"Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 қаулысына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1647 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 60 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.02.2015 № 60 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      мына:
      «

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының Хатшылығы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы)

4.

Сыткин Виктор Андреевич - басқарма бастығы

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі

»

      деген жолдар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

8.

Қыдырбеков Әділ Сағымбекұлы – кеңесші

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі

»;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (Киев қаласы, Украина)

22.

Жарбосынова Мәдина Бинешқызы – Украинадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жобаларын үйлестіруші

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесінің хатшылығы (Стамбул қаласы, Түркия Республикасы)

23.

Сапарбекұлы Абзал – директор

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі

24.

Мәжитов Асан Уәлиұлы – жоба менеджері

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы

».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов