Қазақстанда баламалы және жаңартылатын энергетиканы дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 43 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен «Индустриялық және әлеуметтік-экономикалық дамудың кейбір міндеттері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 шілдедегі кеңейтілген отырысының № 01-7.7 хаттамасының 2.8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстанда баламалы және жаңартылатын энергетиканы дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрi – Жоспар) бекiтiлсiн.
      2. Жоспардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне Жоспардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi жыл сайын 15 шілдеге және 15 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне жүктелсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2013 жылғы 25 қаңтардағы
№ 43 қаулысымен  
бекiтiлген    

Қазақстанда баламалы және жаңартылатын энергетиканы дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с

Iс-шаралар атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзiмi

Болжамды шығыстар, млн. теңге

Қаржыландыру көздерi

1

2

3

4

5

6

7

1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға бағытталған шараларды қабылдау

1.

ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру үшін бюджеттен тыс инвестицияларды тарту жөніндегі шараларды әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету

ИЖТМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2013 –2020 жылдар

Талап етілмейді


2.

Қазіргі уақытқа дейін құрылыс жұмыстары жүргізілмеген ЖЭК объектілерін салу үшін берілген учаскелерге тексеру жүргізу

ИЖТМ-ге  ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2013 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді


3.

ЖЭК объектілерін салу жобаларын іске асыру үшін берілген пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою мәселесін қарау

ИЖТМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді


4

Электр желілеріне ЖЭК объектілерін қосуға техникалық талаптар мен өлшемдер әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне  ақпарат

ИЖТМ, «KEGOC» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді


5

ЖЭК объектілерін орналастыру үшін перспективалы алаңдар айқындау

ИЖТМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2013 жылғы маусым

Талап етілмейді


6

ЖЭК объектілерін орналастыру жоспарын жетілдіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді


7

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының баламалы және жаңартылатын энергетикасын дамыту жөніндегі 20132020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарларын әзірлеу

Мәслихаттар шешімдері

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2013 жылғы  3-тоқсан

Талап етілмейді


2. Жаңартылатын энергия көздері саласындағы зерттеулер мен мамандарды дамыту

8

Электр энергетикасы және энергия тиімділігі орталығын құрудың орындылығы туралы мәселені қарастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, Қаржымині, БҚА

2013 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді


9

ЖЭК түрлері (күн радиациясы, су әлеуеті, геотермальды көздер) бойынша Қазақстан Республикасының интерактивті карталарын (атластарын)  әзірлеу үшін бюджет қаражатын бөлу мүмкіндігі бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, Қоршағанортамині, «Қазгидромет» РМК (келісім бойынша), «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

Талап етілмейді


10

Энергетика саласында мамандар дайындау

ИЖТМ-ге ақпарат

БҒМ

Қазан жыл сайын

Талап етілмейді


3. Жергілікті қамтуды дамыту

11

Технологиялық саясат жөніндегі кеңесте отандық ғалымдардың әзірлемелері базасында баламалы және жаңартылатын энергия көздерін құру жөніндегі жобаларды қарау

Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің хаттамасы

ИЖТМ, БҒМ, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы  4-тоқсан


Талап етілмейді


12

Батыс Қазақстан облысында қуаты 2 кВт-ге дейін жел энергетикалық қондырғыларын сериялық шығаруды жолға қою

Өнімді шығару

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, «Западэнергопром» ЖШС

2013 жыл

2 000

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

13

ЖЭК базасында генерациялайтын объектілер үшін оларды салу құнын төмендету және жұмыс істеу тиімділігін    арттыру    мақсатында

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині, ИЖТМ, «ҚазЭКҒЗИ» РМК (келісім бойынша)

2013 жылғы 4-тоқсан


Талап етілмейді



жабдықтар мен құрамдастарды өндіру және сервистік қызмет көрсету кезінде қазіргі заманғы материалдарды пайдалану технологияларын әзірлеу және игеру бойынша ұсыныстар енгізу






