Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестiру кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1633 Қаулысы

Қолданыстағы

      Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестiру кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1633 қаулысына      
қосымша          

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы

Ахметов               - Қазақстан Республикасының
Серік Нығметұлы         Премьер-Министрі, төраға

Келімбетов            - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қайрат Нематұлы         орынбасары, төрағаның орынбасары

Құсайынов             - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Марат Әпсеметұлы        және сауда вице-министрі, хатшы

Исекешев              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы         орынбасары – Индустрия және жаңа
                        технологиялар министрі

Көшербаев             - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қырымбек Елеуұлы        орынбасары

Жәмішев               - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Досаев                - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Ерболат Асқарбекұлы     және сауда министрі

Имашев                - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Берік Мәжитұлы

Жұмағалиев            - Қазақстан Республикасының Көлік және
Асқар Қуанышұлы         коммуникация министрі

Қайырбекова           - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зекенқызы       министрі

Жұмағұлов             - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы      министрі

Мамытбеков            - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Асылжан Сарыбайұлы      министрі

Оспанов               - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
Мұрат Мағауияұлы        реттеу агенттігінің төрағасы

Нокин                 - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Серік Кеңесұлы          үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің
                        төрағасы

Әбиесов               - «Қазақстандық мемлекеттік жеке-меншік
Жомарт Амангелдіұлы     әріптестік орталығы» акционерлік қоғамының
                        басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Мырзахметов           - «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық
Абылай Исабекұлы        палатасының басқарма төрағасы (келісім
                        бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметі       
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1633 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестіру кеңесінің ережесі

1.Жалпы ережелер

       1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiк саласындағы қызметті үйлестiру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге нормативтiк құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

2 Кеңестiң негiзгi міндеттері және құқықтары

      3. Кеңестiң негiзгi міндеттері мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiкті дамытуда жөніндегі қысқа мерзiмдi, орта мерзімді және ұзақ мерзiмдi міндеттер бойынша ұсыныстар қалыптастыру;
      2) мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiк жобаларын жоспарлау, дайындау, іске асыру, мониторингілеу мен бағалау және мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiкті, оның ішінде халықаралық құқық және практика нормаларына сәйкес дамыту саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
      3) мемлекеттің мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiкке қатысу нысандары және шарттары туралы ұсыныстар әзірлеу;
      4) мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiкті дамытуға қатысты проблемалы мәселелерді талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды шешу, оның ішінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiк бойынша даму мен қызметтегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық және ұйымдастырушылық кедергілерді жою;
      5) Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiкті дамытуға бағытталған өзге сұрақтар бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
      4. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін өз құзыреті шегінде:
      1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеуге;
      2) Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әрііптестікті қолдау мен дамыту саласында Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
      3) Кеңес құзыретіне жататын мәселелерді өз отырысында қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға;
      4) тиісті ұсыныстар енгізуге және заңдар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкімдері мен қаулыларының жобаларын әзірлеуге қатысуға;
      5) мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерін кеңес құзыретіне жататын мәселелер бойынша Кеңес отырыстарына шақыруға;
      6) мемлекеттік-жеке меншік әрiптестiк жобаларын іріктеудегі проблемалы мәселелерді талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшыларды және ғалымдарды қажеттілігіне қарай тартуға;
      7) Кеңестің міндеттерін іске асыруға қажетті материалдарды мемлекеттік және басқа ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға құқылы.

3 Кеңес қызметін ұйымдастыру

      5. Кеңес құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
      6. Кеңеске төраға – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басшылық етеді.
      7. Кеңес төрағасы Кеңес қызметіне жалпы басшылық жасайды, Кеңес мүшелері мен келісім бойынша мәжілістің күн тәртібін, сондай-ақ өткізілетін орны мен уақытын, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді, шешiмдердiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
      8. Кеңестің жұмыс органы Кеңес қызметінің ұйымдастырушылық-ақпараттық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі болып табылады.
      9. Кеңес хатшысы Кеңес отырысына қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және Кеңес отырысының хаттамасын ресімдейді.  Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
      10. Егер өзге мерзімдерді Кеңес төрағасы айқындамаған болса, Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде айына екі рет өткізіледі. Отырыстардың күн тәртібін және оларды өткізу тәртібін Кеңес төрағасы айқындайды. Кеңес отырысына оның мүшелері жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысса заңды деп саналады.
      11. Кеңес отырысы күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      12. Кеңес шешімдері отырысқа қатысқан оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және Кеңес төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
      13. Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуға және хаттамаға қоса берілуге тиіс.
      14. Кеңес мүшелері отырыста қарастырылатын мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтар иеленеді.
      15. Кеңес жұмысына қажет болған кезде оның құрамына кірмейтін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысуы мүмкін.
      16. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.