы органы үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, элиттұқымшардың нақты сатып алған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемі бойынша тізілімді бекітеді, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының нақты сатып алынған көлемі бойынша жиынтық тізілім жасайды және белгіленген бюджеттік субсидиялар нормативтерінің негізінде элиттұқымшарларға төленуі тиіс қаражаттың көлемін айқындайды.
16. Элиттұқымшардың нақты сатып алған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемі бойынша тізілімнің, облыс бойынша нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемі бойынша жиынтық тізілімнің, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актісінің, тексерілген тұқымдардың саны мен сапасы туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана анықтамасының нысандарын Министрлік белгілейді.
17. Облыстың жергілікті атқарушы органы үш жұмыс күні ішінде элиттұқымшар ұсынған растаушы құжаттар негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының шет елдерден нақты сатып алынған бірегей тұқымдары үшін аттестатталған элиттұқымшарларға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
18. Облыстың жергілікті атқарушы органы ведомосты жасағаннан кейін он жұмыс күні ішінде көрсетілген бюджеттік бағдарламаның төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлеу шоттарын қоса отырып ақы төлеу шоттарының тізілімін береді.
19. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды өтеу толық көлемде ай сайынғы негізде жүзеге асырылады.
Бірегей тұқым өндірушілер бюджеттік субсидиялар алу үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету бойынша келтірілген шығындар нәтижелері бойынша есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін, бірақ тиісті жылдың 30 қарашасынан кешіктірмейтін мерзімде облыстың жергілікті атқарушы органына жасалған шарттардың және келтірілген шығындар бойынша төлеу фактісін растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кіріске алу актілерінің көшірмелерін тапсырады.
Облыстың жергілікті атқарушы органы бес жұмыс күні ішінде жасалған шарттардың және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі шығындарды растайтын құжаттардың дұрыстығын тексереді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость жасайды.
Жергілікті атқарушы орган ведомосты жасағаннан кейін он жұмыс күні ішінде көрсетілген бюджеттік бағдарламаның төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеу шоттарын қоса отырып екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін береді.
4. Жүгері, күнбағыс, күріш, қант қызылшасы, мақта тұқымдарынан
және жеміс-жидек дақылдары мен жүзім көшеттерінен басқа ауыл
шаруашылығы өсімдіктерінің (Қазақстан Республикасының тұқым
шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес республиканың басқа
облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) нақты сатып
алынған элиталық тұқымдары үшін тұқымшарлар мен тұқым
тұтынушылардың шығындарын ішінара өтеуге арналған бюджеттік
субсидияларды пайдалану тәртібі
20. Нарықтық құны бойынша сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымы үшін бюджеттік субсидиялар алу үшін тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 10 қарашасына дейін ВАК-қа:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін шаруа қожалығын құруға әкім шешімінің көшірмесін);
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмелерін;
4) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатып алған жағдайда – лицензиялық шартты, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиттұқымшарға немесе тұқым тұтынушыға (лицензиатқа) селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңға сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді;
5) ай сайын 1-күнге қарай элиттұқымшарлар бөлінісінде сатып алынған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпаратты;
6) элиталық тұқымдарды сатып алу фактісін растау үшін:
тұқымшардың немесе тұқым тұтынушының нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемі бойынша жиынтық тізілімді;
элиталық тұқымдардың сорттық және егістік сапасын растайтын құжаттарды (тұқым аттестатының көшірмесін);
тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана анықтамасының көшірмесін;
сатып алынған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, оның ішінде ішінара өтеуді растайтын, сондай-ақ тұқымды тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін;
элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын ұсынады.
Бюджеттік субсидияны төлеу сатып алынған тұқым үшін төлемді толық төлеген сатып алушылармен қатар тұқымның нарықтық құнының кемінде елу пайызы мөлшерінде ішінара төлем жасаған сатып алушыларға жүргізілуі мүмкін.
Бұл ретте, тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар қалған сомаға төлем құжаттарының көшірмесін құнын толық төлегеннен кейін, бірақ бюджеттік субсидияларды алған күнінен бастап 15 күннен кешіктірмей ВАК-қа тапсырады.
Құнын толық төлеу шарттары орындалмаған жағдайда тұқымшарлар мен тұқым тұтынушылар алған бюджеттік субсидиялар қайтарылуға тиіс.
Элиталық тұқымды сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: біріншісі – элиттұқымшар үшін, екіншісі – сатып алушы үшін, үшіншісі – ауданның жергілікті атқарушы органы үшін, төртіншісі – облыстың жергілікті атқарушы органы үшін.
21. Тұқымшар сонымен қатар элиттұқымшар болған және бірінші көбейтілген тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда тұқымшар элиталық тұқымға бюджеттік субсидиялар алу үшін:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
2) осы Қағидалардың 20-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың тізбесін;
3) ай сайын 1-күніне қарай тұқымшар пайдаланған элиталық тұқымның көлемі мен сапасы туралы ақпаратты;
4) элиталық тұқымды пайдалану фактісін растау үшін:
элиттұқымшардың нақты өндірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарының көлемі бойынша тізілімді;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын кіріске алу актісін;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдары егу сынағынан өткізу актісін;
егістіктерді сынақтан өткізу туралы екі данадағы есепті;
тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын тапсырады.
22. ВАК құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды тексереді және осы Қағидаларға 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын ала квоталарды қалыптастырады және оны ауданның жергілікті атқарушы органына бекітуге жібереді.
Егер тұқымды сатып алуға арналған өтінімнің сомасы бөлінген бюджеттік қаражаттың сомасынан артық болса, онда элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квоталар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерінде көрсетілген егістік алқаптарына барабар бөлінеді.
23. Ауданның жергілікті атқарушы органы құжаттарды алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде әрбір тұқымшарға және (немесе) тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын ала квоталарды бекітеді.
24. Бөлім үш жұмыс күні ішінде облыстың жергілікті атқарушы органына ауданның жергілікті атқарушы органы бекіткен әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түріне алдын ала жасалған квоталарды, сондай-ақ бюджеттік субсидиялар төлеудің негізділігін растайтын мынадай құжаттарды:
1) тұқымшар және (немесе) тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемі бойынша жиынтық тізілімді;
2) элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;
3) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасының көшірмесін тапсырады.
Егер тұқымшар бір уақытта элиттұқымшар болған және бірінші репродукциялы тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда:
1) элиттұқымшар ауыл шаруашылығы өсімдіктері элиталық тұқымдарының нақты өндірген көлемі жөніндегі тізілімді;
2) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын ұсынады.
25. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, мыналарды:
1) әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квоталарды;
2) облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді;
облыс бойынша элиталық тұқымдардың нақты сатып алынған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, оларда көрсетілген элиталық тұқымдардың көлемі мен бюджеттік субсидиялардың бекітілген нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін айқындайды. Пайыздық ара қатынаста бюджеттік субсидиялардың нормативтері сатып алынған тұқымның толық құнының 40%-ын құрауы, бірақ осы қаулымен бекітілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына бюджеттік субсидиялар нормативтерінен артық болмауы тиіс;
әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға белгіленген квоталар шегінде нақты сатып алынған элиталық тұқым үшін тұқымшарлардың және тұқым тұтынушылардың шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидияларды төлеу үшін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость жасайды.
26. Тұқымшар сонымен қатар элиттұқымшар болған және бірінші көбейтілген тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органы:
ұсынылған құжаттарды тексереді, мыналарды:
1) әрбір тұқымшарға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша квоталарды;
2) облыс бойынша өндірілген алынған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді;
облыс бойынша элиталық тұқымдардың нақты өндірілген көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, оларда көрсетілген элиталық тұқымдардың көлемі мен бюджеттік субсидиялардың бекітілген нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін айқындайды;
әрбір тұқымшарға белгіленген квоталар шегінде нақты өндірілген элиталық тұқымдар үшін тұқымшарлардың шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік субсидияларды төлеу үшін осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость жасайды.
