"Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1566 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 175-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 50-1 және 61-1-тармақтармен толықтырылсын:
      «50-1. Үкiметтік сыртқы қарыз қаражатынан және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанған БИЖ-дің құнына техникалық көмекке, тауарларға, оқытуға, жоба құрылысын басқару, сүйемелдеу, институционалдық дамыту, қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтерге арналған шығыстар қосылады.»;
      «61-1. Үкiметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанған БИЖ ТЭН-нің экономикалық сараптамасының қорытындысы техникалық көмекке, тауарларға, оқытуға, жоба құрылысын басқару, сүйемелдеу, институционалдық дамыту, қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтерге арналған шығыстарды бағалауды қамтиды.»;
      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «97. Республикалық бюджеттің нысаналы даму трансферттері мен кредиттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті БИЖ-ді іске асыру жөніндегі ақпаратты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары есепті кезеңнен кейінгі 10 тамыздан және 10 ақпаннан кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.»;
      101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «101. Осы ереженің 100-тармағында көрсетілген ақпаратты жергілікті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері БИЖ-дің электронды порталына тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі 20 тамыздан 20 ақпаннан кешіктірмей ұсынады.»;
      103-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген ережеге 8-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1566 қаулысына   
қосымша     

Бюджеттік инвестициялық 
жобаларды қарау, іріктеу,
іске асыруды мониторингілеу
және бағалау ережесіне   
8-қосымша        

Республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалар мен республикалық
бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске
асырылатын жобаларды іске асыруды монитрингілеу жөніндегі есеп

РББӘ
______________________
Есепті кезең: 20 __ жылғы

Р/с

ШФТ

ББӘ/ЖАО

КБ

ББ

БИЖ-дің атауы

Жобаны іске асыру кезеңі (жыл/жарты-жылдық)

Құжаттамаға сәйкес БИЖ-дің бастапқы құны

ТЭН/ЖСҚ сәйкес БИЖ-дің түзетілген құны

БИЖ-ді қаржыландырудың барлық жоспарланған көлемі

оның ішінде

РБ

ЖБ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11
























































ББӘ/ЖАО бойынша барлығы











Сала бойынша барлығы











      Кестенің жалғасы

ТЭН/ЖСҚ сәйкес орындалған жұмыстардың заттай мәндегі мөлшерi

Есептi кезеңге дейінгi факті

Есептi кезеңдегi жоспар

Есептi кезеңдегi факт

Есепті кезеңдегі орындалмаған іс-шаралар

12

13

14

15

























      Кестенің жалғасы

Орындалған жұмыстардың көлемi, мың теңге

Іске асыру мерзімінен бастап БИЖ қаржыландыру, барлығы

Есепті кезенде

Факт

Жоспар

Жалпы жоспар РБ+ ЖБ

Факт

Жалпы факт РБ+ЖБ

Ауытқуы

Жалпы ауытқу РБ+ЖБ

РБ

ЖБ

РБ

ЖБ


РБ

ЖБ


РБ мың. теңге

%

ЖБ мың. теңге

%

мың. теңге

%

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29











































      Кестенің жалғасы

Ауытқу себептерi

Қабылданған (қабылданатын) шаралар

Жобалардың саны

Ескертпе (құжаттардың бар болу), қымбаттаудың себептері

Барлық іске асырылатыны

Аяқталуға жоспарланғаны

Іс жүзінде аяқталғаны

Аяқталмаудың себептерi

30

31

32

33

34

35

36







1.** ТЭН:
2. *** ЖСҚ:
3. **** Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің бұйрығы:
4. ***** САРАПТАМАЛАР
1) Салалық органның сараптамасы;
2) ТЭН-нің мемлекеттік сараптамасы;
3) Экономикалық сараптама;
4) Экологиялық сараптама;
5) Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама.































М.О. ____
Мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының Т.А.Ә. қолы
      Ескертпе:
* БИЖ-дің іске асырылуынан бастап толық қаржыландырылуы, оның ішінде жылдар бойынша;
** ТЭН қажет жағдайда, ТЭН-нің № мен мерзімін көрсету қажет. Егер ТЭН қажет болмаған жағдайда «түрін» көрсету қажет. Егер ТЭН қажет болып, жоқ болған жағдайда «жоқ» деп көрсету қажет;
*** ЖСҚ-ның № мен мерзімін көрсету қажет. Егер ЖСҚ жоқ болса, «жоқ» деп көрсету қажет;
****Егер қажет болған жағдайда ҚІТКША-нің бұйрық мерзімі мен № көрсету қажет. Егер жоба ҚІТКША бұйрығын талап етпесе, «талап етілмейді» деп көрсетуі қажет. Егер ҚІТКША бұйрығы жоқ болса, «жоқ» деп көрсету қажет;
*****сараптаманың № мен мерзімін көрсетуі қажет. Егер сараптама жоқ болған жағдайда, «жоқ» деп көрсету қажет.