"Тауар шығарылған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу, куәландыру және беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 28 ақпандағы № 201 қаулысы

Қолданыстағы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тауар шығарылған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу, куәландыру және беру жөнiндегi ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тауар шығарылған елдi анықтау, тауардың шығу тегi туралы сараптама актiсiн жасау және беру әрi тауардың шығу тегi туралы сертификатты ресiмдеу, куәландыру және беру жөнiндегi ережеде:
      көрсетілген ережеге 9-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      «

4009

Қатты резеңкеден басқа вулкандық резеңкеден жасалған құбырлар, түтіктер және шлангтер, фитингтерсіз немесе фитингтермен (мысалы, қосылыстармен, түтіктермен, шентемірлермен)

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс, мынадай операцияларды орындау жағдайында:
- шлангты кесу;
- муфталық қосылыстарды кесу;
- муфталарды бұрау;
- шлангтарды сыққышта гидравликалық сынау

                                                                   »;

      «

4015

Киiм және түрлi мақсаттарға арналған қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған киiмдерге (қолғаптарды, биялайларды және митенкiлердi қоса алғанда) арналған керек-жарақтар

Кез келген позицияның материалдарынан дайындау. Алайда, 4015 позициясының пайдаланылатын материалдар құны мыналардан:
- тауардың осы түрiн дайындаған күннен бастап бiрiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан;
- екiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 70 %-ынан;
- үшiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 60 %-ынан;
- тауардың осы түрiн дайындаудың төртiншi жылынан бастап түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиiс. Мынадай операцияларды орындау жағдайында:
- орамаларды дайындау;
- екі-екіден жекелеген орамаға қаптау;
- зарарсыздандыру;
- зарарсыздыққа тексеру

                                                                   »;

      «

4802

Жылтырлатылмаған, хат, басып шығару және басқа графикалық мақсаттар үшін қолданылатын қағаз және картон, және тесілмеген карталар және тесілмеген қағаз таспалар, орамдарда немесе тік бұрышты (шаршыларды қоса алғанда) парақтарда кез келген мөлшерде, 4801 немесе 4803 тауарлық позициялардың қағаздарынан басқа; қолдан құйылған қағаз және картон

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында:
- технологиялық жабдықта орамды тарқатуға орнату;
- технологиялық жабдықта белгіленген пішімде көлденең және бойлық кесуді жүзеге асыру;
- технологиялық жабдықта белгіленген пішімдегі бумаларды жиынтықтауды жүзеге асыру;
- конвейерде буып түю

4810

Бір немесе екі жағынан каолинмен (қытай саз балшығымен) немесе басқа бейорганикалық заттармен жабылған, байланыстырушы заттарды пайдаланумен немесе оларсыз, және қандай да бір басқа жабынсыз, боялған немесе боялмаған, безендірілген немесе безендірілмеген үстіңгі қабатымен, басып шығарылған немесе басып шығарылмаған, орамдарда немесе тік бұрышты (шаршыны қоса алғанда) кез келген мөлшердегі парақтардағы қағаз және картон:
- хат, басып шығару немесе басқа графикалық мақсаттар үшін құрамында механикалық немесе химиялық-механикалық тәсілмен алынған талшықтар жоқ немесе мұндай талшықтардың талшықтың жалпы салмағының 10 % көп емес құрамы бар пайдаланылатын қағаз және картон

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында:
- технологиялық жабдықта орамды тарқатуға орнату;
- технологиялық жабдықта белгіленген пішімде көлденең және бойлық кесуді жүзеге асыру

                                                                   »;

      «

5603

5603 позициясының тоқылмаған материалдан жасалған медициналық бір реттік зарарсыздандырылған киімдердің жиынтықтары және бірлі-жарым бұйымдары

Кіріс бақылауы, төсем, пішу, тігу (қажетіне қарай), зарарсыздандыру, буып түю, шығыс бақылауы

                                                                   »;

      «

7304

Қара металдардан жасалған қуыс, жiксiз құбырлар, түтiктер және профильдер (шойыннан құйылғандардан басқа)

Дайындау кезiнде дайын өнім позицияның пайдаланылатын барлық материалдардың және түпкілікті өнiмнiң құны мынадай операцияларды орындау жағдайында 2010 жылдан кейiн (өндірістің басталу күніне байланысты емес) өндiрiстiң бiрiншi жылындағы түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауы тиiс:
- муфталық бұранда қосылыстарының ойығы;
- муфталарды бұрап кiргiзу;
- құбырларды гидравликалық сынау;
- екiншi жылы түпкiлiктi өнiм бағасының 70 %-ы, мынадай операцияларды орындау жағдайында:
- Қазақстанда өндiрiлген муфталардың өндiрiсi/қолданылуы, Қазақстанда өндiрiлген ойма протекторларының өндiрiсi/қолданылуы;
- үшiншi жылы, түпкiлiктi өнiм бағасының 60 %-ы, мынадай операцияларды орындау жағдайында:
- Премиум сыныпты газды тығыз бұрама қосылыстарды кесу;
- төртiншi жылы, түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ы, мына операцияларды орындау жағдайында:
- iшкi орнықты құбырларға коррозияға қарсы және тегiс жамылғы жағу

                                                                   »;

      «

8307

Бағалы емес металдардан жасалған, фитингтермен немесе оларсыз иілгіш құбырлар

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс, мынадай операцияларды орындау жағдайында:
- параметр бойынша дайындаманы іріктеу;
- құбырларды кесу;
- диаметрімен қысу сақиналарын іріктеу;
- соңғы арматуралар мен құбырларды дәнекерлеу;
- дәнекерлеу жіктерін жылтырату;
- бұйымдарды жинау;
- стендте гидравликалық сынау

                                                                   »;

      мына:

      «

84-топтан

Ядролық реакторлар, қазандықтар, жабдықтар, механикалық құрылғылар, олардың бөлшектері, бұдан әрі жазылатын мынадай позицияларға жататын өнімдікіндей қолданылатын ережелер берілген өнімдерден басқа: 8403, 8404, 8406-8408, 8412, 8415, 8418, 8419 40 000 0, 8419 50 000 0, 8419 89, 8419 90, 8425-8430, 8432 30, 8433, 8444-8447, 8448, 8452, 8456-8466, 8469-8472, 8480, 8484, 8485

Дайындау, ол кезде және барлық пайдаланылған материалдың құны олар үшін түпкілікті өнім бағасының 50 %-нан аспауы тиіс.
Жоғары, көрсетілген шектеуде позицияда жіктелетін материалдар түпкілікті өнім бағасының 5 %-ы шегіндегі сомаға дейін

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

84-топ

Ядролық реакторлар, қазандықтар, жабдық пен механикалық құрылғылар, олардың бөлшектері, келесі позицияларға жататын, олар үшін қолданатын ережелер бұдан әрі берілген өнімдерден басқа: 8403, 8404, 8406-8408, 8412, 8414, 8415, 8418, 8419 40 000, 8419 50 000, 8419 89, 8419 90, 8421, 8425-8430, 8432 30, 8433, 8444-8447, 8448, 8450, 8452, 8456-8466, 8469-8472, 8480, 8484, 8485

Дайындау кезінде пайдаланылатын материалдардың бағасы түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнім позициясында жіктелетін материалдар тек қана түпкілікті өнім бағасының 5 % шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады

                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      «

8414

Ауа немесе вакуумдық сорғылар, ауа немесе газ компрессорлары және желдеткіштері;
желдеткішпен, сүзгілермен немесе сүзгілерсіз желдеткіш немесе рециркулярлық сорып шығару қақпақтары немесе шкафтары

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ының аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнім позициясында жіктелетін материалдар түпкілікті өнім бағасының 80 %-ы шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады

                                                                   »;

      «

8421

Центрден тепкіш күшімен кептіргіштерді;
сұйықтықтарды немесе газдарды сүзгілеуге немесе тазартуға арналған жабдықтар мен құрылғыларды қоса алғанда, центрифугалар

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнім позициясында жіктелетін материалдар түпкілікті өнім бағасының 90 %-ы шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады

                                                                   »;

      «

8450

Кір жуатын машиналар

Мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген позиция материалдарынан дайындау:
- корпус элементтерін дайындау;
- басқару платасын дайындау;
- электр сымы элементтерін дайындау;
- блоктарын жинау және құрастыру;
- параметрлерін реттеу және бақылау

                                                                   »;

      мына:

      «

8471

Есептеу машиналары және олардың блоктары;
магниттiк немесе оптикалық санағыш құрылғылар, деректердi кодталған нысандағы ақпарат тасымалдағыштарына және осыған ұқсас ақпаратты өңдеуге арналған машиналарға тасымалдауға арналған басқа жерде аталмаған және енгiзiлмеген машиналар

Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдар құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауы тиiс

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

8471

Есептеу машиналары және олардың блоктары;
магниттiк немесе оптикалық санағыш құрылғылар, деректердi кодталған нысандағы ақпарат тасымалдағыштарына және осыған ұқсас ақпаратты өңдеуге арналған машиналарға тасымалдауға арналған басқа жерде аталмаған және енгiзiлмеген машиналар

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдар құны мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауы тиiс:
- есептеуiш техниканы конфигурациялау және реттеу;
- корпуста мынадай функционалды тораптарды: жүйелiк платаны, қоректендiру блогын және есептеуiш техникасының конфигурациясына кiретiн басқа құрамдауыштарды монтаждау;
- құрастырушы элементтердiң кiрiсiн бақылау;
- БҚ орнату және есептеуiш техниканы тестiлеу, оның iшiнде алынған нәтижелердi сақтай отырып компьютердiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн тексерудiң кешендi тестiн орындау

                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      «

8515

Электрлік (оның ішінде электрлік газбен қыздырылатын), лазерлі немесе басқа да жарықты немесе фотонды, ультрадыбысты, электронды-сәулелі, магнитті-импульсті немесе плазмалы-доғалы төменгi температурада дәнекерлеуге, жоғары температурада дәнекерлеуге немесе пiсiруге арналған, кесу үшiн жарамды немесе жарамсыз машиналар мен аппараттар; металл немесе металл керамикаларын ыстықпен жалату үшін электрлік машиналар мен аппараттар

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиiс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнім позициясында жіктелетін материалдар, құны түпкiлiктi өнiм бағасының 85 %-на дейінгі шегінде қолданыла алады

                                                                   »;

      «

8517

Ұялы байланыс желiлерiне немесе басқа сымсыз байланыс желiлерiне арналған телефон аппараттарын қоса алғанда телефон аппараттары; басқа сымды немесе сымсыз байланыс желiсiне арналған коммуникацияға арналған аппаратураны қоса алғанда дауысты, бейненi немесе басқа деректердi таратуға немесе қабылдауға арналған басқа аппаратура (мысалы, жергiлiктi немесе ғаламдық байланыс желiсiнде), 8443, 8525, 8527 немесе 8528 тауар позицияларының таратқыш және қабылдағыш аппаратурасынан басқа

Технологиялық операцияларды орындау жағдайында кез келген позиция материалдарынан дайындау:
- электрондық компоненттердi құрастыру және монтаждау;
- кәбілдiк өнiмдер элементтерiн дайындау;
- бұйымды механикалық құрастыру;
- бағдарламалық қамтамасыз ету жазбасы;
- параметрлердi реттеу және бақылау;
- кешендi тестiлеу

                                                                   »;

      «

8539

Герметикалық бағытталған жарығы бар шамдарды, сондай-ақ ультракүлгiн немесе инфрақызыл шамдарды қоса алғанда, электр немесе газ разрядты қыздыру шамдары; доғалық шамдар

Дайындау кезінде пайдаланылатын материалдар (бөлшектер) құны, тауардың осы түрiн дайындау басталған күннен бастап бiрiншi жылы түпкiлiктi өнiм бағасының 70 %-ынан аспауы тиiс, екiншi жылы және кейiнгi жылдары - түпкiлiктi өнiм бағасының 60 %-ынан аспауы тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында:
- конвейерде жинақтау;
- орнату машинаға табанын бекiту;
- конвейерде пiсiру;
- тексеру конвейерiнде тестiлеу;
- электронды балласт әзiрлеу;
- тампонды мөрдi машинада таңбалау;
- конвейерде буып түю

