"Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 119 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2020 № 612 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 45-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Профилактикалық егу жүргізу ережесіне қосымшада:

      "Республикалық бюджет қаражаты есебінен қарсы егулер жүргізілетін инфекциялық аурулар" деген 1-бөлімнің кестесінде:

      "Дифтерия сіреспе (АДС)" деген 7-баған, "Дифтерия (АД-М)" деген 8-баған алынып тасталсын;

      1) тармақшада:,

      "18 ай" деген жолдың "Полиомиелит (ОПВ), (ИПВ)" деген 3-бағаны "+" деген белгімен толықтырылсын;

      "6 жас (1-сынып)" деген жолдың "Көкжөтел, дифтерия, сіреспе (АКДС, АбКДС)" деген 5-бағаны "+" деген белгімен толықтырылсын;

      "

12 жас







+









      "

      деген жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-министрі

С.Ахметов