27. Ұсынылып отырған элиталық тұқымдарды сатып алу-сату шартының, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын кіріске алу актілерінің, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тексерілген тұқымдардың саны және сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтаманың, тұқымшар немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымның көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша нақты сатып алынған элиталық тұқымның көлемі жөніндегі жиынтық актінің, химиялық әдіспен тазалау туралы жұмыстың орындалғаны жөніндегі актінің, ауыл шаруашылығы өсімдіктері элиталық тұқымдарының тұқымшар нақты өндірген көлемі туралы тізілімнің, облыс бойынша нақты өндірілген элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын Министрлік бекітеді.
28. Облыстың жергілікті атқарушы органы ведомосты жасағаннан кейін он жұмыс күні ішінде көрсетілген бюджеттік бағдарламаның төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін ақы төлеу шоттарын қоса отырып береді.
5. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған
жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның
элиталық тұқымдары мен жеміс-жидек дақылдары мен жүзім
көшеттерінің құнын ішінара арзандатуға арналған бюджеттік
субсидияларды пайдалану тәртібі
29. Арзандатылған құн бойынша сатылған жүгерінің, күнбағыстың, күріштің, қант қызылшасының, мақтаның элиталық тұқымдары мен көшеттерге (бұдан әрі – элиталық тұқымдар мен көшеттер) бюджеттік субсидиялар алу үшін жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 10 қарашасына дейін ВАК-қа:
1) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдары мен көшеттері белгіленген квоталар шегінде сатылған жағдайда, элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілер лицензиялық шартты береді, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиталық тұқым шаруашылығына (лицензиатқа) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді;
2) элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілер ай сайын 1-күніне қарай сатып алушылар бөлінісінде сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің саны мен сапасы туралы ақпарат береді;
3) элиттұқымшарлар мен өткізушілер элиталық тұқымдар мен көшеттерді сату фактісін растау үшін:
элиттұқымшар мен тұқым өткізушілер нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
элиталық тұқымдар мен көшеттерді өндіруге арналған бастапқы материалдың шығу тегін растайтын құжаттарды (сынақтан өткізу актісі және сынақтан өткізу туралы есепті, ал көбейту питомниктерінің тұқымдары мен суперэлитаны сатып алған жағдайда – тұқымға арналған аттестаттың көшірмесін);
тұқымдардың сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) саны мен сапасының стандарттардың талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын;
сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ көшеттерді тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін;
элиттұқымшар мен сатып алушының арасындағы элиталық көшеттерді сатып алу-сату шартын ұсынады.
Элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: біріншісі – элиттұқымшар үшін, екіншісі – сатып алушы үшін, үшіншісі – ауданның жергілікті атқарушы органы үшін, төртіншісі – облыстың жергілікті атқарушы органы үшін.
Химиялық әдіспен тазартылған мақтаның тұқымын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған бағамен сатқан элиттұқымшарлар бюджеттік субсидиялар алу үшін қосымша мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге арналған шарттардың көшірмелерін және химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін (тұқым өткізушілер – химиялық әдісі бойынша орындалған жұмыс актісін) тапсырады;
4) ВАК мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады және өзінің мөрімен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелері, элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің бір данасы және сатып алу-сату шартының бір данасы ауданның жергілікті атқарушы органына сақтауға тапсырылады;
5) бөлім құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:
элиттұқымшар (тұқым өткізуші) нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттер көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы сатылатын және сатып алынатын элиталық тұқымдар мен көшеттердің саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;
тұқымдардың сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын тапсырады;
6) облыстың жергілікті атқарушы органы:
он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, облыс бойынша элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді;
облыс бойынша элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі мен бекітілген бюджеттік субсидиялар нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін айқындайды;
әрбір элиттұқымшарға (тұқым өткізушіге) белгіленген квоталар шегінде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің құнын ішінара арзандатуға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость жасайды;
7) ұсынылып отырған элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатып алу-сату шартының, элиттұқымшар (тұқым өткізуші) нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын Министрлік бекітеді.
30. Облыстың жергілікті атқарушы органы ведомосты жасағаннан кейін он жұмыс күн ішінде көрсетілген бюджеттік бағдарламаның төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеу шоттарын қоса отырып екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін береді.
31. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 866 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
32. Бюджеттік субсидияларды төлеу тиімділік, қол жетімділік, жариялық және ашықтық қағидаттарында жүзеге асырылады.
Тұқым шаруашылығын қолдауға бөлінген субсидиялар туралы жиынтық ақпарат осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылына бір рет, тиісті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей облыстардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 866 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
33. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 866 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
34. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 866 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қағидаларға
1-қосымша
Бекітемін
_______________________________ облысы
(Астана және Алматы қалалары)
ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы « »
20__ жылғы «___» ______ - «___» __________ кезеңінде
аттестатталған тұқымшарларға шет елдерден нақты сатып алған
жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытай бұршақтың, көкөніс және
жем-шөп дақылдарының бірегей тұқымдары үшін бюджеттік
субсидияларды төлеуге арналған
ведомость
Ауданның атауы |
Бірегей тұқым өндірушінің атауы |
Дақыл |
Репродук ция |
Бірегей тұқым өндірудің жылдық квотасы |
Бюджеттік субсидиялауға құжаттар тапсырылған бірегей тұқымның нақты көлемі, тонна |
Өндірілген бірегей тұқымдардың 1 тоннасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге |
Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге |
Жыл басынан бері төленгені, теңге |
Тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасының қалдығы, теңге |
20__ ж. «__» ____ арналған квота шегінде төлеуге жататыны, теңге |
||
тонна |
сомасы, теңге |
жыл басынан бері |
20__ ж. «__» ____ - «__» ____ кезеңінде |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
Жиыны: |
________________________________ облысының
(Астана және Алматы қалаларының)
ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Қағидаларға
2-қосымша
Бекітемін
_______________________________ облысы
(Астана және Алматы қалалары)
ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы « »
20__ жылғы «___» _______ - «___» __________ кезеңінде
жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері
аналықтарын отырғызуға және отырғызылған жеміс-жидек дақылдары
мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған
өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидияларды төлеуге
арналған ведомость
Ауданның атауы |
Бірегей тұқым өндірушінің атауы |
Дақыл |
Іс-шара атауы (салу және/ немесе қызмет көрсету) |
Салудың және/немесе қызмет көрсетудің жылдық квотасы |
Салынатын және/немесе қызмет көрсетудің нақты көлемі, га |
Салудың және/немесе қызмет көрсетудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге |
Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидия сомасы, теңге |
Жыл басынан бері төленгені, теңге |
Тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасының қалдығы, теңге |
20__ ж. «__» ____ арналған квота шегінде төлеуге жататыны, теңге |
||
га |
сомасы, теңге |
жыл басынан бері |
20__ ж. «__» ____ - «__» ____ кезеңінде |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
Жиыны: |
________________________________ облысының
(Астана және Алматы қалаларының)
ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Қағидаларға
3-қосымша
_____________________________________________________ ауданының
(Астана, Алматы және облыстық маңызы бар қалаларының)
ведомствоаралық комиссиясына
Нарықтық құны бойынша сатып алынған ауыл шаруашылығы
өсімдіктерінің элиталық тұқымдарына бюджеттік субсидиялар алуға
өтінім
1. __________________________________________ негізінде әрекет ететін
(құрылтай құжаты)
______________________________________________________________ атынан
(ауыл шаруашылығы тауар өндіруші)
бірінші басшы _______________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
_________________ тонна мөлшерінде сатып алынған және егіс жұмыстарын
жүргізуге пайдаланылған _____________________________________________
(ауыл шаруашылығы дақылы, сорты, репродукциясы)
тұқымын сатып алуға жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге бюджеттік
субсидия бөлуді сұрайды.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: ________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Өтінішке мыналар қоса беріліп отыр:
заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар
үшін – әкімнің шаруа қожалығын құруға арналған шешімінің көшірмесі);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне
құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
статистикалық картаның көшірмесі;
шот-фактуралар, төлем құжаттары, тауарлық-көлік жүкқұжаттары
және басқа да растайтын құжаттар;
ағымдағы шоттың болуы туралы екінші деңгейдегі банктің
анықтамасы.
Тұқымшардың немесе тұқым тұтынушының заңды мекенжайы
және банктік деректемелері __________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Қағидаларға
4-қосымша
____________________________________________________ ауданының
(Астана, Алматы және облыстық маңызы бар қалалардың)
ведомствоаралық комиссиясына
I репродукциялы тұқым өндіруде өзі өндірген ауыл шаруашылығы
өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын пайдаланғаны үшін бюджеттік
субсидиялар алуға
өтінім
1. __________________________________________ негізінде әрекет ететін
(құрылтай құжаты)
______________________________________________________________ атынан
(ауыл шаруашылығы тауар өндіруші)
бірінші басшы _______________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
____________ тонна мөлшерінде егіс жұмыстарын жүргізуге пайдаланылған
_____________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы дақылы, сорты, көбейтілуі)
I репродукциялы тұқым өндіру үшін өзінің өндірісіндегі элиталық
тұқымды пайдаланған элиталық тұқымға субсидия бөлуді сұрайды.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: ________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Өтінімге мыналар қоса беріліп отыр:
заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар
үшін – әкімнің шаруа қожалығын құруға арналған шешімінің көшірмесі);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне
құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
статистикалық картаның көшірмесі;
шот-фактуралар, төлем құжаттары, тауарлық-көлік жүкқұжаттары
және басқа да растайтын құжаттар;
ағымдағы шоттың болуы туралы екінші деңгейдегі банктің
анықтамасы.
Тұқымшардың заңды мекенжайы
және банктік деректемелері __________________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Қағидаларға
5-қосымша
Бекітемін
________________________________ облысы
(Астана және Алматы қалаларының)
_______________________ ауданының әкімі
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы « »
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің нарық құнымен сатып алынған
элиталық тұқымдарына бюджеттік субсидиялар алу үшін әрбір
тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі
бойынша алдын ала
квоталар
Р/с |
Тұқымшар немесе тұқым тұтынушының атауы |
Субъектінің мәртебесі (тұқымшар немесе тұқым тұтынушы) |
Дақыл |
Сорт, будан |
Репродукция |
Квотаны белгілеуге арналған тұқымшардың немесе тұқым тұтынушының өтінімі |
ВАК белгілеген алдын ала квота |
|||
тонна |
сатып алынған 1 тоннаның нарықтық құны, теңге |
тонна |
1 тоннаға субсидия нормативі, теңге |
барлық көлемге тиесілі сомма, теңге |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Облыс бойынша барлығы |
ВАК төрағасы ____________________
(қолы, Т.А.Ә., мөрі)
ВАК мүшелері ____________________ ____________________
(қолы, Т.А.Ә., мөрі) (қолы, Т.А.Ә., мөрі)
____________________
(қолы, Т.А.Ә., мөрі)
Қағидаларға
6-қосымша
Бекітемін
________________________________ облысы
(Астана және Алматы қалаларының)
_______________________ ауданының әкімі
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы « »
I репродукциялы тұқымдарды өндіру кезіндегі өзі өндірген ауыл
шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымдарын пайдаланғанына
бюджеттік субсидиялар алу үшін элиталық тұқымның әрбір түрі
бойынша әрбір тұқымшарға арналған алдын ала
квоталар
Р/с |
Тұқымшар немесе тұқым тұтынушының атауы |
Субъектінің мәртебесі (тұқымшар немесе тұқым тұтынушы) |
Дақыл |
Сорт, будан |
Репродукцияны |
Квотаны белгілеуге арналған тұқымшар өтінімі |
ВАК белгіленген алдын ала квота |
|||
тонна |
