Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 78 қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (келісім бойынша) бірінші басшылары Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 31 қаңтардағы
№ 78 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 — 2020 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Орындауына (іске асырылуына) жауаптылар

Орындау (іске асыру) мерзімі

Болжанатын шығыстар (мың. теңге)

1

2

3

4

5

6

Бірінші кезең (2013 - 2014 жылдар) - басқарудың төменгі деңгейлеріндегі қолданыстағы жүйенің әлеуетін кеңейту

1. Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

1.

Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру

ӨДМ-нің бұйрығы

ӨДМ, ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, ІІМ, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ОСК (келісім бойынша), ҚХАХ (келісім бойынша), ЭЗИ АҚ (келісім бойынша), «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты (келісім бойынша), ҚРЗШИ (келісім бойынша)

2013 жылғы
ақпан

талап етілмейді

2.

Мыналар:

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ӨДМ-ге ұсыныстар




1)

халықтың жиналыстары мен жиындарын қалыптастырудың, өткізудің және олардың шешім қабылдау тәртібі мен өкілеттігін айқындау;

Әділетмині, ЭБЖМ, МАМ, ӨДМ, облыстардың әкімдері, ҚРЗШИ (келісім бойынша), «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты (келісім бойынша), ҚХАХ (келісім бойынша)

2013 жылғы
ақпан

талап етілмейді

2)

жергілікті халықтың жергілікті маңызы бар проблемаларды шешуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мониторингке қатысу құқығын беру;

Қаржымині, ЭБЖМ, ӨДМ, Әділетмині, облыстардың әкімдері

2013 жылғы
ақпан

талап етілмейді

3)

селолық округтердің, селолардың, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдеріне жеке кіріс көздерін қалыптастыру;

Қаржымині, ЭБЖМ, ІІМ, облыстардың әкімдері

2013 жылғы
ақпан

талап етілмейді

4)

селолық округтердің, селолардың, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері аппараттарының қазынашылық органдарда арнайы шоттарын ашу;

Қаржымині, облыстардың әкімдері

2013 жылғы
ақпан

талап етілмейді

5)

селолық округтердің, селолардың, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдеріне аудандық коммуналдық меншіктің бір бөлігін беру бойынша ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ, Қаржымині, облыстардың әкімдері

2013 жылғы
ақпан

талап етілмейді

3.

Мыналарды:
халықтың жиналыстары мен жиындарын қалыптастырудың, өткізудің және олардың шешім қабылдау тәртібі мен өкілеттігін айқындау;
жергілікті халыққа жергілікті маңызы бар проблемаларды шешуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мониторингке қатысу құқығын беру;
селолық округтер, селолар, кенттер, аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің жеке кіріс көздерін қалыптастыру;
селолық округтер, селолар, кенттер, аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің аппараттарына қазынашылық органдарда арнайы шоттар ашу;
селолық округтер, селолар, кенттер, аудандық маңызы бар қалалар әкімдеріне аудандық коммуналдық меншіктің бір бөлігін беру;
қала әкімінің халықпен өзара іс-қимыл жасауы үшін мәслихаттарға қоғамдық құрылымдар (комитеттер, кеңестер және өзге) құру құқығын бекіту;
мәслихат депутаттарының тағайындалатын әкімдер кандидатураларын келісуді, сондай-ақ оларға сенімсіздік білдіру саласында бірыңғай тәсілдерді айқындау;
мәслихаттардың үлгілік регламентін бекіту бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін бекіту;
халық алдында жергілікті өкілді органдардың жауаптылығы мен есептілігін заңнамалық реттеуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ӨДМ, ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, ҚРЗШИ (келісім бойынша), ІІМ, «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты (келісім бойынша), ҚХАХ (келісім бойынша), жергілікті өкілді органдар (келісім бойынша), жергілікті атқарушы органдар

2013 жылғы
1-тоқсан

талап етілмейді

4.

2015 жылға дейінгі аудандарды дамыту бағдарламаларына халықтың бірінші кезектегі қажеттіліктерін шешуге бағытталған кіші бөлім қосу жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

аудандар мәслихаттарының шешімдері

аудандардың әкімдері

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін бір ай мерзімде

талап етілмейді

2. Аудандар (қалалар) мәслихаттарының аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолық округтер құрамына кірмейтін селолар әкімдерін сайлауын енгізу

1.

Сайлау болатын әкімшілік-аумақтық бірліктерді айқындау

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат

ОСК (келісім бойынша), облыстардың әкімдері

2013 жылғы
1-тоқсан

талап етілмейді

2.

«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолар, кенттер әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу және енгізу

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы

ОСК (келісім бойынша), Әділетмині, ЭБЖМ, Қаржымині, ӨДМ

2013 жылғы
1-тоқсан

талап етілмейді

3.

2013 жылы Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолық округтерінің құрамына кірмейтін селолар, кенттер әкімдерінің сайлауын өткізуге шығыстар бойынша қаржылық-экономикалық есептер мен негіздемелерді дайындау және ұсыну

Қаржыминіне ақпарат

ОСК (келісім бойынша), ЭБЖМ, ӨДМ, СА, облыстардың әкімдері

2013 жылғы
1-тоқсан

талап етілмейді

4.

2013 жылы Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолық округтерінің құрамына кірмейтін селолар, кенттер әкімдерінің сайлауын өткізуге байланысты іс-шараларды қаржыландыру көздері туралы мәселені қарау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

ЭБЖМ, Қаржымині, ӨДМ, ОСК (келісім бойынша), облыстардың әкімдері

2013 жылғы
1-тоқсан

талап етілмейді

5.

Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолық округтерінің құрамына кірмейтін селолар, кенттер әкімдерінің сайлауын өткізу

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне ақпарат

ОСК (келісім бойынша), облыстардың әкімдері

2013 жылғы
3-тоқсан

осы жоспардың 4-тармағына сәйкес бюджет қаражаты шегінде

3. Ақпараттық-насихаттау қызметі

1.

Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша іс-шаралар (халықпен кездесу өткізу)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, МАМ, мемлекеттік органдардың басшылары

жартыжылдықтың қорытындылары бойынша

талап етілмейді

2.

Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының негізгі ережелері бойынша материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау (мақалалар, сұхбаттар, сөз сөйлеулер және т.б.)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2013 жылғы
1-тоқсан

талап етілмейді

Екінші кезең (2015-2020 жылдар) - жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту

4. Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту

1.

Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, ЭБЖМ, Әділетмині, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҚРЗШИ (келісім бойынша), ЭЗИ АҚ (келісім бойынша), «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты (келісім бойынша)

2014 жылғы
2-жартыжылдық

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ӨДМ - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      ОСК - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
      ҚХАХ - Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы
      ҚРЗШИ - «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ
      «ЭЗИ» АҚ - «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы
      «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты - «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының Парламентаризм институты