"Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 65 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қарашадағы № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 546-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерiнiң тiзбесiн бекiту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берiліп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерiнің тiзбесi бекiтiлсiн.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнің) тiзбесiнде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының және (немесе) учаскелерiнің тiзбесi»
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             С. Ахметов