                                                                   »;

      мына:

      «

8607 19

Темiр жол локомотивтерiнiң немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамының бөлiктерi

Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауы тиiс, бұл ретте орындалған жұмыстардың көлемi мынадай жұмыстарды орындаумен әзiрленген конструкторлық және технологиялық құжаттамамен айқындалады:
- дайындамаларды дайындау;
- бөлшектердi механикалық өңдеу;
- құрастыру-дәнекерлеу операциялары

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

8607 19

8607 19 1 009 қоспағанда, темiр жол локомотивтерiнiң немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамының бөлiктерi
 

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауы тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында:
- дайындамаларды дайындау;
- бөлшектердi механикалық өңдеу;
- құрастыру-дәнекерлеу операциялары

                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «

8607 19 1 009

Жиналған не жиналмаған түрдегі осьтеp; дөңгелектер және олардың бөліктерi: өзгелері

Дайындау, кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауы тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында:
- бөлшектердi механикалық өңдеу;
- ультрадыбысты бақылау;
- магнитті ұнтақты бақылау;
- бытыраатқыш бекіту;
- мықтылығын өлшеу

                                                                   »;

      мына:

      «

8608 00

Темiр жол немесе трамвай жолдарына арналған жол жабдықтары мен құрылғылары; механикалық (электр механикалықты қоса алғанда) сигнал беру жабдықтары, темiр жолдарға, трамвай жолдарына, жолдарға, iшкi су жолдарына, көлiк тұрақтарына, кемежайларға немесе аэроалаңдарға арналған электр қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету немесе қозғалысты басқару құрылғылары; келтiрiлген құрылғылардың және жабдықтардың бөлшектерi

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиiс. Жоғарыда көрсетiлген шектеуде өнiмдiкiндей позицияда жiктелетiн материалдар түпкiлiктi өнiм құнының 5 %-ы шегiндегi сомаға дейiн ғана пайдаланылуы мүмкiн

                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

8608 00

8608 00 0 001 қоспағанда, темiр жол немесе трамвай жолдарына арналған жол жабдықтары мен құрылғылары; механикалық (электр механикалықты қоса алғанда) сигнал беру жабдықтары, темiр жолдарға, трамвай жолдарына, автомобиль жолдарына, iшкi су жолдарына, көлiк тұрақтарына, кемежайларға немесе аэроалаңдарға арналған электр қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету немесе қозғалысты басқару құрылғылары; келтiрiлген құрылғылардың және жабдықтардың бөлшектерi

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиiс. Жоғарыда көрсетiлген шектеуде өнiм жiктелетiн позициядағы материалдар түпкiлiктi өнiм құнының 5 %-ы шегiндегi сомаға дейiн ғана пайдаланылуы мүмкiн

                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «

8608 00 001

Темiр жол немесе трамвай жолдарына арналған жабдықтар

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 75 %-ынан аспауы тиiс

                                                                   »;

      мына:

      «

87-топ

Темiржол немесе трамвайлық жылжымалы құрамды қоспағанда жердегi көлiк құралдары, олардың бөлшектерi мен барлық жабдықтары, олар үшiн қолданылатын ережелер бұдан әрi - жазылатын 8702-8704, 8716 позициялардың тауарларынан басқа

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиiс

8702-8704, 8703**, 8702***, 8704*** жолдарда көрсетiлген тауарлардан басқа

Автомобильдер, адамдарды тасымалдауға арналған жеңiл және өзге де моторлы көлiк құралдары, жүк-жолаушы автомобильдердi, фургондар мен жарыс автомобильдерiн, жүк автомобильдерiн қоса алғанда

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдар құны түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: қорапты (кабинаны) дайындау және сырлау; қозғалтқышты қондыру және бекiту, басқару тетiктерiн қозғалтқышқа қосу; радиаторларды қондыру және суыту жүйелерiн iске қосу; амортизаторларды бекiту, трансмиссияларды iске қосу; алдыңғы аспаларды және жартылай осьтердi құру, артқы аспаны қондыру; рульмен басқаруды алдыңғы доңғалақтардың күпшегiмен бiрiктiру; доңғалақтарды қондыру және алдыңғы күпшектiң мойын тiректерiнiң тартылуын реттеу; оталдыру орауыштарын қондыру; рульмен басқарудың гидрожүйесiне, тежеу жүйесiне, гидроiлiнiсуге май құю және жел беру; фарларды, алдыңғы және артқы белгi беру шамдарын қондыру және iске қосу; сөндiргiштi және пайдаланылған газ шығаратын құбырлар секцияларын қондыру; отын багiн қондыру және отын құбырын iске қосу; генераторды қондыру және жетекшi белдiктiң керiлуiн реттеу; ернеулiк электр тiзбектерiнiң жұмысын тексере отырып, аккумуляторды қондыру және iске қосу; қозғалтқыштың диагностикасы және оны реттеу; тежеу жүйесiнiң тиiмдiлiгiн тексеру; тез зақымданатын жерлердi сақтау; жинағаннан кейiн ақауларды жою; табличкаға және автомобильге сәйкестендiру нөмiрiн жазу; автомобильдi жүргiзiп жаттықтыру. 8704 позицияның тауарлары үшiн жоғарыда көрсетiлген технологиялық және өндiрiстiк операцияларда қорапты (кабинаны) жасау және бояу орнына аспалы және көпiрлерi бар қаңқаны жасау жөнiндегi операцияларды орындауға рұқсат берiледi

8703**

Жолаушы-жүк автомобиль-фургондарын және жарысқа қатысатын автомобильдердi қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасуға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлiк құралдарынан басқа)

Мынадай өлшемдердiң бiреуiн орындау кезiнде өндiрiлген автомобильдер:
1) екi режимдi ауысымды жұмыс кезiнде жылына кемiнде 25 000 дана жобалық қуаттылығының болуы, шанақты дәнекерлеу, құрастыру және бояу бойынша операцияларды орындау; «8701-8705 тауар позицияларының моторлы көлiк құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсiптiк құрастыру үшiн» Бiрыңғай кеден тарифiнiң позициялары бойынша 8707 КО СЭҚ ТН тауар позициясында жiктелетiн шанақтардың құнын есепке ала отырып өндiрiс үшiн пайдаланылатын автокомпоненттердiң жалпы құнынан 70 %-ынан аспайтын көлемде кеден одағына мүше емес;
2) Жылдық көлемi 25000 данадан кем емес жоғары қуаттылық өндiрiсiнiң болуы, «iрi торапты құрастыру» жүзеге асыру - дайындау, ол кезде мынадай технологиялық операцияларды орындалады:
- қозғалтқышты қондыру және бекiту, басқару тетiктерi қозғалтқыштарына қосу;
- артқы аспапты қондыру;
- газ шығару жүйесiн қондыру;
- борттық электр тiзбектерiн тексере отырып, аккумуляторлық батарейдi қондыру және қосу;
- қозғалыс дөңгелектерiн қондыру;
- тежегiш және салқындатқыш сұйықпен толтыру;
- тежегiш жүйенiң тиiмдiлiгiн тексеру, сондай-ақ 1-тармақта көрсетiлген шарттарға сәйкес қамтамасыз ету бойынша мiндеттердi қамтитын, осындай мiндеттердi қабылдау күнiнен бастап 84 айдан аспайтын мерзiмде КО СЭҚ ТН 8703 тауар позициясындағы моторлық көлiктiк құралдарды өнеркәсiптiк құрастыру туралы шартты жасау

                                                                    »

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

87-топ

Темiржол немесе трамвайлық жылжымалы құрамды қоспағанда, жердегi көлiк құралдары, олардың бөлшектерi мен барлық жабдықтары, олар үшiн қолданылатын ережелер бұдан әрi жазылатын 8702-8704, 8711, 8711 2098 00, 8716 позициялардың тауарларынан басқа

Дайындау кезінде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс

8702-8704, 8703**, 8702***, 8704*** жолдарда көрсетiлген тауарлардан басқа

Автомобильдер, жүк-жолаушы автомобильдерді, фургондарды және жарыс автомобильдерін, жүк автомобильдерін қоса алғанда, жеңіл және өзге де моторлы көлiк құралдары

Дайындау кезінде пайдаланылатын тораптар және бөлшектердің құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында:
шанақты (кабинаны) дайындау және сырлау; қозғалтқышты қою және бекіту, басқару механизмдерін қозғалтқышқа қосу; радиаторларды орнату және салқындату жүйелерін қосу; жұмсартқыларды бекіту, трансмиссияны қосу; алдыңғы аспаларды және жартылай осьтерді орнату, артқы аспаны орнату; руль басқаруды алдыңғы дөңгелектер күпшектерімен біріктіру; дөңгелектерді орнату және алдыңғы күпшек мойынтіректерінің тартпасын реттеу; оталдыру катушкасын орнату; руль басқару, тежегіш жүйесінің, гидроілінісудің гидрожүйесін жанармаймен толтыру және айдау, фараларды, алдыңғы және артқы сигнал жарықтарын орнату және қосу; бәсеңдеткіш пен пайдаланылған газды шығаратын құбыр секцияларын орнату; отын багын орнату және отын өткізгіш құбырды қосу; генераторды орнату және жетек белдігінің керілісін реттеу; борттық электр тізбектерін тексеруімен аккумуляторды орнату және қосу; қозғалтқышты диагностикалау және реттеу; тежегіш жүйесінің тиімділігін тексеру; тез бұзылатын орындарды консервациялау; құрастырудан кейінгі ақаулықтарды жою; автомобильге және тақтаға сәйкестендіру нөмірін жапсыру; автомобильді сынау. Жоғары көрсетілген технологиялық және өндірістік операцияларда 8704 тауар позициясы үшін шанақты (кабинаны) дайындау және сырлау орнына аспасы мен белдіктері бар раманы дайындау операцияларын орындауға рұқсат беріледі

8703**

Жеңіл автомобильдер және негізінен адамдарды тасымалдауға (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа), арналған өзге де моторлы көлiк құралдары, жүк-жолаушы
автомобиль-фургондар мен жарыс автомобильдерді қоса алғанда

Келесі өлшемдерінің бірін орындаған кезде өндірілген автомобильдер:
1) жұмыстың екі ауысымдық режимінде, жобалық қуаты жылына кемінде 25 000 дана өндірістің бар болуы; шанақты дәнекерлеу, құрастыру және сырлау бойынша операциялар орындау, 8707 КО СЭҚ ТН тауар позициясында жіктелетін шанақтың құнын есепке алумен өндірісте қолданатын автожинақтаушыларының жалпы құнынан 70 % көлемінде 8701-8705 тауар позициясының «моторлы көлік құралдарын, тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыру үшін» Бірыңғай кеден тарифінің позициялары бойынша кеден одағының мүшесі болып табылмайтын елдерден автожинақтаушыларды әкелуді жүзеге асыру;
2) жұмыстың екі ауысымдық режимінде, жобалық қуаты жылына кемінде 25 000 дана өндірістің бар болуы; мынадай технологиялық операциялар орындалатын «ірі торап құрастыруды» - дайындауды жүзеге асыру:
- қозғалтқышты орнату және бекіту, басқару механизмдерін қозғалтқышқа қосу;
- артқы аспаны орнату;
- газдарды шығару жүйесін орнату;
- борттық электр тізбектерін тексерумен аккумуляторлы батареяны орнату және қосу;
- қозғалғыш дөңгелектерді орнату;
- тежегіш және суытқыш сұйықтықтарды құю;
- тежеу жүйесінің тиімділігін тексеру, сондай-ақ 1) тармақта көрсетілген, осы міндетемелерді қабылдаған күннен бастап 84 айдан аспайтын мерзімде шарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша міндетемелерді қамтитын 8703 КО СЭҚ ТН тауар позициясының моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы шарт (келісім) жасау

