Құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі арттыру, құқықтық түсіндіру жұмыстарының нысандары мен әдістерін жетілдіру, азаматтарға еңбек заңнамасының негіздерін оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2013 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жылына екі рет, жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жылына екі рет, жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4) Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
5) Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1581 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі
2013 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Болжамды шығыстар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету |
|||||
1. |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды үйлестіруді жүзеге асыру, талдау және мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы |
Еңбекмині, Әділетмині, БҒМ, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша) |
2013 жылға 25 қаңтар |
Талап етілмейді |
2. |
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қызметкерлерді еңбек заңнамасының негіздеріне оқытуды регламенттеу тұрғысынан толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
Еңбекмині, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша) |
2013 жылғы 25 қаңтар |
Талап етілмейді |
3. |
Қызметкерлерді еңбек заңнамасының негіздеріне оқытуды ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы |
Еңбекмині, БҒМ, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша) |
2013 жылғы ақпан |
Талап етілмейді |
2. Ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету |
|||||
4. |
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері бойынша буклеттер әзірлеу және көбейту |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша) |
2013 жылғы 25 шілде |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 001 «Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы - 14 720 мың теңге |
5. |
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері бойынша оқу-әдістемелік, анықтамалық әдебиеттерді әзірлеу және шығару |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині, МАМ, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша |
2013 - 2014 жылдар, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 001 «Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде: 2013 жылы - 14 395 мың теңге; 2014 жылы - 16 554 мың теңге |
6. |
Еңбек заңнамасының негіздері бойынша оқу және жарнамалық бейнероликтер әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині, БҒМ, МАМ |
2013 жылғы 25 шілде |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде: 2013 жылы - 28 290 мың теңге |
3. Ұйымдық - әдістемелік қамтамасыз ету |
|||||
7. |
Еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер бойынша халықаралық, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині, БҒМ, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша) |
2013 жылғы 25 шілде |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде: 2013 жылы - 4160 мың теңге |
8. |
Әлеуметтік әріптестердің қатысуымен еңбек жанжалдарын реттеу мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша) |
Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай |
Талап етілмейді |
9. |
Еңбек заңнамасының өзекті мәселелері бойынша интернет-конференциялар өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша) |
Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай |
Талап етілмейді |
10. |
Ұйымдардың еңбек ұжымдары үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру бойынша семинарлар мен консенсусқа қол жеткізу үшін келіссөздер жүргізу дағдылары жөніндегі тренингтер өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша) |
Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде: 2013 жылы - 45000 теңге; 2014 жылы - 45000 теңге; 2015 жылы - 45000 теңге |
11. |
Еңбек заңнамасының негіздері бойынша оқу және жарнамалық бейнероликтерді тираждау және республикалық телеарналарда көрсету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині, МАМ |
2013 - 2014 жылдар, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде: 2013 жылы - 7 171 мың теңге; 2014 жылы - 6 171 мың теңге |
12. |
Еңбек заңнамасының негіздері тақырыбы бойынша қолданыстағы ақпараттық - талдау бағдарламалары аясында сюжеттердің шығуын ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ, Еңбекмині |
Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 021 «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде |
13. |
Мемлекеттік органдар басшыларының, кәсіптік одақтар, жұмыс берушілер бірлестіктері өкілдерінің, жалдамалы қызметкерлердің еңбек заңнамасының неғұрлым өзекті мәселелері бойынша БАҚ-та сөз сөйлеулерінің медиа-жоспарын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині, МАМ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша) |
Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай |
Талап етілмейді |
14. |
«www.enbek.gov.kz» веб-сайтының базасында жаңалықтардың көшірмелерін әлеуметтік желілерде (Ғасеbоок, Тwitter) жариялау жүйесін қосумен еңбек заңнамасы саласындағы жалпы оқыту және білімді арттыруға бағытталған арнайы айдар ашу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині |
2013 жылғы 25 каңтар |
Талап етілмейді |
15 |
Еңбекминінің интернет ресурсында еңбек заңнамасы мәселелері бойынша контентті өзектілендіру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині |
Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай |
Талап етілмейді |
16. |
Жұмыс беруші - қызметкер арасындағы қарым-қатынастар мәселелерін жариялау кезінде олардың сауаттылығын арттыру және еңбек дауларын дұрыс жариялау үшін журналистер үшін арнайы семинарларды өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай |
Талап етілмейді |
17. |
Жұмыс берушілердің еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде іс-шараларды өткізу |
Еңбекминіне ақпарат |
Жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері |
Жыл сайын, 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай |
Талап етілмейді |
18. |
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссиялар отырыстарында қызметкерлердің және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасының негіздері жөніндегі сауаттылығын арттыру мәселелерін жүйелі түрде қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктері (келісім бойынша) |
Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай |
Талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
БҒМ -Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі