Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар республикалық меншіктен:
1) жалпы ұзақтығы 18,7 километр А-1 «Астана-Петропавл, Көкшетау қаласы арқылы» автомобиль жолының учаскесі Ақмола облысының;
2) жалпы ұзақтығы 18 километр Р-2 «Астана-Қорғалжын» автомобиль жолының Ақмол кентіне дейінгі учаскесі Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана қаласының, Ақмола облысының әкімдерімен бірлесіп, автомобиль жолдарының жоғарыда көрсетілген учаскелерін қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 54, 596-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесінде:
«А-1 Астана-Петропавл, Көкшетау қаласы арқылы» деген жолдағы «452» деген сандар «433,3» деген сандармен ауыстырылсын;
«А-3 Алматы-Өскемен» деген жолдағы «1036» деген сандар «1030» деген сандармен ауыстырылсын;
«А-22 Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» деген жолдағы «541» деген сандар «543» деген сандармен ауыстырылсын;
«Р-2 Астана-Қорғалжын, Қорғалжын қорығына кіреберіспен» деген жолдағы «161» деген сандар «143» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
Р-46 |
Шучье-Бурабай курорттық аймағының ойын-сауық орталығына кіреберіс |
8,9 |
Р-47 |
Қырғызстан шекарасына (Қарасу) кіреберіс |
10,6 |
Р-48 |
«Алатау ақпараттық технологиялар паркі» еркін экономикалық аймағына кіреберіс |
9,95 |
»;
«Жиыны» деген жолдағы «23496,2» деген сандар «23484,95» деген сандармен ауыстырылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов