"Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1551 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 541 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 541 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1386 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      мына:
      Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің құрамына:

Досаев                  - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Ерболат Асқарбекұлы       және сауда министрі енгізілсін;

      «Агроөнеркәсiп кешенi» деген бөлімде:
Айтжанов                - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Дулат Нулиұлы             акционерлiк қоғамының басқарма төрағасы
                         (келiсiм бойынша) енгізілсін;

      «Химия және фармацевтика» деген бөлімде:
Момынәлиев              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Қуат Темірғалиұлы         министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық
                          биотехнология орталығы» республикалық
                          мемлекеттiк кәсiпорнының бас директоры
                          енгізілсін;

      мына:
«Ахметов               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Серiк Нығметұлы          бiрiншi орынбасары, төрағаның орынбасары
Исекешев               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы          жаңа технологиялар министрі
Құлсейiтов             - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлiк
Айдын Жеңiсұлы           қоғамының басқарма төрағасы (келiсiм
                         бойынша)
Сәрiнжiпов             - «Назарбаев Университетi» акционерлiк
Аслан Бәкенұлы           қоғамының президентi (келiсiм бойынша)»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Ахметов               - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Серiк Нығметұлы          төраға
Исекешев               - Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің
Әсет Өрентайұлы          орынбасары – Қазақстан Республикасының
                         Индустрия және жаңа технологиялар министрі,
                         төрағаның орынбасары
Құлсейiтов             - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық
Айдын Жеңiсұлы           агенттік» акционерлiк қоғамының басқарма
                         төрағасы (келiсiм бойынша)
Сәрiнжiпов             - «Назарбаев Университетi» дербес білім беру
Аслан Бәкенұлы           ұйымының атқарушы кеңесінің төрағасы
                         (келiсiм бойынша)»;
      көрсетілген құрамнан Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов, Бақытжан Әбдiрұлы Сағынтаев, Ерлан Мiрхайдарұлы Раманқұлов, Берiк Тұрсынбекұлы  Бейсенғалиев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов