Капиталдың сыртқы нарықтарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 121 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес капиталдың сыртқы нарықтарында кемінде 500 (бес жүз) миллион АҚШ доллары сомасына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
      1) елдің кредиттік рейтингін жаңарту, инвесторларды тарту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару нарықтары мен әріптестерді айқындау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді;
      2) осындай мәміле үшін белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттаманы дайындауды;
      3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуін қамтамасыз етуді;
      4) мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымы әріптестеріне көрсетілген қызметтерге комиссиялық сыйақы түрінде ақы төлеуді қамтамасыз етуді;
      5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрі                                     С. Ахметов