                                                                   »;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      «

8711

Қосалқы қозғалтқыштар орнатылған мотоциклдер (мопедтерді қоса алғанда) және велосипедтер, арбаларымен немесе арбаларсыз; арбалар; 8711 2098 00 тауар позициясынан басқа

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс

8711 2098 00

Қосалқы қозғалтқыш орнатылған, арбалары бар немесе арбасыз мотоциклдер (мопедтерді қоса алғанда) және велосипедтер; қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс көлемі 125 см3 артық, бірақ 250 см3 артық емес, піспегінің қайтымды-ілгерілемелі қозғалысымен, іштен жану қозғалтқышы бар арбалар

Дайындау кезінде пайдаланылатын тораптар және бөлшектердің құны, берілген тауар түрінің дайындау мерзімінен бастап бірінші жылы, түпкілікті өнім бағасының 90 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында:
- артқы белдікті құрастыру;
- қозғалтқышты құрастыру;
- кардан берілістерін орнату;
- қозғалтқыштың бәсеңдеткішін және пайдаланған газдарды шығару жүйесін орнату;
- рамаға алдыңғы ашаны орнату;
- алдыңғы балшықтан қорғаушы қалқаншаны орнату;
- дөңгелектерді орнату;
- руль мен айналарды орнату;
- қозғалтқыштың ауа сүзгісін және енгізу жүйесін орнату;
- электр ширақтарын құрастыру;
- рамаға жүк платформасын құрастыру;
- отын багын орнату;
- фараларды, артқы жарықтарды, жарық қайтарғыштарды орнату және қосу;
- аккумуляторлық батареяларды орнату;
- қауіпсіз пайдалану бойынша тақтайлар мен ескерту жазуларды орнату;
- отын багына жанармай құю;
- сынақтан өткізу және қабылдау сынақтары;
- екінші және кейінгі жылдары-түпкілікті өнім бағасының - 80 %-ынан, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында:
- раманы дайындау-дәнекерлеу;
- жүк платформасын дайындау;
- артқы белдікті құрастыру;
- қозғалтқышты құрастыру;
- кардан берілістерін орнату;
- қозғалтқыштың бәсеңдеткішін және пайдаланған газдарды шығару жүйесін орнату;
- рамаға алдыңғы ашаны орнату;
- алдыңғы балшықтан қорғаушы қалқаншаны орнату;
- дөңгелектерді орнату;
- руль мен айналарды орнату;
- қозғалтқыштың ауа сүзгісін және енгізу жүйесін орнату;
- электр ширақтарын құрастыру;
- рамаға жүк платформасын құрастыру;
- отын багын орнату;
- фараларды, артқы жарықтарды, жарық қайтарғыштарды орнату және қосу;
- аккумуляторлық батареяны орнату;
- қауіпсіз пайдалану бойынша тақтайлар мен ескерту жазуларды орнату;
- отын багына жанармай құю;
- сынақтан өткізу және қабылдау сынақтары

                                                                   »;

      «

8802

Өзге де ұшу аппараттары (мысалы, тiкұшақтар, ұшақтар); ғарыш аппараттары (жер серiктерiн қоса алғанда) және қосалқы орбиталық пен ғарыш зымыран тасығыштары

Дайындау кезінде пайдаланылатын материалдардың, тораптар мен бөлшектердiң құны осы тауар түрiн дайындау басталатын күннен бастап, бірінші жылы түпкiлiктi өнiм бағасының 85 %-ынан, екiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан; үшiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 75 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- полимерлi-композициялық материалдардан жасалған ұшақтың бөлшектерiн жасау;
- ұшақтың бөлшектерiн механикалық өңдеу, ұшақтың бөлшектерiн сырлау, тегiстеу және кептiру;
- құрастыру процесі: бұрғылау жұмыстары, пiсiру, электр/радио жабдықтарын монтаждау;
- конструкторлық құжаттамада берiлген қолда бар әдiстемелiк нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдердi бақылау бойынша қуат сынақтарын өткiзе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау

                                                                   ».

       2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов