Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың деңгейін арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында орналасатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «6698 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің жарғысын бекітсін және Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-1-жолмен толықтырылсын:
«77-1. 6698 әскери бөлімі.».
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов