«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;
2) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1352 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1554 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегі
қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен
оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Р/с № |
Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: |
Құжаттар |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегі қызмет түріне арналған жалпы талаптар мен құжаттар |
|||
1 |
лицензия алуға үміткер жеке тұлғада немесе пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар заңды тұлғаның қызметкерінде мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы айғақтардың (психикалық аурулар, алкоголизм немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық анықтамалар |
Мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы айғақтардың (психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық анықтамалар |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алу |
2 |
лицензия алуға үміткер жеке тұлғада немесе пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар заңды тұлғаның қызметкерінде соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы |
Соттылығының жоқтығы туралы анықтама |
ҚР БП ҚСжАЕК АЖ-дан алу |
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін |
|||
3 |
лицензия алуға үміткер жеке тұлғаның, пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар заңды тұлғаның басшысы мен оның орынбасарының көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы куәліктері, сондай-ақ тиісті қауіпсіздік ережелерін білуі |
Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі. |
Осы біліктілік талаптардың қосымшасына сәйкес дипломның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны. Осы біліктілік талаптардың қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің бар болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
4 |
көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы куәліктері бар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткен білікті мамандар |
Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі. |
Осы біліктілік талаптардың қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің бар болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
5 |
өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін және есепке алынатын өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және бар-жоғын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы қоймалар |
Құжаттамалар мен үй-жайлардың болуын көрсететін құжаттар. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісі |
Құжаттың электрондық көшірмесі |
6 |
өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану және кәдеге жарату кезінде бұйымының қауіпсіздігі мен тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат беруді толыққанды қамтамасыз ететін конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасының жиынтығы (сызба, техникалық шарттар, технологиялық үдеріс, пайдалану, (қолдану және басқалар) жөніндегі нұсқаулық (ұсынымдар) |
Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы |
Құжаттың электрондық көшірмесі |
7 |
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған аккредиттелген зертханалық база |
Техникалық құжаттама, аккредиттеу аттестатының көшірмесі |
Құжаттың электрондық көшірмесі |
8 |
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталуы және есепке алу жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі |
Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісі |
Құжаттың электрондық көшірмесі |
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін |
|||
9 |
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуіне білікті тексеруден өткен лицензия алуға үміткер жеке тұлғаның, пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар заңды тұлғаның басшысы мен оның орынбасарында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды бітіргендігі туралы куәлігі |
Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі. |
Осы біліктілік талаптардың қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
10 |
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткен білікті мамандар |
Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәлік. |
Осы біліктілік талаптардың қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
11 |
Өндіру, сақтау, тасымалдау, сату, қолдану және кәдеге жарату кезінде өнімнің қауіпсіздігі мен тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат беруді толыққанды қамтамасыз ететін конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасының жиынтығы (сызбалар, техникалық шарттар, технологиялық үдеріс, пайдалану, (қолдану және басқалар) жөніндегі нұсқаулықтар (ұсынымдар) |
Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды өндіру, сақтау, сату, пайдалану және кәдеге жарату мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы. |
Құжаттың электрондық көшірмесі |
12 |
Пиротехникалық бұйымдарды өндіруге, сақтауға және кәдеге жаратуға арналған және мыналарды: |
Тиісті жабдықтар мен аппаратуралардың, құжаттамалар мен үй-жайлардың болуын көрсететін құжаттар. Мемлекеттік өртке қарсы қызметі өкілі қол қойған объектіні пайдалануға қабылдау актісі |
Құжаттың электрондық көшірмесі |
13 |
жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік- техникалық құжаттар |
Жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар |
Құжаттың электрондық көшірмесі |
14 |
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталуы және есепке алу бойынша ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі |
Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісі |
Құжаттың электрондық көшірмесі |
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін |
|||
15 |
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткен лицензия алуға үміткер жеке тұлғаның немесе пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар заңды тұлғаның басшысы мен оның қызметкерінің көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы куәлігі |
Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі |
Осы біліктілік талаптардың қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
16 |
өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін және есепке алынған өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және болуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық бұйымдарды сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жай мен оларды сақтауға арналған қоймалар |
Құжаттамалардың және үй-жайлардың бар-жоғын көрсететін құжаттардың көшірмесі. |
Құжаттың электрондық көшірмесі |
17 |
пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған автокөлік |
Пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөліктің болуын көрсететін құжаттардың көшірмесі |
Құжаттың электрондық көшірмесі |
18 |
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалануға мүмкіндік беретін техникалық мақсаттағы арнайы құрал-жабдықтардың болуы |
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалануға мүмкіндік беретін техникалық мақсаттағы арнайы құрал-жабдықтың болуын көрсететін, оның техникалық сипаттамаларын және пайдалану қауіпсіздігін айқындайтын құжаттарының көшірмелері. |
Құжаттың электрондық көшірмесі |
19 |
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталуы және есепке алу жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі |
Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісі |
Құжаттың электрондық көшірмесі |
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату жөніндегі қызметінің кіші түрі үшін |
|||
20 |
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткен лицензия алуға үміткер жеке тұлғаның, заңды тұлғаның пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар басшысы мен оның қызметкерінің көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы куәлігі |
Көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды бітіргендігі туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәлігі. |
Осы біліктілік талаптардың қосымшасына сәйкес көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығын беретін курстарды аяқтағаны туралы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткенін растайтын куәліктің болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны |
21 |
өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін және есепке алынған өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және болуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық өнімді сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жай мен оларды сақтауға арналған қоймалар |
Құжаттардың және үй-жайлардың болуын көрсететін құжаттар. |
Құжаттың электрондық көшірмесі |
22 |
пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған автокөлік |
Пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөліктің болуын көрсететін құжаттар |
Құжаттың электрондық көшірмесі |
23 |
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі бойынша ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі |
Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісі |
Құжаттың электрондық көшірмесі |
Азаматтық пиротехникалық заттар
мен олар қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату,
пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге
асыру үшін қойылатын біліктілік
талаптары мен олардың сәйкестігін
растайтын құжаттардың тізбесіне
қосымша
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған
бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегі
қызметке арналған лицензияға мәліметтер нысаны
Жалпы ақпарат
1. Өтініш беруші ____________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлға)
2. ЖСН/БСН_______________________ 3. СТН ____________________________
4. ЗТ/ЖТ/ДК атауы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызмет түрі үшін жалпы талаптар мен құжаттар
5. Лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісінің нөмірі ______________________________________________________________
Тексерістің аяқталған күні ____________________________________
Тексеріс қорытындысы бойынша қабылданған шешім
_____________________________________________________________________
6. Лицензиялық алымды төлеу сомасы __________________________________
Төленген күні _________________________________________________
Төлеу банкі (банктің филиалы) _________________________________
Есепке алу журналы (кіріс, шығыс)
7. Журналды бастаған күні ___________________________________________
(лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)
Журналдың түгендеу нөмірі _____________________________________
Қоса ұсынылатын құжаттар
8. Ұсынылған құжаттар (тиісті жолда БАР/ЖОҚ деп көрсету)
1) төленгені туралы түбіртек ________________________________________
2) дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы қоймалар құжаттарының көшірмесі _____________________
3) мемлекеттік өртке қарсы қызметі өкілі қол қойған объектіні пайдалануға қабылдау актісінің және өрт жүйесі мен қондырғысын қабылдау актісінің көшірмесі ________________________________________
4) әзірлеу (жасау) саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығының көшірмесі _______________________________________________
5) тиісті жабдықтар мен аппаратуралардың, құжаттар мен үй-жайлардың барын көрсететін құжаттардың көшірмесі ______________________________
6) техникалық құжаттама _____________________________________________
7) пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған автокөліктің барына құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі ___________________________________
8) лицензиялау рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісі ______
9) аккредитация аттестатының көшірмесі ______________________________
ЗТ және ЖТ қызметкерлерінің мәліметтері *
9. Маманның Т.А.Ә. __________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Наркологиялық диспансерден медициналық анықтама № _______________
Анықтама берілген күн _________________________________________
11. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды бітіргендігін және Қауіпсіздік ережелерін білуге білікті тексеруден өткені туралы куәлігінің №
_____________________________________________________________________
Куәлік берілген күн ___________________________________________
Оқу орнының атауы _____________________________________________
Біліктілігі (мамандығы) _______________________________________
Өтінімді алған лауазымды тұлғаның жауапкершілігі
Өтінім берген күні ____________________________________________
__________________________________________________ ____________
(лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.) (қолы)
Ескертпе: * ЗТ (ЖТ) жұмыскерлеріне мәліметтер қызметкердің әр қайсына толтырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1554 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған
бұйымдарды сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін
қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесі
Р/с № |
Біліктілік талаптары мыналардың бар болуын қамтиды: |
Құжаттар |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
лицензия алуға үміткер жеке тұлғада немесе пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар заңды тұлғаның қызметкерінде мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы айғақтардың (психикалық аурулар, алкоголизм немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық анықтамалары |
Мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы көрсетпелердің (психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық анықтамалар |
|
2 |
лицензия алуға үміткер жеке тұлғада немесе заңды тұлғаның пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар қызметкердің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы |
Соттылығының жоқтығы туралы анықтама |
|
3 |
пиротехникалық бұйымдарды әзірлеу және (немесе) өндіру және (немесе) сату және (немесе) пайдалану құқығына лицензия |
Қызметтің түріне (кіші түріне) лицензияның көшірмесі |
|
4 |
өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін және есепке алынған өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және бар болуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық өнімдерді сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жай мен оларды сақтауға арналған қоймалар |
Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісі |
|
5 |
пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға және олардың сақталуына жауапты тұлғаны бекіту |
Пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға және оның сақталуына жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі |
|
6 |
өзіндік ерекшеліктерін қоса бере отырып, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды жеткізуге өндіруші кәсіпорынмен шарт (келісімшарт) |
Өзіндік ерекшеліктерін қоса бере отырып, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды жеткізуге өндіруші кәсіпорынмен шарт (келісімшарт). |
Ескертпе: Пиротехникалық бұйымдарды өндіруге, әзірлеуге, сатуға лицензиясы бар заңды тұлға немесе дара кәсіпкер пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға арналған лицензия бойынша сатып алады, ал қауіптілігі 1-ден 3-ке дейінгі класты пиротехникалық бұйымдарды сатуға лицензияны талап етпей халыққа еркін сатады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1554 қаулысына
1-қосымша
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарына сәйкестігі бөлігінде азаматтық пиротехникалық
заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеуге,
өндіруге, сатуға және пайдалануға байланысты қызметті жүзеге
асыруға лицензияларды беруге келісетін мемлекеттік органдар
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1352 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1554 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметке және азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 692 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 28, 326-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 751 қаулысымен бектілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 599-құжат).
3. «Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі және азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелерін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 692 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1534 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 158-құжат).