Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландыру көздері және көлемі» деген кіші бөлімде:
1-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1949108 миллион теңге (бұдан әрі – млн. теңге), оның ішінде 2012 жылы – 143854 млн. теңге, 2013 жылы – 197900 млн. теңге, 2014 жылы – 250750 млн. теңге, 2015 жылы – 232963 млн. теңге, 2016 жылы – 241741 млн. теңге, 2017 жылы – 212200 млн. теңге, 2018 жылы – 216000 млн. теңге, 2019 жылы – 220500 млн. теңге, 2020 жылы – 233200 млн. теңге, оның ішінде:»;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бюджеттік кредит беру – 436889 млн. теңге, оның ішінде:»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына жылдық 0,01 % ставка бойынша тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға – 374689 млн. теңге, оның ішінде 2012 жылы – 42089 млн. теңге, 2013 жылы – 34600 млн. теңге, 2014 жылы – 35000 млн. теңге, 2015 жылы – 37000 млн. теңге, 2016 жылы – 40000 млн. теңге, 2017 жылы – 42000 млн. теңге, 2018 жылы – 45000 млн. теңге, 2019 жылы – 48000 млн. теңге, 2020 жылы – 51000 млн. теңге;»;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«нысаналы трансферттер – 1512219 млн. теңге, оның ішінде:»;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға және оны тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатуға – 208160 млн. теңге, оның ішінде 2012 жылы – 13160 млн. теңге, 2013 жылы – 15000 млн. теңге, 2014 жылы – 20000 млн. теңге, 2015 жылы – 23000 млн. теңге, 2016 жылы – 24000 млн. теңге, 2017 жылы – 26000 млн. теңге, 2018 жылы – 27000 млн. теңге, 2019 жылы – 29000 млн. теңге, 2020 жылы – 31000 млн. теңге;»;
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Алматы облысында Алматы қаласының төрт серіктес қаласын дамыту жөнінде алдын ала жұмыстар жүргізуге – 73565 млн. теңге, оның ішінде 2012 жылы – 4065 млн. теңге, 2013 жылы – 10100 млн. теңге, 2014 жылы – 9100 млн. теңге, 2015 жылы – 9300 млн. теңге, 2016 жылы – 9100 млн. теңге, 2017 жылы – 9700 млн. теңге, 2018 жылы – 7500 млн. теңге, 2019 жылы – 5000 млн. теңге, 2020 жылы – 9700 млн. теңге;»;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақмола облысында Астана қаласының серіктес қаласы ретінде Қосшы селосын дамыту жөнінде алдын ала жұмыстар жүргізуге – 29114 млн. теңге, оның ішінде 2012 жылы – 2214 млн. теңге, 2013 жылы – 2300 млн. теңге, 2014 жылы – 4200 млн. теңге, 2015 жылы – 2900 млн. теңге, 2016 жылы – 3500 млн. теңге, 2017 жылы – 3500 млн. теңге, 2018 жылы – 3500 млн. теңге, 2019 жылы – 3500 млн. теңге, 2020 жылы – 3500 млн. теңге;»;
«Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
«Бағдарламаның нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген кіші бөлімде:
«2012» деген бағанда:
«ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар үшін тұрғын үй» деген жолдағы «136,4» деген сандар «150» деген сандармен ауыстырылсын;
«ҚТҚЖБ желісі бойынша халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» деген жолдағы «313» деген сандар «245» деген сандармен ауыстырылсын;
«Коммерциялық тұрғын үй» деген жолдағы «2498» деген сандар «2552,4» деген сандармен ауыстырылсын;
«2013» деген бағанда:
«ҚТҚЖБ желісі бойынша халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» деген жолдағы «320» деген сандар «388» деген сандармен ауыстырылсын;
«Коммерциялық тұрғын үй» деген жолдағы «2500» деген сандар «2432» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
«ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» деген кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы заң қабылданған жағдайда жергілікті атқарушы органдар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының қатарынан кезекте тұрғандар үшін жайлылығы 4-сыныпты, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салатын болады.»;
«Қажетті ресурстар» деген 6-бөлімде:
екінші бөліктегі «1 951,453» және «146,2» деген сандар тиісінше «1 949,108» және «143,854» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже» деген кіші бөлімде:
екінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жергілікті атқарушы органдардың кредиттік тұрғын үй салуы, кейін оны тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатуы – 2 943,0 мың шаршы метр, оның ішінде 2012 жылы – 245,0 мың шаршы метр, 2013 жылы – 388,0 мың шаршы метр, 2014 – 2020 жылдары жыл сайын 330,0 мың шаршы метр;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін (кредиттік) тұрғын үй салуы – 2 300,0 мың шаршы метр, оның ішінде 2012 жылы – 150,0 мың шаршы метр, 2013 жылы – 225,0 мың шаршы метр, 2014 – 2020 жылдары жыл сайын 275,0 мың шаршы метр;»;
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына қосымшада:
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мынадай мазмұндағы реттік саны 11-жолмен толықтырылсын:
«
11. |
Жергілікті атқарушы органдардың халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының ішінен кезекте тұрғандар үшін жайлылығы 4-сыныпты, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуы бөлігінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
2013 жылғы 3-тоқсан |
ҚТҮКШІА, Әділетмин і, Қаржымині |
Талап етілмейді |
Заң жобасын ың тұжырым дамасы |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов