Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2016 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1302 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 18-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидаларында:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Жарылғыш материалдарды тасымалдау «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы» 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316, «Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 21 маусымдағы № 682, «Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі № 839 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
28, 29-тармақтар алынып тасталсын;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Жарылғыш материалдарды қала, аудан шегінде, бір және сол кәсіпорынға тиесілі қоймадан басқа қоймаларға тасымалдау наряд-жүкқұжаты бойынша, ал жару жұмыстарын жүргізу орындарына (жарылғыш материалдарды пайдалану немесе сынау) наряд-жүкқұжат немесе наряд-жолдама бойынша жүргізіледі.»;
32-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) жарылғыш материалдарды автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда, қауіпті жүкті тасымалдаудың жол полициясы органдарымен келісілген бағыты ұсынылады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов