Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2021 № 590 қаулысымен.
"Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1672 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі
нұсқаулық
1. Мемлекеттік орган туралы ережені (бұдан әрі – ереже) мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мемлекеттік орган туралы үлгілік ереженің талаптарына және осы Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – нұсқаулық) сәйкес дербес әзірлейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.03.2018 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның, орталық атқарушы органның, мәслихат аппаратының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесіне басшылық ететін мемлекеттік органның, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттар қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-консультативтік және басқа да қосалқы жұмысын атқаратын мемлекеттік органның, атқарушы мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруді жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органның ережесін әзірлеу кезінде қолданылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.03.2018 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу, сондай-ақ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:
1) мемлекеттік органды құру;
2) мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру;
3) мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктер мен құзыреттілікті қайта бөлу;
4) мемлекеттік органның құзыретін кеңейту (тарылту) туралы Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің (Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттiк органдар үшін) тиісті тапсырмалары негіздер болып табылады.
4. Нұсқаулықтың 3-тармағында көзделген негіздер бар болған жағдайда мемлекеттік орган бір ай ішінде мемлекеттік орган туралы ереженің тиісті жобасын немесе мемлекеттік орган туралы ережеге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді әзірлейді.
5. Ережеде мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеде көзделмеген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нормалар көрсетілуі мүмкін.
6. Ережені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті орган бекітеді.
7. Ереженің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-тармақтарында мемлекеттік органның толық атауы жазылады.
8. Мемлекеттік органның ведомстволары болған жағдайда, ереженің 2-тармағында олардың толық атауы жазылады.
9. Ереженің 14-тармағында мемлекеттік органның миссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
10. Ереженің 19-тармағында мемлекеттік органның бірінші басшысын қызметке тағайындайтын және босататын лауазымды адам көрсетіледі.
11. Ереженің 23-тармағы мемлекеттік органның аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдар үшін көзделген.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
12. Ереженің 24, 25 және 26-тармақтарын заңнамада көзделген жағдайларда, оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығы жоқ мемлекеттік органдар толтырмайды.