Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 291-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы төрағасы және басқарма мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі айқындайды.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережеде:
7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы төрағасы және басқарма мүшелерінің айлық лауазымдық жалақыларының шекті мөлшерін және еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі айқындайды.».
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1638 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 43, 418-құжат), 2-тармақты қоспағанда;
2) «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1638 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1315 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов