"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1650 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 15, 251-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарында:
      реттiк нөмiрi 29-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 32-1-1-жолмен толықтырылсын:
      «

32-1-1.

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы (жаңа редакция)

ІІМ

Шілде

Қыркүйек

Желтоқсан

Қ.Н. Қасымов

».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов