Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 694 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 21 қаңтардағы
№ 19 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 694 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасында теңiз құрылыстарын құру,пайдалану және қолдану мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы министрi, төраға
Толымбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Берiк Зиябекұлы вице-министрi, төраға орынбасары
Бимұратов - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Берiк Шәдімұратұлы министрлiгi Мұнай-газ кешенiндегi
мемлекеттiк инспекциялау комитетi
төрағасының орынбасары, хатшы
Жанзақов - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Жандарбек Сәдуұлы Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы,
контр-адмирал
Момышев - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Талғат Амангелдiұлы министрлiгi Мұнай-газ кешенiндегi
мемлекеттiк инспекциялау
комитетiнiң төрағасы
Тәутеев - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Әуесбек Зпашұлы қорғау министрлiгi Экологиялық реттеу және
бақылау төрағасының орынбасары
Жұмажанов - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Бауыржан Жұмажанұлы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi
төрағасының орынбасары
Жиенқұлов - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Оңдасын Елубайұлы министрлiгi Су шаруашылығы комитетi төрағасының орынбасары
Әбікеев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
Кенжеберген Қабышұлы комитетiнiң Шекара қызметi Бас штабы
бастығының орынбасары – 6-шы басқарманың
бастығы, контр-адмирал (келiсiм бойынша)
Ыбыраев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
Әлібек Зәрубекұлы комитетi Шекара қызметiнің Бас штабы 6-шы
басқармасының аға консультанты, 2-рангiлi
капитаны (келiсiм бойынша)
Оразбағамбетов - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Асқар Ұзақбайұлы министрлiгi Төтенше жағдайларды және
өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк
бақылау комитетi Мұнай-газ өнеркәсiбiн
мемлекеттiк бақылау басқармасының бастығы
Рүстемов - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Нұржан Арыстанұлы министрлiгi Мұнай тасымалдау мониторингі
және мұнай жобаларын дамыту басқармасының
бастығы