"Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 51 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуiрдегi № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      3-бөлімде:
      мына:
      «


мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері

18180**

18167**

»     

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері

18180**

17426**

»;    

      мына:
      «


Көкшетау техникалық институты, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері

170

146

»    

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Көкшетау техникалық институты, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері

170

138

»;    

      мына:
      «


Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері

16028

16028

»     

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері

16028

15454

».    

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                            С. Ахметов