Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Конкурстан тыс рәсімдерді 2012 - 2014 жылдарға бағдарламалық - нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 318 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша:
11-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр С. Ахметов