Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1716 Қаулысы

Қолданыстағы

     БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі лицензияланатын қызмет саласындағы, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы лицензиар болып белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған біліктілік талаптары және лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      3. «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 859-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсiн:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесінде:
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасындағы ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны алу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне (лицензиарға) өзінің «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды ұсынады:»;
      3) және 4) тармақшалардың екінші абзацтары алынып тасталсын.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 22, 256-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1391 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 76-құжат).
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1716 қаулысымен   
бекітілген     

Біліктілік талаптары және лотереяларды ұйымдастыру және өткізу
жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін оларға сәйкестігін
растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Бір сәттік лотереялар үшін

1.

лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалдың болуы

өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалдың көшірмесі

лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал мыналар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс:
лотереяның түрі;
лотереяны ұйымдастыру технологиясы;
мөлшері лотерея билеттерінің шығарылымын өткізуден алынған қаражаттың кемінде 50%-ын құрауы тиіс лотереяның жүлде қорын қалыптастыру және бөлу тәртібі;
ұтыс ойындарының саны;
сериясын және нөмірлерін көрсетумен әрбір ұтыс ойынындағы лотерея билеттерінің саны;
лотерея билетінің құны;
жүлде қоры мүлкінің атауы, саны және құны;
ұтыс ойындарына қатысудың, мерзімдерін және нәтижелерін көрсетумен ұтыстарды алудың негізгі қағидалары туралы лотереяға қатысушыларды хабардар ету тәртібі;
ұтыстарды (соның ішінде заттай ұтыстарды ақшалай баламада алу мүмкіндігін көрсетумен) алу тәртібі және мерзімдері;
талап етілмеген ұтыстарды сақтау мерзімдері (ұтыс ойыны өткізілген сәттен бастап кемінде 3 ай);
сатуға шығарылатын, өткізілген және өткізілмеген билеттерді есепке алу, сондай-ақ ұрланған билеттердің ұтыс ойынына
қатысуын болдырмау тәртібі;
сатылмаған билеттерді кәдеге жарату тәртібі;
талап етілмеген ұтыстарды сақтау және ұтыстарды алу мерзімі аяқталғаннан кейін оларды талап ету тәртібі;
лотерея билеттерін есепке алу және сақтау тәртібі.
Бір сәттік лотереяда ұтыс лотерея билеті сатып алынғаннан кейін оны дереу тексеру жолымен айқындалады

2.

ішкі бақылау қағидаларының болуы

өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидаларының көшірмесі


3.

өтініш берушіде мыналардың болуы:



1)

лотерея билеттерін, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығындағы ғимарат (ғимарат бөлігі, үй-жай);

лотерея билеттерін, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін ғимаратқа (ғимарат бөлігіне, үй-жайға) меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;


2)

меншік құқығында тиесілі лотерея жабдығы (лотерея билеттерін көрсетілген жабдық арқылы өткізу кезінде ғана);

лотерея жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі және аталған жабдыққа қойылатын техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкестік сертификатының көшірмесі;

лотерея жабдығы - лотерея билеттері туралы әр түрлі ақпаратты тіркеуге арналған құрылғы немесе құрал, лотереялық ставкаларды қабылдауға, лотереяға қатысу үшін лотереялық чектерді беруге, жүлде қорын ойнатуды жүргізуге арналған, бірақ ұтыстарды төлеуді жүзеге асырмайтын бағдарламалық өнімдер және жабдық

3)

лотерея билеттерін есепке алуды және лотереяға қатысу үшін төлем қабылдауды, сондай-ақ ұтыстарға төлем жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдастырушының лотерея кассасы (аппараттық-бағдарламалық кешен);

кассалардың орналасқан орындарын көрсетумен кассалардың болуын растайтын құжаттың көшірмесі және аталған жабдыққа сәйкестік сертификатының көшірмесі;


4)

лотерея билеттерін сату жөніндегі субъектілермен шарт;

лотерея билеттерін сату агенттерімен жасалған үлгі шарт;


5)

қолдан жасаудан қорғау дәрежесін ашумен, мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат қамтылған лотерея билеттерінің үлгілері

лотерея билетінің үлгісі

лотерея билеті мыналар туралы ақпаратты қамтуы тиіс:
лотерея билетінің құны;
лотереяларды өткізу шарттары;
ұтыстарды алу мерзімдері мен орындары;
лотерея билетінің сериясы мен нөмірі;
жүлделердің атаулары және саны;
лотерея ұйымдастырушының мекенжайы, телефоны, сайты;
қорғау дәрежесінің болуы

4.

лотерея билеттерін, ақшалай қаражатты күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттың болуы

лотерея билеттерін, ақшалай қаражатты күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған шарттың көшірмесі


Тираждық лотереялар үшін

1.

лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалдың болуы

өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалдың көшірмесі;

лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материал мыналар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс:
лотереяның түрі;
лотереяны ұйымдастыру технологиясы;
мөлшері лотерея билеттерінің шығарылымын өткізуден алынған қаражаттың кемінде 50%-ын құрауы тиіс лотереяның жүлде қорын қалыптастыру және бөлу тәртібі;
ұтыс ойындарының саны;
сериясын және нөмірлерін көрсетумен әрбір ұтыс ойынындағы лотерея билеттерінің саны;
лотерея билетінің құны;
жүлде қоры мүлкінің атауы, саны және құны;
ұтыс ойындарына қатысудың, мерзімдерін және нәтижелерін көрсетумен ұтыстарды алудың негізгі қағидалары туралы лотереяға қатысушыларды хабардар ету тәртібі;
ұтыстарды (соның ішінде заттай ұтыстарды ақшалай баламада алу мүмкіндігін көрсетумен) алу тәртібі мен мерзімдері;
ұтыс ойынын өткізу мүмкін болмаған жағдайда лотереяға қатысушыларға лотерея билеттерінің толық құнын қайтару тәртібі;
лотереялардың ұтыс ойынын өткізу орны және күні;
талап етілмеген ұтыстарды сақтау мерзімдері (ұтыс ойыны өткізілген сәттен бастап кемінде 3 ай);
сатуға шығарылатын, өткізілген және өткізілмеген билеттерді есепке алу, сондай-ақ ұрланған билеттердің ұтыс ойынына қатысуын болдырмау тәртібі;
сатылмаған билеттерді кәдеге жарату тәртібі;
талап етілмеген ұтыстарды сақтау және ұтыстарды алу мерзімі аяқталғаннан кейін оларды талап ету тәртібі;
лотерея билеттерін есепке алу және сақтау тәртібі.
Тираждық лотерея теледидардың тiкелей эфирiнде өткiзiледі, өткiзу процестерi билеттердi сатуға шығарудан бастап лотерея жабдығын пайдаланумен жалпы ұтыс ойынын өткiзгенге дейiн және тираж бойынша ұтыстарды бергенге дейiнгi циклдарға бөлiнеді

2.

ішкі бақылау қағидаларының болуы

өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидаларының көшірмесі


3.

өтініш берушіде мыналардың болуы:



1)

лотерея билеттерін, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығында ғимарат (ғимарат бөлігі, үй- жай);

лотерея билеттерін, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін ғимаратқа (ғимарат бөлігіне, үй-жайға) меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;


2)

меншік құқығында тиесілі лотерея жабдығы (лотерея билеттерін көрсетілген жабдық арқылы өткізу кезінде ғана);

лотерея жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі және аталған жабдыққа қойылатын техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкестік сертификатының көшірмесі;

лотерея жабдығы - лотерея билеттері туралы әр түрлі ақпаратты тіркеуге арналған құрылғы немесе құрал, лотереялық ставкаларды қабылдауға, лотереяға қатысу үшін лотереялық чектерді беруге, жүлде қорын ойнатуды жүргізуге арналған, бірақ ұтыстарды төлеуді жүзеге асырмайтын бағдарламалық өнімдер және жабдық

3)

лотерея билеттерін есепке алуды және лотереяға қатысу үшін төлем қабылдауды, сондай-ақ ұтыстарға төлем жүргізуді жүзеге асыратын лотерея ұйымдастырушының кассасы (аппараттық-бағдарламалық кешен);

кассалардың орналасқан орындарын көрсетумен кассалардың болуын растайтын құжаттың көшірмесі және аталған жабдыққа сәйкестік сертификатының көшірмесі;


4)

ұтыс ойынын өткізудің болжамды эфирлік уақытын және күнін көрсетумен теледидарда тікелей трансляциялау туралы шарттың болуы;

ұтыс ойынын өткізудің болжамды эфирлік уақытын және күнін көрсетумен теледидарда тікелей трансляциялау туралы шарттың көшірмесі;


5)

лотерея билеттерін сату жөніндегі субъектілермен шарт;

лотерея билеттерін сату агенттерімен жасалған үлгі шарт;


6)

қолдан жасаудан қорғау дәрежесін ашумен, мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат қамтылған лотерея билеттері үлгілерінің болуы

лотерея билетінің үлгісі

лотерея билеті мыналар туралы ақпаратты қамтуы тиіс:
лотерея билетінің құны;
лотереяларды өткізу шарттары;
тікелей трансляциялау мерзімі және орны;
ұтыстарды алу мерзімдері мен орындары;
лотерея билетінің сериясы мен нөмірі;
жүлделердің атаулары және саны;
лотерея ұйымдастырушының мекенжайы, телефоны, сайты;
қорғау дәрежесінің болуы

4.

лотерея билеттерін, ақшалай қаражатты күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттың болуы

лотерея билеттерін, ақшалай қаражатты күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған шарттың көшірмесі


SМS-лотереялар үшін

1.

лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалдың болуы

өтініш беруші бекіткен лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалдың көшірмесі

лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалдар мыналар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс:
лотереяның түрі;
лотереяны ұйымдастыру технологиясы;
мөлшері лотерея билеттерінің шығарылымын өткізуден алынған қаражаттың кемінде 50%-ын құрауы тиіс лотереяның жүлде қорын қалыптастыру және бөлу тәртібі;
ұтыс ойындарының саны;
SМS-лотереяның, SМS-хабарламалардың құны;
жүлде қоры мүлкінің атауы, саны және құны;
ұтыс ойындарына қатысудың, мерзімдері мен нәтижелерін көрсетумен ұтыстарды алудың негізгі қағидалары туралы лотереяға қатысушыларды хабардар ету тәртібі;
ұтыстарды (соның ішінде заттай ұтыстарды ақшалай баламада алу мүмкіндігін көрсетумен) алу тәртібі мен мерзімдері;
ұтыс ойынын өткізу мүмкін болмаған жағдайда лотереяға қатысушыларға SMS- лотереяның толық құнын қайтару тәртібі;
лотереялардың ұтыс ойынын өткізу орны мен күні;
талап етілмеген ұтыстарды сақтау мерзімдері (ұтыс ойыны өткізілген сәттен бастап кемінде 3 ай);
SMS-хабарламаларды есепке алу тәртібі.
SМS-лотерея - лотереяға қатысушы ұтыс ойынында тiркелу және қатысу үшiн лотерея ұйымдастырушыға ұялы байланыс операторлары арқылы сандардан және (немесе) әрiптерден, сандар және (немесе) әрiптер комбинацияларынан (SМS) тұратын қысқа хабарлама жiберу жолымен лотереяға қатысу үшiн ставкалардың әралуан түрiн жүзеге асыратын лотерея. Қатысу керi SМS-хабарламаны (лотерея билетi) жiберумен расталады

2.

ішкі бақылау қағидаларының болуы

өтініш беруші бекіткен ішкі бақылау қағидасының көшірмесі


3.

өтініш берушіде мыналардың болуы:



1)

жабдықтарды, электрондық құжаттарды, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығында ғимарат (ғимарат бөлігі, үй- жай);

жабдықтарды, электрондық құжаттарды, лотереяның ақшалай қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін ғимаратқа (ғимарат бөлігіне, үй-жайға) меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;


2)

лотерея билеттерін есепке алуды және лотереяға қатысу үшін төлем қабылдауды, сондай-ақ ұтыстарға төлем жүргізуді жүзеге асыратын лотерея ұйымдастырушының кассасы (аппараттық-бағдарламалық кешен);

кассалардың орналасқан орындарын көрсетумен кассалардың болуын растайтын құжаттың көшірмесі және аталған жабдыққа сәйкестік сертификатының көшірмесі;


3)

ұтыс ойынын өткізудің болжамды эфирлік уақытын және күнін көрсетумен теледидарда тікелей трансляциялау туралы шарт;

ұтыс ойынын өткізудің болжамды эфирлік уақытын және күнін көрсетумен теледидарда тікелей трансляциялау туралы шарттың көшірмесі;


4)

лотереяға қатысушыларға мәліметтерді қатитын кері SМS-хабарламаны жіберу жөніндегі міндеттемені
көздейтін SМS-лотереяларды өткізуге ұялы байланыс операторларымен жасалған шарт

ұялы байланыс операторларымен жасалған шарттың көшірмесі

шартта мыналар туралы ақпарат қамтылуы тиіс:
хабарламаны тіркеу нөмірі;
тікелей трансляциялаудың мерзімдері мен орындары;
лотерея ұйымдастырушының мекенжайы, телефоны, сайты;
тегін саll-орталығы телефонының нөмірі

4.

ақшалай қаражатты, соның ішінде электрондық құжаттарды (SМS-хабарламаларды) күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттың болуы

ақшалай қаражатты, соның ішінде электрондық құжаттарды (SМS-хабарламаларды) күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған шарттың көшірмесі