Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.04.2022 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Туризм жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Туризм жөніндегі кеңес туралы ережеде:
5-1-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 55 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына қосымша |
Туризм жөніндегі кеңес құрамы
Исекешев – Әсет Өрентайұлы | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төраға |
Төлеушин – Қаныш Аманбайұлы | Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Танысбаев – Қуат Мұратұлы | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, хатшы |
Жошыбаев – Рәпіл Сейітханұлы | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы |
Коржова – Наталья Артемовна | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы |
Құрманғалиева – Жанна Дулатқызы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы |
Әбдішев – Бауыржан Түйтеұлы | Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Байжүнісов – Ерік Әбенұлы | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Бектұров – Азат Ғаббасұлы | Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Ескендіров – Абай Мұқашұлы | Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі |
Орынханов – Мұрат Қадесұлы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Толыбаев – Марат Еркінұлы | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Тыныбеков – Қайрат Сағатханұлы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Жарқынбаев – Жасер Әзімханұлы | Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары |
Омаров – Мұрат Ескелдіұлы | Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істер агенттігі төрағасының орынбасары |
Тарасенко – Елена Ивановна | Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Туристік одағының президенті, "Жайық-Орал" экологиялық экспедициясының жетекшісі (келісім бойынша) |
Қанешев – Біржан Бисекенұлы | Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары |
Квятковский – Эдуард Олегович | Ақмола облысы әкімінің орынбасары |
Көшербаев – Ермек Беделбайұлы | Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Құдышев – Мұрат Тиішбекұлы | Алматы қаласы әкімінің орынбасары |
Тұяқбаев – Сапарбек Құрақбайұлы | Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Тұрдалиев – Серік Мелсұлы | Алматы облысы әкімінің орынбасары |
Ахмеров – Азамат Шаймұратұлы | "Қазақстандық индустрия дамыту институты" акционерлік қоғамның басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Асанбаева – Роза Әбдіхамитқызы | Қазақстан Туристік қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
Шәйкенова – Рашида Рашидқызы | Қазақстан қонақүйлер және мейрамханалар қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
Елеусізов – Мэлс Хамзаұлы | "Табиғат" Қазақстанның қауымдастықтар мен кәсіпорындар экологиялық одағының төрағасы (келісім бойынша) |
Қалиев – Жекен Қалиұлы | Қазақстан Ұлттық туристік ұйымдар конфедерациясының президенті, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының ықпал ету қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша) |
Сальников – Виталий Григорьевич | Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, профессор (келісім бойынша) |
Жансерікова – Айгүл Жексенбайқызы | Қазақстанда қолөнер және этнотуризмді дамыту орталығының директоры (келісім бойынша) |
Мәуленқұлова – Гаухар Жеңісбекқызы | "Менің – Елім" ішкі туризмді дамыту қауымдастығының директоры (келісім бойынша) |
Әбжанова – Салтанат Ақзамқызы | "Арман-Тур" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Дүйсенғалиев – Тимур Талашұлы | Дүниежүзілік Туристік Ұйымы Іскерлік кеңесінің мүшесі (келісім бойынша) |
Рей – Инна Юрьевна | "Фирма Саят" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Мырзахметов – Абылай Исабекұлы | "Атамекен" одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Арынов – Ерлан Асатайұлы | "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттік" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Әбиесов – Жомарт Амангелдіұлы | "Қазақстандық мемлекеттік жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Никитинский – Евгений Сергеевич | Қазақстан Республикасы Жеңіл авиация қауымдастығының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Туризм" мамандығы бойынша республикалық оқу-әдістемелік комиссиясының мүшесі (келісім бойынша) |