"Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1592 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 562-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы 62 және 63-тармақтармен толықтырылсын:
      «62. Павлодар – Қарағанды.
      63. Орал – Астана.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының                  С. Ахметов
      Премьер-Министрі