сатып алынған 1 тоннаның нарықтық құны, теңге |
тонна |
1 тоннаға субсидия нормативі, теңге |
барлық көлемге тиесілі сома, теңге |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Облыс бойынша барлығы |
ВАК төрағасы ____________________
(қолы, Т.А.Ә., мөрі)
ВАК мүшелері ____________________ ___________________
(қолы, Т.А.Ә., мөрі) (қолы,Т.А.Ә., мөрі)
____________________
(қолы, Т.А.Ә., мөрі)
Қағидаларға
7-қосымша
Бекітемін
________________________________ облысы
(Астана және Алматы қалалары)
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы « »
20__ жылғы «___» ______ - «___» __________ кезеңінде
тұқымшарлардың және тұқым тұтынушылардың нақты сатып алған
элиталық тұқымы үшін шығындарын ішінара өтеуге бюджеттік
субсидиялар төлеуге арналған жиынтық
ведомость
Ауданның атауы |
Тұқымшар немесе тұқым тұтынушының атауы |
Субъектінің мәртебесі (тұқымшар немесе тұқым тұтынушы) |
Дақыл |
Сатып алынған құн |
Элиталық тұқымды сатып алудың жылдық квотасы |
Бюджеттік субсидиялауға құжаттар тапсырылған элиталық тұқымның нақты сатып алынған көлемі, тонна |
Сатып алынған элиталық тұқымдардың 1 тоннасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге |
Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге |
Жыл басынан бері төленгені, теңге |
Тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасының қалдығы, теңге |
20__ ж. «__» ____ арналған квота шегінде төлеуге жататыны, теңге |
||
тонна |
сомасы (теңге) |
жыл басынан бері |
20__ ж. «__» ____ - «__» ____ кезеңінде |
||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
ЖИЫНЫ: |
________________________________ облысының
(Астана және Алматы қалаларының)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Қағидаларға
8-қосымша
Бекітемін
________________________________ облысы
(Астана және Алматы қалалары)
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы « »
20__ жылғы «___» ______ - «___» __________ кезеңінде
өндірілген элиталық тұқымдар үшін тұқымшарлардың шығынын
ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық
ведомость
Ауданның атауы |
Элиталық тұқым өндірушінің атауы |
Дақыл |
Репродукция |
Элиталық тұқымды өндірудің жылдық квотасы |
Бюджеттік субсидиялауға құжаттар тапсырылған элиталық тұқымның нақты көлемі, тонна |
Өндірілген элиталық тұқымдардың 1 тоннасына арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге |
Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге |
Жыл басынан бері төленгені, теңге |
Тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасының қалдығы, теңге |
20__ ж. «__» ____ арналған квота шегінде төлеуге жататыны, теңге |
||
тонна |
сомасы, теңге |
жыл басынан бері |
20__ ж. «__» ____ - «__» ____ кезеңінде |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
ЖИЫНЫ: |
________________________________ облысының
(Астана және Алматы қалаларының)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Қағидаларға
9-қосымша
Бекітемін
________________________________ облысы
(Астана және Алматы қалалары)
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы « »
20__ жылғы «__» _________ - «__» ___________ кезеңінде
отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған
элиталық тұқымдар мен көшеттер құнын ішінара өтеуге бюджеттік
субсидиялар төлеуге арналған жиынтық
ведомость
Ауданның атауы |
Элиттұқымшар атауы |
Дақыл |
Сатылған күні |
Элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатудың жылдық квотасы |
Бюджеттік субсидиялауға құжаттар тапсырылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі, тонна/дана |
Сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің 1 тоннасына (данасына) арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге |
Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге |
Жыл басынан бері төленгені, теңге |
Тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасының қалдығы, теңге |
20__ ж. "__" ____ арналған квота шегінде төлеуге жататыны, теңге |
||
тонна (дана) |
сомасы (теңге) |
жыл басынан бері |
20__ ж. «__» ____ - «__» ____ кезеңінде |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
ЖИЫНЫ: |
________________________________ облысының
(Астана және Алматы қалаларының)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Қағидаларға
10-қосымша
Бекітемін
________________________________ облысы
(Астана және Алматы қалалары)
Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
_______________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 жылғы « »
Тұқым шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен бөлінген
субсидиялар туралы жиынтық ақпарат
Ескерту. 10-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 866 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Субсидия алушылардың атауы |
Субсидиялар берілетін іс-шаралардың атауы |
Жыл басынан бері тиесілі бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге |
Нормативтік құқықтық құжаттың атауы, күні және нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
ЖИЫНЫ: |
________________________________ облысының
(Астана және Алматы қалаларының)
Ауыл шаруашылығы басқармасы
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 304 қаулысымен
бекітілген
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері
аналықтарын отырғызуға бюджеттік субсидиялардың
нормативтері
Р/с |
Өнімнің түрі, іс-шаралар |
1 тоннаға (дана, гектар) арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге |
1 |
2 |
3 |
Көбейту питомниктері мен аналық нысандар |
||
1 |
Жүгері |
332808 |
2 |
Қант қызылшасы |
2728800 |
3 |
Басқа майлы дақылдар |
161907 |
4 |
Қытай бұршақ |
161907 |
5 |
Біржылдық шөптер |
56967 |
6 |
Көп жылдық шөптер: |
|
бұршақты |
571733 |
|
7 |
Көкөніс |
878400 |
8 |
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын отырғызу |
1323723,4 |
9 |
Отырғызылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету |
1126047,2 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 304 қаулысымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының
1 тоннасына бюджеттік субсидиялардың
нормативтері
Р/с |
Өнімнің түрі |
Элиталық тұқымның 1 тоннасына (данаға) бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге (дейін) |
1 |
2 |
3 |
1 |
Жұмсақ бидай |
19330 |
2 |
Қатты бидай |
20160 |
3 |
Қара бидай |
19330 |
4 |
Арпа |
15080 |
5 |
Сыра дайындауға арналған арпа |
15900 |
6 |
Сұлы |
15080 |
7 |
Тары |
18400 |
8 |
Қарақұмық |
21120 |
9 |
Жүгері: |
|
кеш пісетін, орташа-кеш және орташа пісетін бірінші ұрпағының будандары, бірінші репродукциялы будандық популяциялар; |
130264 |
|
ерте пісетін бірінші ұрпағының будандары, бірінші репродукциялы будандық популяциялар |
94746 |
|
10 |
Күріш |
52007 |
11 |
Асбұршақ |
23270 |
12 |
Ноқат |
23950 |
13 |
Қытайбұршақ |
23870 |
14 |
Басқа дәнді бұршақты дақылдар |
17670 |
15 |
Күнбағыс: |
|
элиталық тұқымдар; |
249715 |
|
16 |
Рапс |
150000 |
17 |
Басқа майлы дақылдар |
100441 |
18 |
Картоп |
55519 |
19 |
Көкөніс |
1000000 |
20 |
Көп жылдық шөптер: |
|
бұршақты |
309940 |
|
21 |
Біржылдық шөптер |
184430 |
22 |
Қант қызылшасы |
2108300 |
23 |
Бірінші репродукцияны қоса алғанда, мақта: |
|
механикалық әдіспен тазаланған кезде |
48151 |
|
24 |
Жеміс дақылдарының көшеттері |
140 |
25 |
Жүзім көшеттері |
90 |