Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 және "Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыру ережесiн, Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесiн, Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ереженi бекiту туралы" 2003 жылғы 23 маусымдағы № 593 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1730 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25, 235-құжат):
      Аэротүсiрілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларында:
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсат (бұдан әрі – Рұқсат) алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – Өтінім берушілер) уәкілетті органға өтінім береді.»;
      2) «Геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыру ережесiн, Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесiн, Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 маусымдағы № 593 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 27, 256-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесiн, Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ереженi бекiту туралы»;
      1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану ережесiнде:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң өтiнiмдерi бойынша материалдар мен геодезиялық деректерін, оның ішінде «қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар немесе олардың көшірмелерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры бередi.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Геодезиялық пункттерді қорғау туралы ережеде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Геодезиялық пункттердi есепке алу мен олардың сақталуының қамтамасыз етiлуiн бақылауды геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     C. Ахметов