"Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1066 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1501 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1154 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.10.30 № 1154 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1066 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық жобаларды  инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларында:
      7-тармақтың 1)2)4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмесі;
      2) заңды тұлға жарғысының басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмесі;»;
      «4) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тіркелген активтерді, шикізатты және (немесе) материалдарды сатып алуға арналған шығындарды негіздейтін, тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін құжаттардың басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері;
      5) инвестициялық стратегиялық жобаны қаржыландырудың көздері мен кепілдіктерін белгілейтін құжаттардың басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері. Инвестициялық стратегиялық жобаны өз қаражаты есебінен қаржыландырған жағдайда олардың бар екендігі туралы жазбаша растама қоса беріледі;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                         С. Ахметов