14

Биомасса мен қалдықтардың әртүрлі түрлерінен алынатын отынның жаңа түрлерінің технологиясын игеру, өндірісін кеңейту және пайдалану бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині, ИЖТМ, «ҚазЭКҒЗИ» РМК (келісім бойынша)

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді


15

ЖЭК бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаларға нысаналы мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині, ИЖТМ, «ҚазЭКҒЗИ» РМК (келісім бойынша)

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді


4. Жаңартылатын энергия көздері саласын ақпараттық дамыту

16

ЖЭК пайдалану негізінде экономикалық, энергетикалық және экологиялық саясат пен даму динамикасының басымдықтарынан шыға отырып, оларды кезеңдік нақтылауды қоса алғанда, нысаналы көрсеткіштерге жетудің мониторингісін жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, Қоршағанортамині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «KEGOC» АҚ (келісім бойынша)

2013 – 2020 жылдар

Талап етілмейді


17.

ЖЭК дамыту шеңберінде іске асырылып жатқан іс-шараларға ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2013 – 2020 жылдар

Талап етілмейді


18.

Инвестор үшін ЖЭК пайдалану бойынша объектілерді орналастыру үшін әлеуетті учаскелерді көрсете отырып, өңірлік суретті ақпараттық анықтамалықтар дайындау (тұрақты негізде жаңартылатын)

Анықтамалық

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы қыркүйек

Нақтылауды талап етеді

ЖБ

19.

Инвесторлар үшін республикалық ақпараттық анықтамалық әзірлеу

Анықтамалық

ИЖТМ

2014 жыл

Талап етілмейді


20.

ЖЭК пайдалану туралы білімдер таратуды және ЖЭК пайдалану негізінде жұмыс істейтін генерациялайтын объектілерді жобалау мен пайдалану саласындағы мамандар дайындауды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне  ақпарат

БҒМ, ИЖТМ

2013 – 2020 жылдар

Талап етілмейді


21.

«Қазгидромет» РМК барлық станцияларын күннің сәулеленуін және желдің жылдамдығын өлшейтін құралдармен, сондай-ақ деректер беру үшін байланыс құралдарымен техникалық қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне  ақпарат

Қоршағанортамині, «Қазгидромет» РМК (келісім

бойынша)

2013 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді


22.

Жел және күн энергиясы атластарын жаңарту үшін мониторингілеу және метео станциясынан алынған деректерді талдау орталығын құру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне  ақпарат

Қоршағанортамині, «Қазгидромет» РМК (келісім бойынша)

2013 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді


5. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру.
2020 жылға дейін:
793 МВт – 13 ЖЭС;
170 МВт – 14 СЭС;
77 МВт – 4 КЭС қоса алғанда, жиынтық белгіленген қуаты 1040 МВт болатын шамамен 31 ЖЭК объектісін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

23.

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының маңында қуаты 45 МВт ЖЭС салу

Пайдалануға беру

Ақмола облысының әкімі, «Самұрық Энерго» АҚ (келісім бойынша)

2014 жыл

17 670

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

24.

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ерейментау қаласының маңында қуаты 30-50 МВт ЖЭС салу

Пайдалануға беру

Ақмола облысының әкімі, Шеврон Мұнайгаз Инк. (келісім бойынша)

2017 жыл

30 000

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

25.

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Бадамша     ауылында қуаты 300 МВт ЖЭС салу

Пайдалануға беру

Ақтөбе облысының әкімі, «BT-Invest» (келісім бойынша)

2015 – 2020 жылдар

82 320

Инвестордың меншікті  және қарыз қаражаты 

26.

Алматы облысының Шелек дәлізінде қуаты 51 МВт ЖЭС салу

Пайдалануға беру

Алматы облысының әкімі, «Green Energy Almaty» ЖШС (келісім бойынша)

2015 жыл

12 881

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

27.

Алматы облысының Шелек ауданында қуаты 60 МВт ЖЭС салу 

Пайдалануға беру

Алматы облысының әкімі, «Самұрық Энерго» АҚ (келісім бойынша)

2016 жыл

27 000

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

28.

Алматы облысының Жоңғар қақпасында қуаты 72 МВт ЖЭС салу

Пайдалануға беру

Алматы облысының әкімі, «Ақ қуат» ЖШС (келісім бойынша)

2018 жыл

15 000

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

29.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Тайынты ауылындағы Ұмыш асуында қуаты 24  МВт  жел энергетикалық қондырғылар паркін салу

Пайдалануға беру

Шығыс Қазақстан облысының әкімі, «Spain Consalting» ЖШС (келісім бойынша)

2014 жыл

8 084

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

30.

Жамбыл облысында қуаты 21 МВт Қордай ЖЭС-ін салу

Пайдалануға беру

Жамбыл облысының әкімі, «Vista International» ЖШС (келісім бойынша)

2016 жыл

5 451,0

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

31.

Жамбыл облысының Сарысу ауданында қуаты 100 МВт Жаңатас ЖЭС-ін салу

Пайдалануға беру

Жамбыл облысының әкімі, «Central Asia Green Power» ЖШС (келісім бойынша)

2016 жыл

28 500

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты

32.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында қуаты 15 МВт ЖЭС-ін салу

Пайдалануға беру

Қарағанды облысының әкімі

2016 жыл

10 000

Жеке инвестиция 

33.

Қостанай облысы Арқалық қаласының маңындағы алаңда қуаты 48 МВт ЖЭС салу

Пайдалануға беру

Қостанай облысының әкімі, «KazWind Energy» ЖШС (келісім бойынша)

2016 жыл

15 800

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

34.

Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында қуаты 19,5 МВт ЖЭС салу

Пайдалануға беру

Маңғыстау облысының әкімі, «Каспий» ҰК ӘКК» АҚ (келісім бойынша), «ДМК-Ко» ЖШС (келісім бойынша)

2015 жыл

5 423

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

35.

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Новоникольский ауылында қуаты 1,5 МВт ЖЭС орнату

Пайдалануға беру

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, КТ «Зенченко және К» (келісім бойынша)

2013 жыл

185

Инвестордың меншікті қаражаты 

36.

Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы Көксу өзенінде жиынтық қуаты 42 МВт  СЭС – 1,2 салу

Пайдалануға беру

Алматы облысының әкімі, «Датанг-ТТ-Энерджи» ЖШС (келісім бойынша)

2016 жыл

11 324

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

37.

Алматы облысы Ескелді ауданындағы Қаратал өзенінде қуаты 5 МВт СЭС-5 салу

Пайдалануға беру

Алматы облысының әкімі, «АСПМК-519» ЖШС (келісім бойынша)

2014 жыл

4 650

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

38.

Алматы облысы Сарқант ауданында қуаты 4,35 МВт Жоғарғы Басқан СЭС-ін салу

Пайдалануға беру

Алматы облысының әкімі, «Alakol Power» ЖШС (келісім бойынша)

2015 жыл

1 410

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

39.

Алматы облысының Сарқант ауданында қуаты 15 МВт Төменгі Басқан СЭС – 1-3 салу

Пайдалануға беру

Алматы облысының әкімі, «Alt Energy» ЖШС (келісім бойынша)

2015 жыл

5 589

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

40.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік өзенінде қуаты 4,8 МВт СЭС  салу

Пайдалануға беру

Алматы облысының әкімі, «Энерго Әлем» ЖШС (келісім бойынша)

2015 жыл

876

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

41.

Алматы облысының Сарқант ауданындағы Лепсі өзенінде қуаты  4,8 МВт СЭС – 2 салу

Пайдалануға беру

Алматы облысының әкімі, «Аманат-А» ЖШС (келісім бойынша)

2015 жыл

1 029

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

42.

Алматы облысының Үлкен Алматы каналында жиынтық қуаты 12 МВт 1, 2 СЭС салу

Пайдалануға беру

Алматы облысыныңәкімі, «Қазгидротехэнерго» ЖШС (келісім бойынша)

2015 жыл

Әзірлеу және талдау үрдісінде

Инвестордың меншікті және қарыз  қаражаты

43.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек өзенінде жиынтық қуаты 60,8 МВт СЭС 19-22 салу

Пайдалануға беру

Алматы облысының әкімі, «Казгидротехэнерго» ЖШС (келісім бойынша)

2015 жыл

Әзірлеу және талдау үрдісінде

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

44.

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының маңындағы Громатуха, Үлбі, Сержиха өзендерінде шағын СЭС-тер салу

Пайдалануға беру

Шығыс Қазақстан облысының әкімі,  «ЛИК» компаниялар тобы» АҚ (келісім бойынша)

2018 жыл

Әзірлеу және талдау үрдісінде

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

45.

Жамбыл облысының Т. Рысқұлов ауданында қуаты 2,1 МВт Қарақыстақ СЭС-ін салу

Пайдалануға беру

Жамбыл облысының әкімі, «ЭнергоСтрой Проект» ЖШС (келісім бойынша)

2013 жыл

1 018

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

46.

Жамбыл облысының  Шу ауданында қуаты 9,2 МВт Тасөткел СЭС-ін салу

Пайдалануға беру

Жамбыл облысының әкімі, «A&T-Энерго» ЖШС (келісім бойынша)

2013 жыл

1 050

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

47.

Жамбыл облысының Мерке ауданында қуаты 4,5 МВт Мерке СЭС-ін салу

Пайдалануға беру

Жамбыл облысының әкімі, «Тараз грипауэр дженко» ЖШС (келісім бойынша)

2015 жыл

4 906,1

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

48.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Келес өзенінде қуаты 2 МВт «Рысжан» СЭС-ін салу

Пайдалануға беру

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Келесгидрострой» ЖШС (келісім бойынша)

2015 жыл

193

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

49.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Келес өзенінде қуаты 3 МВт «Азамат» СЭС-ін салу

Пайдалануға беру

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Келесгидрострой» ЖШС (келісім бойынша)

2016 жыл

315

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

50.

Алматы облысының Қапшағай қаласында қуаты 2 МВт КЭС салу

Пайдалануға беру

Алматы облысының әкімі, «Самұрық-Энерго» АҚ (келісім бойынша)

2014 жыл
 
 

1 700

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

51.

Жамбыл облысының Жамбыл ауданында қуаты 24 МВт КЭС салу

Пайдалануға беру

Жамбыл облысының әкімі, «Valido International» ЖШС (келісім бойынша)

2015 жыл

8 650

Инвестордың меншікті және қарыз қаражаты 

52.

Қызылорда облысында қуаты 50 МВт КЭС салу

Пайдалануға беру

Қызылорда облысының әкімі, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС (келісім бойынша), «Қызылорда» ӘКК (келісім бойынша)

2017 жыл

14 520

Инвестордың меншікті және несие  қаражаты

53.

Қазақстан Республикасындағы күн фотоэлектрлік жүйесін пайдалана отырып, экологиялық таза энергияны енгізу жобасы

Пайдалануға беру

Астана қаласының әкімі, ҚР БҒМ, «Назарбаев Университеті» АҚ (келісім бойынша)

2014 жыл

1 500

Жапония Үкіметінің гранты

Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі(Монополияға қарсы агенттік)
ҒЗИ – ғылыми зерттеу институты
РМК – Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
ӘКК – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы
АҚ  – акционерлік қоғам
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіптестік
ЖЭК – жаңартылатын энергия көздері
ЖЭС – жел электр станциясы
СЭС – су электр станциясы
КЭС – күн электр станциясы