"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 147 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті» деген кіші бөлімде:
       мына:
«

Көліктегі орталық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау департаменті

 2

                                                            »;

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Көліктегі
департаменті

4

                                                             »;

      мына:

Батыс өңіраралық теміржол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті

1

                                                                   »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Ақтөбе бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы

1

                                                                  »;

      мына:

«

Оңтүстік-Шығыс өңіраралық теміржол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті

4

                                                             »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

Алматы бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау басқармасы

4

                                                                  »;

      мына:
«

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттері үшін

Қызмет көрсетілетін халықтың әрбір 300 000 адамына санитарлық автомобильдің 1 бірлігі, бірақ 1 бірліктен кем емес

                                                                  »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің облыстардың және Алматы қаласының департаменттері үшін

қызмет көрсетілетін халықтың әрбір 300 000 адамына санитарлық автомобильдің 1 бірлігі, бірақ 1 бірліктен кем емес

                                                            »;             мына:
«

Солтүстік-Батыс өңіраралық әуе көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті

2

Оңтүстік-Шығыс өңіраралық әуе көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті

1

                                                                  »

      деген жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті үшін

қызмет көрсетілетін халықтың әрбір 200 000 адамына санитарлық автомобильдің 1 бірлігі, бірақ 1 бірліктен кем емес

                                                                   ».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   С.Ахметов