Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 279 қаулысы

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 625-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары;
      2) тәуекел дәрежесінің критерийлері бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 27 наурыздағы
№ 279 қаулысымен    
бекітілген       

Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын
растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 625-бабына сәйкес әзірленген және қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалар ҚҚС жөніндегі декларацияда көрсетілген қайтару туралы талаптың (бұдан әрі – қайтару туралы талап) және (немесе) ҚҚС асып түскенін қайтару туралы салықтық өтініштің (бұдан әрі – қайтару туралы салықтық өтініш) негізінде қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау жөніндегі тақырыптық тексерулерді жүргізу кезінде ғана қолданылады.

2. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен
сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану
тәртібі

      3. Салық төлеушіден қайтару туралы талабы және (немесе) қайтару туралы салықтық өтініші түскен кезде салық органы қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тиісті тақырыптық салық тексеруін жүргізуді тағайындайды.
      4. Сонымен қатар бір мезгілде қайтару туралы талабын және (немесе) қайтару туралы салықтық өтінішін ұсынған салық төлеуші қызметінің көрсеткіштері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәуекел дәрежесінің критерийлерін (бұдан әрі - критерийлер) пайдалана отырып бағаланады.
      5. Критерийлер бойынша баллдар, барлық критерийлер бойынша жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін қосылып, осы қорытынды салық төлеушілерді тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін пайдаланылады.
      6. Егер, критерийлерді пайдалана отырып алған бағаның нәтижесі бойынша баллдардың жиынтық қорытындысы отыз бес және одан жоғары балл болған жағдайда, салық төлеуші тәуекел дәрежесіне жатқызылады.
      7. Егер, критерийлерді пайдалана отырып алған бағаның нәтижесі бойынша баллдардың жиынтық қорытындысы отыз бес баллдан төмен болып, бірақ салық төлеушінің қызметінде осы Қағидаларға 123-қосымшаларда көзделген схемаларға жататын салықты төлеуден жалтару белгілері байқалған жағдайда, салық органы мұндай салық төлеушіні тәуекел дәрежесіне жатқызады.
      Бұл ретте, салықтарды төлеуден жалтару белгілері мыналар:
      1) шын мәнінде тауарды жеткізбей, жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, ҚҚС сомаларын есепке жатқызу құқығын алу мақсатында мәмілелер жасасу;
      2) тауардың қосылған құнын ұлғайту, тиісінше, есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын ҚҚС сомасының асып түсуін (бұдан әрі – ҚҚС асып түсуі) өсіру мақсатында мәмілелер жасасу болып табылады.
      8. Тәуекел дәрежесіне жатқызылған салық төлеушілерге қатысты салық органы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жеткізушілер бойынша «Жеткізушілер бойынша пирамида» талдамалы есебін (бұдан әрі – талдамалы есеп) қалыптастырады.
      9. Егер талдамалы есепті қалыптастыру кезінде:
      1) ірі салық төлеушілер мониторингіндегі;
      2) өз өндірісінің тауарларын өндіретін, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін салық төлеуші (ұнды, ірі және ұсақ малдардың терілерін өндіретін, түрлі түсті және қара металлдардың сынықтарын қайта өңдейтін тұлғаларды қоспағанда);
      3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын;
      4) одан әрі олардың сатып алушыларына экспортталған жылу және электр энергиясын, суды және (немесе) газды жеткізуді қоспағанда, жылу және электр энергиясын, суды және (немесе) газды жеткізуді жүзеге асыратын;
      5) байланыс қызметін жеткізуді жүзеге асыратын;
      6) техникалық сынаулар, талдау және өнімдерді сертификаттау бойынша қызметтерді жеткізуді жүзеге асыратын салық төлеуші болып табылатын өнім беруші белгіленген болса, онда салық органы осындай салық төлеушінің өнім берушілері бойынша талдамалы есепті одан әрі қалыптастыруды тоқтатады.
      10. Тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын тұлға талдамалы есептің нәтижелерін талдайды. Бұл ретте, қарсы тексерістерді және (немесе) бұзушылықтарды жоюға сауал жіберуді тағайындау туралы шешім тек салық заңнамасын бұзушылықтар және (немесе) айырмашылықтар анықталған салық төлеушілер бойынша ғана қабылданады.
      11. Талдамалы есептің нәтижесі бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілерде салық заңнамасын бұзушылықтар және (немесе) айырмашылықтар анықталған жағдайда, ҚҚС асып түскен сомаларын қайтару, ұсынылған сомалардың салық заңнамасын, сондай-ақ Салық кодексінің 635-бабындағы және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабындағы ережелерді есепке ала отырып, бұзушылықтар және (немесе) айырмашылықтар анықталған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің үлесіне келетін ҚҚС асып түскен сомаларына азайтылған сомалар шегінде жүргізіледі.
      Бұл ретте, қайтарылуға жататын ҚҚС асып түскен сомасы мына тәртіппен айқындалады:
      1) салық заңнамасын бұзушылықтар және (немесе) айырмашылықтар анықталған әр салық төлеушіден бастап, қайтару туралы талабын және (немесе) қайтару туралы салықтық өтінішін тапсырған салық төлеушіге дейін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілер есепке жатқызған ҚҚС сомаларынан ең азы белгіленеді;
      2) мына сомалардан ең азы белгіленеді:
      осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалған ҚҚС сомаларынан қалыптасқан жиынтықтағы ҚҚС сомалары;
      және
      тікелей жеткізушіден қайтару туралы талабын және (немесе) қайтару туралы салықтық өтінішін ұсынған салық төлеушімен есепке жатқызылған ҚҚС сомалары;
      3) қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып түскен сомаларынан осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тәртіппен айқындалған ҚҚС сомалары шегеріледі.
      Қайтаруға жататын ҚҚС асып түскен сомаларын айқындау мысалдары, осы Қағидаларға 45-қосымшаларда келтірілген.
      12. Салық кодексінің 635-бабы 1012-тармақтарында және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 11-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ҚҚС асып түскен сомаларының қалғандарын қайтару, келесі салық кезеңдерінде салық төлеушімен осы сомаларды қайтару туралы талабына қосу жолымен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілер салық заңнамасын бұзушылықтарын жою шамасына қарай және (немесе) бұзушылықтар жойылған тиісті салық кезеңіне қайтару туралы салықтық өтінішін ұсынған кезде жүргізіледі. Бұл ретте, қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеруді жүзеге асыратын салық органының лауазымды тұлғасы мұндай жеткізушілер бойынша талдамалы есептің нәтижелеріне міндетті түрде талдау жүргізеді.
      13. ҚҚС асып түсуін қайтаруда оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы бар салық төлеушілер бойынша қолданылатын критерийлердің мәндері және тиісінше, критерийлерді пайдалана отырып алған бағаның нәтижелері бойынша алынған баллдардың жиынтық қорытындысы нөлге тең.

Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының
асып түскен сомасын растау мақсатында  
тәуекелдерді басқару жүйесін      
қолдану қағидаларына           
1-қосымша                

Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының
асып түскен сомасын растау мақсатында  
тәуекелдерді басқару жүйесін      
қолдану қағидаларына          
2-қосымша               

Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының
асып түскен сомасын растау мақсатында  
тәуекелдерді басқару жүйесін       
қолдану қағидаларына           
3-қосымша                 

Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының
асып түскен сомасын растау мақсатында  
тәуекелдерді басқару жүйесін       
қолдану қағидаларына           
4-қосымша                 

Қайтаруға жататын ҚҚС асып түскен сомасын айқындау мысалы

      Қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып түскен сомасынан салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған салық төлеушіден тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді берушілермен есепке жатқызған, - 150 м.т. ҚҚС асып түсуін қайтару туралы талабын (салықтық өтінішін) ұсынған ҚҚС төлеушіге дейін, ең аз ҚҚС сомалары алынып тасталады.

Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының
асып түскен сомасын растау мақсатында  
тәуекелдерді басқару жүйесін       
қолдану қағидаларына           
5-қосымша                

Қайтаруға жататын ҚҚС асып түскен сомасын айқындау мысалы

      Қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып түскен сомасынан ең азы мынадай сомалардан алынып тасталады: Осы Нұсқаулықтың 11-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған ҚҚС сомаларының қалыптасқан қосынды ҚҚС сомасы және тікелей өнім берушіден ҚҚС асып түсуін қайтару туралы талабын (салықтық өтінішін) ұсынған ҚҚС төлеушімен есепке жатқызылған – 1 000 м.т.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 27 наурыздағы
№ 279 қаулысымен   
бекітілген      

Тәуекел дәрежесінің критерийлері

       Тәуекел дәрежесінің критерийлері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 625-бабына сәйкес әзірленген.

Р/с

Критерийдің атауы

Баллдар саны

1.

Салық төлеушінің салықтық жүктеме коэффициенті (бұдан әрі - СЖК), СЖК-нің орташа салалық мәнінен төмен

25

2.

Салық төлеушінің кезекті үш жылдың ішіндегі залалдығын көрсетуі

10

3.

Соңғы 3 жылда қосылған құн салығы бойынша (бұдан әрі - ҚҚС) тұрақты есепке алудың асып түсуі

5

4.

ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген қайтару туралы талабын (бұдан әрі – қайтару туралы талабы) және (немесе) ҚҚС асып түсуін қайтару туралы салықтық өтінішін (бұдан әрі – қайтару туралы салықтық өтініші) ұсыну күнінің алдындағы он екі ай кезеңі үшін екі реттен артық азайтуға ҚҚС бойынша қосымша есебін ұсынуы

10

5.

Салық төлеуші ұзақ уақыт (үш жылдан көп) кешенді салықтық тексеруге ұшырамаған

5

6.

Соңғы 3 жылда өзара байланысты жақтармен өзара есеп айырысулардың болуы

5

7.

Соңғы 5 жылда күдікті мәмілелерді жүзеге асыру:
- жалған кәсіпорындармен;
- салық есептілігін тапсырмайтын немесе нөлдік салық есептілігін тапсыратын салық төлеушілермен;
- әрекет етпейтін салық төлеушілермен;
- таратылған салық төлеушілермен;
- ҚҚС бойынша есептен алынып тасталған салық төлеушілермен;
- банкротталған салық төлеушілермен.

35

8.

Тіркеу деректеріне сәйкес салық міндеттемелерін орындамау және (немесе) толығымен орындамау ықтималдылығы бар болған салаларда қызметін жүзеге асыруы (құрылыс, сауда)

10

9.

Қайтару туралы талабын және (немесе) қайтару туралы салықтық өтінішін ұсыну күнінің алдындағы он екі айлық кезеңде ҚҚС бойынша камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша расталған бұзушылықтардың болғаны

5

10.

Соңғы 5 жылда сатып алған бағасынан төмен бағалар бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу (қолдағы бар ақпараттар бойынша, оның ішінде, алдағы салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша)

10

11.

Қайтару туралы талабын және (немесе) салық өтінішін ұсыну күнінің алдындағы он екі айлық кезеңде № 10 қойылған хабарландырудың болуы

5

12.

Қайтару туралы талабын және (немесе) қайтару туралы салықтық өтінішін ұсыну күнінің алдындағы он екі айлық кезеңде мынадай бір немесе бірнеше фактілердің болғаны: ҚҚС асып түскенін қайтару туралы талабы көрсетілген бастапқы ҚҚС бойынша декларациясын тапсыру; салық төлеушінің орналасқан орнын өзгертуі

10

13.

Мынадай фактілердің біреуінің болуы:
құрылтайшысы резидент емес жеке тұлғалар болып табылады;
қайтару туралы талабын және (немесе) қайтару туралы салықтық өтінішін ұсыну күнінің алдындағы он екі айлық кезеңде жұмыскерлердің саны екі адамнан аспайды;
қайтару туралы талабын және (немесе) қайтару туралы салықтық өтінішін ұсыну күнінің алдында салықтардың көрсетілген түрлері бойынша салық кезеңінде мүлік салығы, жер салығымен салық салатын объектілерінің болмауы

10