"2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1742 Қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1 -қосымшада:
      12 «Көлік және коммуникация» деген функционалдық топта:
      215 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі» деген әкімшіде:
      002 «Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту» бағдарламасында:
      мына:
      «





«Павлодар, Семей қалалары арқылы Ресей федерациясының шекарасы (Омбыға карай) - Майқапшағай (Қытай Халық Республикасына шығу) автомобиль жолдары бойынша қайта жаңарту және жобалық-ізденіс жұмыстары

6 394 000

10 500 000

21 000 000

»;

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын
      «





«Павлодар, Семей қалалары арқылы Ресей федерациясының шекарасы (Омбыға карай) - Майқапшағай (Қытай Халық Республикасына шығу) автомобиль жолдары бойынша қайта жаңарту және жобалық-ізденіс жұмыстары

6 454 000

10 500 000

21 000 000

»;

      мына:
      «





«Астана - Теміртау» автомобиль жолы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары

60 000



»

      деген жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов