"Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 630 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1451 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 630 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мен келісу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Көшербаев                  - Қазақстан Республикасы
Қырымбек Елеуұлы             Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

Әбдішев                    - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Бауыржан Түйтеұлы            ортаны қорғау вице-министрі

Ақпомбаев                  - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Иманжүсіп Латкенұлы          министрі орынбасарының міндетін атқарушы

Ахметов                    - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Әбжәліұлы              халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Омаров                     - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Мұрат Ескелдіұлы             шынықтыру істері агенттігі төрағасының
                             орынбасары

Чиканаев                   - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Қазбек Шаймерденұлы          басқару агенттігі төрағасының
                             орынбасары;
      көрсетілген құрамнан: Серік Нығметұлы Ахметов, Марлен Нұрахметұлы Ысқақов, Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов, Әміржан Нұрышұлы Түсіпбеков, Нығмеджан Қойшыбайұлы Мақажанов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов