Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
1) «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 564-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Бір облыс ішіндегі қалааралық және ауданаралық қатынастар бойынша жергілікті бюджеттен субсидияларды төлеу төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.»;
19-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) осы тармақтың 1), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда қамтылған көрсеткіштер есебін түсіндіретін есепке түсіндірме жазба.»;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов