"Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 40 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 жыл, № 25, 347-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
      көрсетілген Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада 1-кесте осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 25 қаңтардағы
№ 40 қаулысына   
қосымша      

«Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-  
эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық қағидаларына  
7-қосымша         

Денсаулық сақтау объектілерінің функционалдық белгіленуіне және
тазалық сыныбына байланысты үй-жайлардағы ауа ортасының бактериялық тұқымдалуының рұқсат етілген деңгейлері

«                                                             1-кесте


 
 
 
 
 
 

Тазалық Сыныбы



Үй-жай атауы
 
 
 
 
 
 

Санитариялық-микробиологиялық көрсеткіштер

Ауаның 1 м3микроорганизмдердің жалпы саны (КОЕ/м3)

Ауаның 1 м3Staphylococcus aureus колониялар саны (КОЕ/м3)

Ауаның 1 дм3 зең және ашытқы грибоктарының саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Өте таза (А)

Операциялық, босандыру залдары, гематологиялық, күйігі бар пациенттерге арналған асептикалық бокстар, шала туған балаларға арналған палаталар, дәріханалардың

Жұмыс басталғанға дейін

Жұмыс кезінде

Жұмыс басталғанға дейін

Жұмыс кезінде

Жұмыс басталғанға дейін

Жұмыс кезінде



асептикалық блогы, стерилизациялық (таза бөлігі), бактериологиялық зертханалардың бокстары, диализдік залдары

200 артық емес

500 артық емес

болмауы тиіс

болмауы тиіс

болмауы тиіс

болмауы тиіс

2

Таза (Б)

Емшара, таңып-байлау, операция алды, реанимация залдары мен палаталары, балалар палаталары, емшек сүтін жинау және пастерлеу бөлмелері, ассистент және дәріханалардың өлшеп-орау бөлмесі, бактериологиялық және клиникалық зертханалардың зерттеу жүргізуге арналған үй-жайы, хирургиялық және стоматологиялық қабылдау кабинеттері

500 артық емес

750 артық емес

болмауы тиіс

болмауы тиіс

болмауы тиіс

болмауы тиіс

3

Шартты таза (В)

Хирургиялық бөлімшелер палаталары, операциялық, босандыру залына жалғасатын дәліздер, қарау кабинеттері, инфекциялық бөлімше бокстарымен палаталары, ординаторлық, материалдық, таза киім-кешек қоймасы

750 артық емес

1000 артық емес

болмауы тиіс

2 артық емес

болмауы тиіс

болмауы тиіс

»