Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1755 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 508 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 225-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесінде:
4-тармақта:
2), 3), 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе заңды тұлға құрмай жұмыс істейтін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін тұпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмесі;
3) салық төлеуші куәлігінің (салыстырып тексеру үшін тұпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмесі;
4) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес мәлімет нысаны.»;
5), 6), 7), 8) тармақшалары алынып тасталсын.
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Құжаттарды уәкілетті органға берген кезде өтінім мен құжаттар тігіліп, басшының қолымен және өтінім беруші ұйымның мөрімен куәландырылуы тиіс (заңды тұлғалар үшін).
Жеке басын куәландыратын құжаттарды, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, салық органында есепке тұру туралы куәлікті ұсыну мемлекеттік ақпараттық жүйелерден оларда қамтылған ақпаратты алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.»;
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1755 қаулысына
1-қосымша
Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері
бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын
бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге,
құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар
жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға
қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесіне
8-қосымша
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат алу үшін талаптарға өтініш берушінің сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
1. Озон қабатын бұзатын заттарды қайта өңдеу және алу жөніндегі жабдықтың техникалық паспорты:
1) жабдықтың атауы ____________________;
2) жабдықтың моделі (маркасы) _________________________;
3) функциялардың қысқаша сипаттамасы _____________________.
2. Өндірістік-техникалық база:
1) өндірістік үй-жайларды, сатып алу/сату, жалға алу шартының нөмірі ______;
2) жасасу күні __________________;
3) кіммен шарт жасасқан (заңды/жеке тұлғаның атауы) ________________;
4) орналасқан жері (мекенжайы)_____________________.
3. Жабдықтарды пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, озон қабатын бұзатын заттарды есепке алуды және тасымалдауды қамтамасыз ететін қызмет:
1) құжаттың атауы ____________;
2) құжаттың берілген күні ___________________.
4. Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі:
1) сақтандыру полисінің нөмірі және берілген күні ____________________;
2) сақтанушының атауы _______________________;
3) сақтандырушының атауы ______________________;
4) сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі __________________.
5. Персоналы:
1) мамандығының және біліктілігінің атауы _________________;
2) диплом/аттестат нөмірі _________________;
3) диплом/аттестат берілген күні ______________:
4) диплом/аттестат берген оқу орнының атауы __________;
5) мамандығы бойынша жұмыс өтілі ____________;
6) сертификат/куәлік нөмірі __________________;
7) сертификат/куәлік берілген күні __________________;
8) сертификат/куәлік берген ұйым атауы _______.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1755 қаулысына
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1755 қаулысына
3-қосымша
Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1755 қаулысына
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1755 қаулысына
5-қосымша
Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1755 қаулысына
6-қосымша
Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы № 1755 қаулысына
7-қосымша
Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы № 1755 қаулысына
8-қосымша
Ескерту. 8-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1755 қаулысына
9-қосымша
Ескерту. 9-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2014 № 607 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).