Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын эзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесінде:
8-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі (қосымша түрінде);»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жоспарлы кезеңге арналған шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі (қосымша түрінде).»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Жоспарлы кезеңге арналған шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі осы ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-тармақтармен толықтырылсын:
«12-1. Шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі мен көлемін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
12-2. Шартты қаржыландырылатын шығыстарды бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
15-тармақта:
үшінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Екінші кезеңде республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылау және болжамы жобасының бөлімдерін қалыптастыру, оның ішінде басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін нақтылау, сондай-ақ шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін қалыптастыру жүзеге асырылады:»;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) РБК қорытындысын ескере отырып, басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін және шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы жоспарланатын кезеңнің" алдындағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізіледі;
4) басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін және шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін қоса алғанда, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайды.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 5 ақпандағы
№ 88 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік-экономикалық
даму болжамын әзірлеу
ережесіне
3-қосымша
Жоспарлы кезеңге арналған шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесі
Р/с № |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің атауы |
Шығыстардың атауы |
Сомасы, млн. теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
Жиыны: |
|||